- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
49 Жасөспірімдер баспасөзі.
5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
Камал Смайылов- Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы –публицист. Ол шығармашылық өмірінде 300-ге жуық мақала жазып, 17 кітап жариялаған екен. «Сенің бақытың», «Өмірдің өзімен өлшесек», «Фильм осылай туды», «Ғасыр қырқасында», «ХХ ғасырға саяхат», «Жолданбаған 27 хат», «Оянған ойлар», «Елім саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» , «Жеті қыр, бір сыр», «Қиғаш кітап» сияқты еңбектері жарық көрген.
Қаламгер публицистикасы жанр жағынан алғанда түрге бай болып келеді. Онда қарапайым заметкадан бастап, репортаж, корреспонденция, мақала, рецензия, очерк, фельетон секілді публицистиканың әр алуан жанрлары кездеседі. Талант иесінің осылай жанр табиғатын меңгеріп, оны игеруі әрі баспасөз бетінде жиі көрінуі шығармашылық мүмкіндігінің мол болғандығын көрсетсе керек .
Қаламгердің шеберлігі қай кезде де жеке –дара көрінеді, ол оның шығармашылық стилінен көрініс табады. Стиль – қаламгердің шеберлігін, өзіндік даралығын, талантын дәлелдейтін үлкен көрсеткіштің бірі. Көп оқып терең ізденетін публицист бір ой айту үшін бірнеше деректерге жүгінеді. Бұл қасиеті де оның стильдік өзгешелігі.
Камал Смайылов –эпистолярлық жанрда да біраз қалам тартқан шебер журналистердің бірі. Оның «Жолданбаған 27 хатында» қоғамда, өмірде пайда болған күрделі жағдайлардың, қайшылықтардың, адамдардың ойында туған әрқалай, түрлі пікірлердің табиғатын аша отырып, өзі қадірлейтін зиялы қауым өкілдеріне сырттай жүргізген сұхбат-әңгімелері арқылы саяси өмірдің өткен жолдарына бүгінгі көзқараста терең баяндап береді. Автор ретінде жолданбаған хаттардың астарында қозғалып отырған тақырыпты жақсы білетін азаматтардың пікір- пайымымен үндестіре отырып, келелі әңгімеге бара алады. Камал Смайыловтың журналистік шығармашылық ерекшелік сипаты мыналардан көрініс табады:
-ойы көркем, мазмұны тартымды болып келеді;
-тартымды, тағылымды ой айтады;
-нақты деректер мен фактілерге сүйенеді;
-дерексіз, дәлелсіз ой айтпайды;
- мәселенің мәнін әбден түсініп, дәлелденгеннен кейін ғана тұжырым жасайды;
-тілі ғылыми болғанымен көпшілікке қол жетімді;
- тіркестер орнымен қолданылады, сөйлемдері тиянақты;
- сөз қумайды, ой түйіндей білудің шебері;
- кез келген тақырыпты аша біледі.
51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
Маңғыстау баспасөзінің тарихы сонау 1920 жылдан қабырға газетінен бастау алса, бүгінде «Маңғыстау» облыстық газеттің, «Жаңа өмір» Маңғыстау ауданының аудандық газетінің және Түпқараған ауданының төл газеті қазіргі «Ақкетік арайы» газетінің түп тамыры, төркіні. Алайда көп соқпаққа соқтыққан аудан баспасөзінің даму тарихында қиын да қыстау кездер көп болғанын көпке дейін халық қол үзіп үзілісте қалған кездерінен дәлел етіп айтуға болады. Бүгінде аудан баспасөзінің тарихы «Маңғыстау энциклопедиясында» былай деп қысқаша көрсетіледі «Маңғыстаудың мерзімді баспасөзінің тарихы 20-жылдардың басында Форт-Александровск қаласында шығып тұрған «Радиовестник» қабырға газетінен басталады. Кейінірек, уездік партия комитетінің шешімімен «Вестник партии» деп өзгертіліп, ол қазақ және орыс тілдерінде шыққан. Қолмен жазылып, көшіріліп көбейтілетін бұл қабырға газеті 1924 жылы «Лицом к деревне» («Ауылға бетінді бұр») деген ұран-атаумен шығарылып, қырдағы ауылдарға таратыла бастаған. Жер-жерде Кеңес өкіметін орнықтыру, тап күресін түсіндіру, көшпелі елді отырықшыландыру, сауатсыздықты жою сияқты сол кезеңнің басты саяси міндеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет еткен газеттер шыға бастады» дей келе облыс, аудан баспасөзінің негізі ретінде «Жаңа жұртшылық» деген басылымның 1931 жылдың 5 тамызынан жарық көргендігі айтылған. Бұл басылым тарихы туралы осы энциклопедияда «...«Жаңа жұртшылық» -Маңғыстауда баспа тәсілімен басып шығарылған алғашқы газет. 1931 жылдан бастап Форт-Александровск баспаханасында 800 дана таралыммен айына он рет шығып, оған кезінде Ж.Сәрсенбин, Ғ.Нұрым, Ж.Қызылбаев сияқты өңірге белгілі азаматтар редакторлық еткен. Кеңес өкіметінің 30 жылдардың басындағы саясатына орай газеттің атауы 1933 жылы «Колхоз жолы» деп өзгертілсе, 1958 жылы «Ленин жолы» деп аталынған. Осы атпен газет 1963 жылға дейін шығып тұрды да, Форт-Шевченко ауданы тартылған кезде жабылып қалды» деп жазылған. Осы тұста тоқтала кететін есім аудан журналистикасының алып тұлғаларының бірі де бірегейі М.Бимағамбетов болатын. Ол кісі туралы да басылымда мақала ұсынбақпыз. 1946 жылы соғыстан оралған Мұстахи Бимағамбетов аудандық газетте әдеби қызметкер, 1951-1962 жылдар аралығында Форт-Шевченко ауданының «Колхоз жолы» газетінде редактор қызметін атқарады. О. Ізбасаров та сол тұста қызмет атқарды. Алғашқы саны 1941 жылдың желтоқсанында «Сталин жолы» деген атпен екі бет болып шыққан. 1957 жылы газет «Еңбек туы» аталып төрт бет болып шыға бастады. Қазіргі «Жаңа өмір» атауына 1963 жылы ие болған басылымға бірігіп, Форт-Шевченко жаңалықтары да сол басылымда жарық көріп тұрған. 1963-1972 жылға дейін аталмыш басылымға ауданның тарихи жарияланымдарын өлкетанушы Е.Өмірбаев, А.Ыбыраев, балық шаруашылығы тақырыбында өндіріс жөнінде Ш.Шырақбаевтар қалам тартқан. Кейін Т.Қожабеков, М.Дүйсеновтер де жазып отырды.
52- публицистика
(лат. publіcus – қоғамдық) – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.Публицист сөзі <<Публицистика>> деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның <publich>- қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және бсқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзұарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады.Публицистикалық стиль дегеніміз не? Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.
Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақы-рыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол — тілдік кұралдарды қолдана білуден байқалады. Публццистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публйцистикалық шы-ғарманың тақырыбьша, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар.
Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағы-нан ғылыми стильге жақын екені байқалады.
Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады. (Бас мақала, ин-формациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар т. б.)
Публицистикалық стильдің ауызша түрі — шешендік сөз. Пуб-лицистиканың бұл түрі өте ерте дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің “Риторикасында” шешендік сөздің құрылысына жан-жақты талдау жасалынады. 1748 жылы Ломоносовтың “Краткое руководство к красноречью” деген кітабы басылып шығады.
Публицистикалық стильдің шағын түрлері.
Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стиль, таза публицистикалық стиль, таза публицистикалық шағын стиль, газет шағын публицистикалық стилі. 54-Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатынын көрсету.
Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады. Бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті, әдемі болып шықпақ.
Сөзден құрастырып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалған. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды. Сондықтан мәнісінің зоры кірпіштің қалауында, жобаның жасауында болған сияқты, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ. Жақсылап үй сала білу үшін сәулет өнерпазы үй салуға ұсталатын заттардың сыр-сипатын, қасиетін жақсы білуі тиіс: кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білуі тиіс. Мұның бәрін жақсы білу үшін сәулет өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Сондай-ақ тіліндегі сөзден құрастырып қисынын келтіріп, жақсылап бір нәрсе шығару үшін сөз өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сипатын тану, заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр –сипатын білу сияқты нәрсе. Керек затарын сайлап алып, үй салуға кірісу – дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан әрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде иә ауызша айтып, иә жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп – айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікір айтып шығатын әңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әртүрлі сөз қолданады. Мәселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсіз бе?» деп, біреу «күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бәрінің де ой мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әр түрлі сөз қолданып сұрайды. Сол сияқты әркім пікірін сөз қылып шығарғанда да ана тіліндегі сөздердің әрқайсысын әр түрлі қолданады. Қысқасын айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше тұтынады. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады.
Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – тіл қисыны деп айтылады.
