- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
Авторлық сюжетті дайындағанда журналистің қызметі мынадай кезеңдерден тұрады: тақырып таңдалуы мен расталуы, түсірілім объектісін және сценарийдің жасалуын зерттеу, түсіру үрдісінде, монтаж жасауда және мәтін жазуда толығымен қатысу.
Кез-келген жағдайда мәтін ықшам болып, көрерменде туатын сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сюжеттің ауызша бөлімі бейнеқатарды қайталамауы өте маңызды. Бұл жаңадан жұмысын бастаған журналистке түсінікті болғанымен, ақпараттық хабар-ошардағы кадр сыртындағы мәтінде мынандай хабарларды жиі естиміз: «Трибунаға көтеріліп жатқан...»; «Зал бұл сөз сөйлеуді қол шапалақпен қарсы алды...» Бірақ бұл экранда көрсетілгеннен кейін көзбен көріп отырған бейнебаянды қайталап айтудың қажеті жоқ.
Мәтін жазғанда ауызекі тілден жазба сөздің ерекшеліктерін айыра білу қажет. Тіпті ресми материалдардан құрғақтықты алып тастауға болады. Ұзақ, әрі шұбалаңқы сөйлемдерден аулақ болу керек. Телевизиялық лексика канцеляризмді, кәсіби стильді және таза ғылыми терминологияны қабылдамайды.
Ресми сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін ақпараттық бағдарламаның жүргізушісі (немесе диктор) оқиды. Әдетте авторлық сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін автор-журналист эфирге дейін жазып алады. Дауыстың тембрі ақпараттық материалдың өзгешелігін білдіреді. Радиода ғана емес, телевидениеде де көп журналистерді дауысы арқылы танимыз. Бұл кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
Бекқал Әбіш кезінде «Замана» мен оның қосымшасы – «Қызық газеттің» белсенді авторларының бірі болды. Республикалық «Жалын» журналында беделді қызметкерге айналып, соңғы кездері деректі фильм саласында режиссерлік талантымен ерекше көзге түсті. Артында «Тұңғиық», «Намыс», «Асылдан сынық» сияқты кітаптары қалды. Жалынды қыз Алматыдан қырғыз жеріне жол тартқан. Сол сапарға белгілі қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шаханов та бірге шықпақ болыпты. Бекқалдың соңғы демі үзілгенше қос қаламгердің шығармашылық байланысы үзілмеген екен. Марқұмның болмысы туралы кеңірек білу үшін Мұхтар ағаға хабарластық. Ауырлау болса да, ағамыздан апаттың қалай болғанын сұрадық. Ол кісінің айтуынша, 23 мамыр күні Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына байланысты үлкен конференция өтетін болыпты. Бекқал соған асыққан. Мұхтар ағаның: «Бармай-ақ қойсаң қайтеді? Осындағы жұмыстарыңды тындыра бер» дегеніне көнбепті. Халықаралық конференция болғандықтан, әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері жиналады екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып, Айтматовқа қатысты тың деректер жинап қайтпақ болыпты. Жолға шығарда «Аға, әңгімелесіп, жол қысқартамыз. Біздің көлікке отырыңыз», − деп ағасына қолқа салған соң, Мұхтар аға келісіпті. Алайда, шұғыл жұмысы шығып, бөгелуіне тура келген. «Олар бір жарым сағаттай ерте кетті. Топшылауымызша, ағып келе жатқан көліктің рөлі бұруға көнбей қалған. Бекқалдың қасында екі оператор жігіт болыпты. Көлік бірнеше рет аударылған. Екі жігіт есік ашылып, түсіп қалыпты. Бекқал сақтандыру белбеуін шешіп үлгермесе керек. Оның үстіне, бір аяғы тізеден төмен қарай істемейді екен. Мұның алдында да жол апатына түсіп, аяғына зақым келген. Сол себептен де көліктен шыға алмапты. Көлігі түгелдей өртенген. Бекқал Әбіш – қазақ қыздарының ішіндегі елдік, ұлттық мүддеге ынты-шынтасымен берілген, болмысы бөлек қыз еді. Жазушылығы жағынан да оның орны бір төбе. Менің поэ-зиямды, қоғам қайраткері ретінде істеген барлық жұмыстарымды, Желтоқсан кезіндегі қызметімді – барлығын терең зерттеді. Ұзақ ізденістен кейін «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты және бес комиссия мүддесі» деген үш сағаттық фильм түсірді. Бұл фильм осы уақытқа дейін бүркемеленген талай шындықтың бетін ашқан еді. Менің шығармашылығымды зерттеп, кандидаттық, докторлық диссертация қорғаған ғалымдар Қазақстанда да, Қырғызстан да да болды. Алайда, солардың ешқайсысы мені дәл Бекқалдай терең зерттеген жоқ. Сондықтан, оны жоғалту мен үшін үлкен қайғыға айналды.
Екінші кейіпкеріміз – қазақ тележурналистикасының саңлағы – Бейбіт Құсанбек. Небәрі 45 жасында бақилық болды. Оқиға 2007 жылдың 6 ақпанында орын алған. Бейбіттің автокөлігі «КамАЗ» жүк көлігінің табанында тапталды. Ол артында қалған үш ұлын ғана емес, бүкіл елін еңіретіп кетті. Өмірінің соңғы жылдары Бейбіт Құсанбек «Хабар» агенттігі Президент телерадиокешенінің публицистикалық бағдарламалар бөлімінің редакторы қызметін атқарған еді. Мыңдаған көрермен оны «Тіл», «Ел ағалары», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» жобалары арқылы таныды. Оның «Тіл» бағдарламасы 2005 жылдың үздік ток-шоуы деп танылса, 2006 жылы журналиске Елбасымыз алғыс жариялады. Бейбіт – лирик ақын, табиғаты ешкімге ұқсамайтын ғажап сазгер еді. Артында мөлдіреген жырлары, әсем әндері қалды. Күләш Ахметованың сөзіне жазылған Бағдат Сәмединова орындап жүрген «Бегімайдың әні», «Сырғалы сұлу» сынды бірнеше лирикалық ән жазды. Егер журналистика емес, сазгерлікті таңдаған болса, Бейбіт тамаша сазгер ретінде де тарихта қалатын азамат еді. Бірақ, өзгенің бәрінен өзі таңдаған даңғыл жол – журналистикасын жоғары қойды, оған өмірінің соңына дейін адал қызмет етті.
«Бәріміздің баратынымыз – қара жер» Опат боларынан бес күн бұрын Руслан Бөлебай осылай деген екен. Журналист Руслан, әнші Руслан, ақын Руслан, тіпті суретшілік те табылыпты бір бойынан. Апат 2009 жылы шілденің 16-сынан 17-сіне қараған түні орын алған. Дәл сол күні Руслан Анкарада өтетін үлкен концертке қатысуға тиіс болатын. «Ертең Анкараға жеткенше ұшақта ұйықтап үлгерермін. Әлі де біраз уақытымды достарыммен өткізуім керек» деп түн ортасында бір топ жолдасымен «атқа» қонады. Жастардың ойы – шолпан жұлдыз сөнгенше Алматыны шарлау еді. Әнші Нұржан Қалжанның «Тойотасын» таңдайды. Сағат 3.30-да Гагарин көшесімен жоғары көтеріліп келе жатқан автокөлікті Жамбыл көшесінен шыққан «Мерседес» үлкен жылдамдықпен сол жақ бүйірінен соғады. Сағат тілі тұп-тура 7-ні көрсеткенде өнер деп өрекпи соққан от жүрек мәңгіге тоқтайды. Небары 24 жасында құйрықты жұлдыздай ағып түскен талантты журналист санаулы ғұмырында талай биіктерді бағындырды. Руслан тілшілік қызметке 15 жасынан келген. Республикалық және қалалық газеттерде алғашқы тырнақалды мақалалары жарық көреді. Өзі аңсаған ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсті, магистр дәрежесін алып шықты. Білім ала жүріп журналистік қызметпен айналысуға уақыт таба білді. 2003-2004 жылдары «Арай» журналының жауапты редакторы қызметін атқарса, 2004 жылы «Егер мен ВВС басшысы болсам» байқауының жеңімпазы атанып, Ұлыбританияның астанасы Лондонда ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өтті. Телевизиядағы алғашқы қадамын КТК телеарнасының ақпараттар бөлімінен бас-тады. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізді.
39. Синоним, омоним, антоним сөздер арқылы баспасөз материалдарын әсерлі ету жолдары.
