Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Жастар және әлемдік бәсеке

1-сабақ. ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Мәтінді оқып көріңіз.

Бәсеке – тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Ол – тауар өндірушілер мен оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс. Бәсеке өнімнің мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарылатуға, тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Бәсекенің негізгі мақсаты - өз өнімдерін молайту арқылы қор жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым тұру. Осы мақсатқа жетуде әділетті, әділетсіз бәсекелер болуы мүмкін. Мысалы, шикізат пен көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, бүлдіру, зиянкестік жасау сияқты келеңсіз оқиғалар да болуы мүмкін. Бәсекенің бұл түрі тауарды бір жерге шоғырландырып, монополиялық пайда табу мақсатында жиі кездеседі. Сондықтан мұндай жағдайлар болмауы үшін монополияны тежейтін мемлекеттік органдар арнайы шаралар қарастыруы керек. Олар тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай жасайды. Қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады.

Біріншіден, әр өндірісті ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі, прогресс көзі – бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы – бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы, әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, нарықта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы – бірлесу. Өмірдің өзі – бәсеке. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Бала бақшада екі балаға бірдей тапсырма беріңіз, олар бірінен бірі артық, тез, жақсы орындауға тырысады. Анасының көңілін өзіне көбірек аударуға ұмтылады. Бұл да – бәсеке. Яғни, адам бойында бар қасиет. Кейде адамдар өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпты бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, шығынға ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді, бірлеседі. Яғни, бірлесу де – адам бойында бар қасиет.

Тұрмыс-тіршілікте, өндірісте адамгершілік тұрғыдағы бәсеке немесе оның қарсы жағы – адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. Әр мемлекетте адамгершілік емес бәсекеге қарсы заң бар. Одақ кезінде тек қана мемлекеттік меншік болғандықтан, бәсеке болған жоқ, тек бәсекенің екінші жағы бірлестік болды. Ал өркениетті қоғамда, мемлекетте бәсекенің екі жағы бірдей болу керек. Өркениетті қоғамда бәсеке қандай болу керек? Қытайда мынадай мақал бар: «Жауын бірінші дос ете алған адам жеңеді». Неге десеңіз, өркениетті қоғамда бәсекенің тек жарыс, күрес, айтыс жағы болмайды, бәсекенің тек бір жағы, күрес, айтыс жағы болса, онда адам адамға жау болып келеді. Мұндай мәдениетпен ешкім тұра алмайды. Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке. Осы бәсекеде бәсекенің екі жағы да бірге. Бұл – мемлекет үшін жақсы. Әр өндіріс, мейлі ол жеке болсын, кооперативтік болсын, жаман өнім берсін, жақсы өнім берсін – бәрі мемлекеттікі.

Бәсекенің бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады. Бұл нышан нарықтық экономикасына көшкен елдерде кең өріс алып отыр. Қазақстанда да отандық өндірістің дамуы осы факторларға байланысты. Оны жүзеге асыру үшін шетелдік озық технологияны өндіріске енгізіп, еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылату керек. Отандық тауар өнімдерінің сапасын шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға алынуда.

Түсініктеме!

сайыс – жарыс, бақ сынасу;

молайту – көбейту, ұлғайту;

басым тұру – жоғары деңгейде болу, жоғары болу, күшті болу;

келеңсіз оқиғалар – қиындық туғызатын жағдайлар, түсінбестік;

шоғырландыру – бір жерде ұстап тұру, бір орынға жинау;

қолайлы жағдай жасау – ыңғайлы, ешбір қиындық келтірмеу;

тепе-теңдік – бірдей болу, біреуден озбау немесе қалмау;

бағаны орнықтыру – бағаны тұрақтандыру, көбейтпеу, қымбаттатпау;

озық технология – алдыңғы қатарлы технология, дамыған технология.

1-тапсырма. Мәтінге пікір жазыңыз.

  • Керекті сөздер мен сөз тіркестері:

Менің ойымша, тауар шығаруда, бәсекенің пайдасы, тұтынушылар үшін, кәсіпкердің жауапкершілігі, тепе - теңдік, орнықтыру, сапасы, қызмет көрсету, деңгейі, жоғары дәрежеде болса, шын мәнінде, бәсеке, жетілген, адамның санасы, жақсарту, басым тұру, молайту, ормасы, талдамасы. Бәсекенің ерекшеліктері, негізгі мақсаты, нарық жағдайындағы бәсекенің мәні. Бәсекенің әсері , бәсекедегі келеңсіздіктер.

2- тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, бәсекенің анықтамасын беріңіз.

А) Тауар өндірушілер, өткізушілер, арасындағы, пайда табу, мақсаты, сайыс.

Ә) Өнім мөлшері, молайту, сапасы, жоғарылату, тауар, құны, төмендеу, әсер

ету.

Б) Бәсеке, негізгі, мақсат, өз, өнімдер, молайту, арқылы, баю, капитал, жинау.

В) Бәсеке, негізгі , мақсаты, өз бәсекелестері, басым, тұру.

Г) Басым, тұру, мақсаты, жету, жолы, әділ, әділетсіз, бәсеке, болу, мүмкін.

3- тапсырма.Сөйлемдердің мағынасын басқаша беріңіз.

А) Нарық кезінде қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен

реттеліп отырады.

Ә) Бәсекенің мақсаты бағаны орнықтыру болып табылады.

Б) Бәсекенің мақсаты өнімнің сапасын жақсарту болып табылады.

В) Қазақстанда Отандық өндірістің дамуына назар аударылуда.

2-сабақ. БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Бәсеке – латын сөзі қақтығысу. Ол – тауар өндірушілер мен оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс. Бәсеке өнімнің мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарылатуға, тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Бәсекенің негізгі мақсаты - өз өнімдерін молайту арқылы қор жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым тұру. Осы мақсатқа жетуде әділетті, әділетсіз бәсекелер болуы мүмкін. Мысалы, шикізат пен көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, бүлдіру, зиянкестік жасау сияқты келеңсіз оқиғалар да болуы мүмкін. Бәсекенің бұл түрі тауарды бір жерге шоғырландырып, монополиялық пайда табу мақсатында жиі кездеседі. Сондықтан мұндай жағдайлар болмауы үшін монополияны тежейтін мемлекеттік органдар арнайы шаралар қарастыруы керек. Олар тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай жасайды. Қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады.Бәсекенің бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады. Бұл нышан нарықтық экономикасына көшкен елдерде кең өріс алып отыр. Қазақстанда да отандық өндірістің дамуы осы факторларға байланысты. Оны жүзеге асыру үшін шетелдік озық технологияны өндіріске енгізіп, еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылату керек. Отандық тауар өнімдерінің сапасын шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға алынуда.

Түсініктеме!

қақтығысу – қақысып, керісіп қалу, пікір-таласы;

келеңсіз – орынсыз, жөнсіз, ретсіз;

басым тұру – үстемдеу, күштілеу, күші басым болушылық, мықтылық;

шоғырландыру – топтау, жинау;

тыс қалдыру – тысқары, бөлек қалдыру;

тежеу – кедергі жасау, бөгеу, кешеуілдету;

өріс алу – ілгері басты, дамыды;

қолға алыну – істі орындауға кірісті, айналысты, шұғылданды;

1- тапсырма.Сөйлемдердің мағынасын басқаша беріңіз.

А) Нарық кезінде қоғамдық өндірістегі тепе-теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады.

Ә) Бәсекенің мақсаты бағаны орнықтыру болып табылады.

Б) Бәсекенің мақсаты өнімнің сапасын жақсарту болып табылады.

В) Қазақстанда Отандық өндірістің дамуына назар аударылуда.

2- тапсырма.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыз.

Бағаны орнықтыру дамыған елдерде кең өріс алып отыр.

Бәсекеде тауардың бір қолға шоғырлануы болмау керек.

Нарықтық экономикада монополияны тежейтін мемлекеттік органдар құрылады

Бәсекелестікте көлікті пайдаланудан тыс қалдыру, зиянкестік жасау әрекеттері де кездесіп отырады.

3- тапсырма. Жай сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Бәсекенің мақсаты – сапалы тауар өндіру,

Бағаны орнықтыру да бәсекенің негізгі ерекшелігі,

Бәсеке өнімнің мөлшерін көбейтуге әсер етеді,

Бәсеке тауардың сапасын жақсартуға да әсерін тигізеді,

4 - тапсырма. Жай сөйлемнен салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Отандық өндірістің сапалы шығарылуына мән берген жөн.

Қазақстандық тауарлардың экспортқа шығарылуы үшін жұмыс істеу керек.

Біздің өнімдеріміз де әлемге танылуы керек.

Озық технологияны өндіріске енгізген дұрыс.

Еңбекті ұйымдастыру дәрежесін жоғарылатып отырған дұрыс.

Отандық өнімнің сапасын жақсарту.

Шетелдік тауарлармен бәсекеге түсетіндей бола алуы.

Пікірталас!

  1. Бәсеке қандай сайыс?

  2. Бәсекенің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Бәсекенің негізгі мақсаты қандай?

  4. Нарық жағдайындағы бәсекенің мәні...

  5. Бәсекенің бәсеке неге әсер етеді?

  6. Бәсекеде қандай келеңсіздіктер тууы мүмкін?

3-сабақ. БӘСЕКЕ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН

КЕМШІЛІКТЕРІ

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Бәсеке дегеніміз – іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.

Нарықтық экономиканы ілгері жеткізетін күш – бәсекелестік, екінші – істеген іске, оның нәтижесіне жауапкершілік. Жауапкершілік – меншікпен келеді.

Нарық бәсекелестігі – заңдылық, ол меншік иелері мен мемлекеттер арасында бірдей. Оған пара өтіп, ұят жүрмейді, аяушылықты білмейді, қабілет пен іскерлікке ғана жүгінетін қатынас.

Бәсеке – өзара жарыс, бір-бірінен озу сайысы, жақсы өнім сайысы.

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. 

Артықшылықтары: 

  • қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы; 

  • тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы; 

  • тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы; 

  • өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.  Кемшіліктері: 

  • ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді; 

  • қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;

  • ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді; 

  • фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды; 

  • еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді; 

  • әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ. 

Түсініктеме!

пара – өз мүддесі үшін біреуге жасырын түрде берілетін ақша, қымбат зат, алым;

икемді болу – ыңғайлы, ықшамды, бейімді;

әлеуметтік – жалпы қоғамға тән, қоғамдық;

әділетсіздік – қиянатшылық, озбырлық;

1-тапсырма. Жай сөйлемдерді байланыстырып, құрмалас сөйлес

жасаңыз.

Бірінші сыңары: Бәсекенің мақсаты – сапалы тауар өндіру.

Бағаны орнықтыру да бәсекенің негізгі ерекшелігі.

Бәсеке өнімнің мөлшерін көбейтуге әсер етеді.

Бәсеке тауардың сапасын жақсартуға да әсерін тигізеді

Баға тұтынушының көңілінен шығу керек.

Екінші сыңары:

Отандық өндірістің сапалы шығарылуына мән берген жөн.

Қазақстандық тауарлардың экспортқа шығарылуы үшін жұмыс істеу керек.

Отандық өнімнің сапасын жақсартуға көмектеседі.

Шетелдік тауарлармен бәсекеге түсетіндей бола алуы керек.

Өз өнімдерін молайту арқылы қор жинау да керек.

2-тапсырма. Мына сөздердің мағынасын ашыңыз.

Қақтығысу – Келеңсіз оқиғалар –

Басым тұру – Шоғырландыру –

Тыс қалдыру – Тежеу –

Кең өріс алу – Қолға алыну –

Қажетті сөздер: артық болу, ерекше көріну,артықшылық, аластату, шет қалдыру, кең жайылды, таралды, тоқтату, тоқтата тұру, қиын жағдайлар, аяқ астынан болған оқиғалар, бір жерге орналастыру, бір жерге жинау, барынша күш салды, іске кірісті.

3-модуль