- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
«Ұлан» - балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет. «Ұлан» газеті тұңғыш рет «Пионер» деген атпен шыққан, кейін «Октябрь балалары», «Қазақстан пионері», 1990 жылы «Ұлан» атауын иеленді. Сол кезде ыдыраудың алдында тұрған Кеңес Одағында, соның ішінде біздің еліміздің де қоғамдық өмірінде әр түрлі өзгерістер бой көрсете бастаған еді. Пионер ұйымымен қатар басқа да балалар ұйымдары құрылып, жұмыс жасап жатты. Сондықтан да республикадағы жалғыз қазақ балалар газеті тек пионер ұйымының ғана органы боп қалуы мүмкін емес болатын.
Газет ешкімді ұйымға, топқа бөлместен еліміздегі кез-келген баланың мүддесін қорғап, шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың өмірлері мен үлгілі істерін көрсету мақсатында шығарылса керек.
«Жауқазын» – негізінен балардың шығармашылығына арналған бет. Алайда онда жарияланған этюдтер мен суреттемелердің, әңгімелер мен өлеңдердің негізі табиғат құбылыстарына, өсімдік пен жан-жануарларға деген махаббатқа, оларға деген аялау сезіміне құрылған. Бұл басылымдар балалардың бойындағы адамгершілік пен жауапкершілік сезімін оятады.
«Құралай» экологиялық клубы» – газеттің әр үшінші санында шығып тұратын тұрақты жарияланымы. Бұл бет тікелей табиғатты қорғау мен экологиялық міселелерге арналған.
75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
Тәуелсіздік алған кезіміздегі мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар ұлттың сусындап отырған өзекті мәселелерін дәл көтеруімен ерекшеленеді. Биыл жарық көргеніне 100 жыл толып отырған «Қазақ» газетіндегі материалдар мен қазіргі баспасөздегі материалдарды сараласақ, айырмашылық көзге бірден байқалады. «Қазақ» газетіне бүкіл қазақ зиялысы атсалысты. «Қазаққа» жазғандардың бәрі бір-бір саланың білгірі, маманы болды. Қазір 100 жыл өтсе де, сол кезде баспасөзде көтерілген тіл, дін, жер, латын әліпбиіне көшу мәселелері бүгінгі күнмен сабақтасып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде 2 532 газет-журнал болса, соның 500-ден астамы ғана мемлекеттік тілде шығады, соның өзінде де олар күн тәртібінен түспей жатқан проблемаларды қозғап келе жатқаны ащы да болса шындық. Ресми басылымдар мен оппозициялық басылымдардағы тарихқа қатысты материалдар өте аз. Ресми газеттердің бекітілген бесжылдық жоспарлары бар, ал оппозициялық басылымдарымыз рулық жанжалдар мен сенсациялық мақалалардан асып отырғаны шамалы. Ұлы Отан соғысы кезін алып қарайықшы. Бізде осыған қатысты деректердің басым көпшілігі Ресейдің мұрағатында сақтаулы. Оған қол жеткізу де оңай емес. Мәселен, қазақ ұлтының жасаған еңбектерінің барлығын үстем ұлт пайдаланды. С.Баймағамбетов жасаған ерлікті А.Матросовқа теліді. Осындай мысалдар өте көп. Дәл осы себеппен көп ерлік бағаланбады кезінде. Ал өскелең жас ұрпақ ерліктің бағасын біледі. Біз де өз кезегімізде мектеп оқулықтарында батырларды барынша дәріптеуге тиіспіз. Осылайша жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге болады.
Мысалы Жас Алаш, 88 жылдық тарихы бар басылым жарнамалауды қажет етпейдi. Газеттiң басты принципi – мемлекетшiлдiк, ұлттық мүдде. Ұжымдағы әрбiр қызметкер осы сертке берiк. Бұл шенеунiктердiң президентке берген уәдесi мен сертiнен мүлде бөлек. Бiздiң серт – мемлекеттiң мүддесi, ұлттың қамы, елдiң, халықтың келешегi үшiн күресу. Бұл жолдан “Жас Алаш” ешуақытта да таймайды.
Бiздiң әрқайсымыз ұлтжанды болуымыз керек. Ұлттың басына қиындық туған кезде әр қазақ, әр азамат елдiң ертеңiн ойлауы тиiс. 18 жыл бұрын тәуелсiздiк алдық. Осы уақыт аралығында жүргiзiлген мемлекеттiк саясаттың олқы тұстары көп. Билiктiң ұстанған позициясы мен саясаты да халықтың көңiлiнен шықпайды. Зиялы қауым өкiлдерiнiң жағынғыштығы мен жағымпаздығы да жұрттың ашу-ызасын қоздырады. Осының бәрiн “Жас Алаш” бетiнен оқып жүрсiздер. Билiктi де, жантықтарды да сын тезiне алып, қауiптi құбылыстың әкелiп соқтырар зардаптарын ескертiп келемiз. Бүгiнгi таңда қоғамды мазалаған бiрден-бiр проблема – мемлекеттiк тiл мәселесi. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе алғанына 20 жылдан асса да, ана тiлiмiз кемтар, кембағал, мүгедек күйде қалып отыр. Мемлекет басшысы шетел сапарында мемлекеттiк тiлде сөйлей ме? Сөйлемейдi. Орыс мемлекетiнiң өкiлi тәрiздi орыс тiлiнде сөйлейдi.
76- БАҚ – төртінші билік пе?
(Намазалы ОМАШЕВ, БАҚ мәселелерін зерттейтін Журналис¬тика институтының директоры:
– Парламентте отырған адамдардың, одан қалса, мұғалім, дәрігерлердің де өзіндік ста¬тусы бар. Әлеуметтік статус туралы сөз болғанда, ең алдымен, тұрмыстық жағдай ай¬ты¬лу керек. Себебі К.Маркстың «сананы тұрмыс билейді» дегеніндей, тұрмыстың тауқыметін тартып жүр¬ген адам қоғамның сөзін сөйлеуге бара бермейді. Өзге саланың қызметкерлері мемлекетке қыз¬мет етіп жатқан тұлға ретінде сан түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алады, басқа да жеңілдіктерге ие болады. Бірақ журналист те қоғам үшін өзгелерден кем еңбектеніп жатқан жоқ қой. Сондықтан қоғам дамуына ерекше еңбек сіңіріп жатқан БАҚ саласына өзіндік мәртебе бе¬руге болар еді. Мысалы, Иманғали Тасмағамбетов Алматының әкімі болып тұрған кезде жур¬налистерге жағдай жасау ерекше қолға алынды. Егер құлық танытса, мұны заңдық жолмен рет¬теуге еш кедергі жоқ. Шынайы демократиялық, зайыр¬лы қоғамда журналистика саласы, ра¬сын¬да да, төртінші билік деңгейіне көтерілген. Заң шығарушы, атқарушы сот органдарынан ке¬йінгі кезектегі күш ретінде мойындалатыны рас. Бірақ әлемдегі мемлекеттердің бар¬лығы де¬мок¬ратиялық, зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан жоқ. Сондықтан журна¬лис¬ти¬каның алатын ор¬ны әр елде әрқилы. Бүгінгі қазақ қоғамындағы журналистиканы «төр¬тінші билік» деп атай салу¬¬ға ауыз бармайды. Мен Америка, Канада секілді бірқатар да¬мыған елдерге барып, жур¬на¬лис¬тикасын зерттедім. Оларда журналист адамның мәр¬тебесі жоғары. Әртүрлі жолдармен жур¬¬налист адамның тұрмыстық жағдайын жасау¬ға мемлекет тарапынан жағдай жасалған екен.
Дидар Амантай, жазушы, публицист, кинодраматург:
– Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заң жобасының негі¬зінде журналистердің статусын айқындауға, жоғарылата түсуге бо¬ла¬ды. Ақпарат құралдары – билік пен халықтың бетпе-бет кездесетін алаң. Осы функцияны күшейту үшін журналистердің мәртебесі мен құзы¬ретін заң жолымен көтеруге еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Ол үшін журналистің билік адамына қойған сұрағына жауап беру мә¬селесін заңдық негізде міндеттей түсу керек. Егер заң БАҚ сала¬сының еркін түрде жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашса, бұл жур-налист статусының жоғарылағаны болар еді. Дегенмен біздің бүгінгі қоғамдағы журналистика «төртінші билік» деген атауға әб¬ден лайық. БАҚ көтерген көптеген мәселелер билік органдарында ке¬ңі¬нен талқыланып жатады. Шенеуніктер газет бетіне шығып кету¬ден қорқады. Журналист тек ұнамсыз нәрселерді ғана жазып отыр¬са, ол – кемшілік емес. Сондықтан журналистерге не жазу қажеттігін сіл¬теп отыру келеңсіз құбылыс болар еді. Журналист статусы жоға¬ры¬лаған сайын зайырлы қоғамның дамуы да соғұрлым жеделдей түседі. )
77- Журналистика (французша – journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио,теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.
Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.
Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.
Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады.
