- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
Тақырыпты талдау үстінде көркем әдебиеттік, сатира, юморлық, публицистика элементтерін тоғыстыра қолданады. Публицистикада бүкіл қоғам мүшелерінің назарын аударатын оқиғалар, мысалдар, типтік фактілерді талдау, сипаттау әдісімен түсіндіріледі. Сондықтан ірі оқиғалар мен құбылыстар публицистің тудырған бейнесі арқылы айқындала түседі. Ал бейне арқылы оқырманға оқиға жайлы толықтай мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл көркем-публицистикалық жанрларға тән сипат. Әсіресе, очерк пен фельетонда әдеби көркемдеуіш тәсілдер молынан қолданылады.)
71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
ҚАЙСАР ДА ҚАЙТПАС БАСЫЛЫМ
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында “Қызыл Қазақстан” деген атпен жарық көріп, бүгінгі тәуелсіз еліміздің айшықты басылымына айналған “Ақиқат” журналының шыға бастағанына 85 жыл толып отыр. Басылым тарихы – ұлт тарихының айнасы дейтін болсақ, еліміздің күнгейлі шуақты, көлеңкелі ызғарлы 85 жылдық тарихы “Ақиқатпен” біте қайнасып жатыр. Уақыт шіркін бұл басылымды тар жол тайғақ кешуден өткізді. Қазақ зиялыларының басына бұлт үйрілген зұлмат жылдарда осы журналдың қолымен от көседі, қаһарлы жылдар мен партияның қылышынан қан тамған одан кейінгі кезеңдер де өз қиыншылықтарымен тарих беттеріне жазылды. Солай бола тұра, ол қай кезде де өз халқының мінберінен сөйлеп, оның әрі тірегі, әрі жанашыры бола білді. Қандай қиын кезде де уақыт үрдісіне орай күрделі-күрделі мәселелерді көтеріп отырды.
Баспасөз болмысымыздың барометрі дейтін болсақ, “Ақиқат” та дәуір тынысына, заман рухына сай қоғамдық-әлеуметтік ойдың қалыптасуына өріс ашты. Халықтың саяси, рухани және мәдени жағынан түлеп, өсіп-өркендеуіне айтарлықтай ықпал етті. Еліміздің тарихы, қасиетті жері үшін өз басын құрбан еткен боздақтарымыздың өмірімен таныстырып, отаншылдық сезімге тәрбиелеуде де үлкен ықпал етті. Бұл, әсіресе, еліміз егемендік алып, журнал өз атын “Ақиқат” деп атағалы бері айқын аңғарыла бастады. “Ақиқат” демекші, журнал осы атты иемденгенше оның аты да, шығарушы құрылтайшылары да бірнеше мәрте өзгерді. Бастапқыда РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің журналы ретінде тұсауын кескен бұл басылым 1921 жылы 15 қыркүйекте жарық көрді. 1924 жылдан ол Қазақстан КП(б) өлкелік комитетінің органы болып шыға бастады. 1931-1932 жылдары ол оқырмандарының қолына “Қазақстан большевигі” деген атпен тиіп тұрады. 1932 жылы аз ғана уақыт “Ауыл коммунисі” деген атқа ие болған журнал “Коммунист” аталып, 1942 жылға дейін шығып тұрды. Журнал жылнамашыларының деректеріне сүйенсек, Ұлы Отан соғысының ауыртпалығына байланысты 1942-1944 жылдар аралығында уақытша жабылып қалған. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыр зардаптарының журнал өміріндегі бір көрінісі еді. 1945 жылдың басынан “Қазақстан большевигі” қайтадан өз оқырмандарымен қауышты. Ал 1947 жылы өз тарихында екінші рет “Коммунист” деген атауға қайта оралып, 1952 жылға дейін осы атпен жарық көрсе, 1952 жылдан “Қазақстан коммунисі” деген атқа ие болды. Журнал осы “Қазақстан коммунисі” атауымен 40 жылға жуық уақыт шықты. Еліміздегі демократиялық өзгерістер, қоғамдық сананы сілкіндірген соны леп бұл басылымның өміріне де өз жаңалығын ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың қараша айынан журнал “Ақиқат” деген атпен жарық көріп келеді. Оның не себепті “Ақиқат” деп аталғаны туралы журналдың сол кездегі бас редакторы, белгілі қоғам қайраткері Камал Смайылов өз естелігінде былай деп жазады: “1991 жылы Орталық партия комитеті тарап, журнал бұрынғы атпен шығуын тоқтатқанда, оны қалай сақтау керек деген мәселе туды. Ұлттық Ғылым академиясына, “Білім” қоғамына барыңдар деді. Олардың өздері де жетісіп отырған жоқ, журналды қалай алсын. Содан ойланып, бір телефоннан соң сол кездегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Ерік Асанбаевқа бардым, әңгімелестім. Екеуміз Орталық комитетте қатар қызмет істегенбіз. Оған жағдайды айтып едім, келісе кетті. Екі газеті бар Жоғарғы Кеңес енді екі теориялық-саяси журналды алса да көптік жасамайды ғой деп ұйғардық. Ендігі саясат – халықтыкі, идеология, теория – мемлекеттік дегенге келдік. Оның атын өзгерту керек болды.
Редакцияда бәріміз жиналып, атын іздедік. “Саясат”, “Шындық”, “Ой көкжиегі” деген аттар ауызға алынды. Біреулер: “Парасат” деген ат тамаша келіп тұр, бірақ сіз оны ана журналға беріп кеттіңіз ғой” деді. Сонда маған “Парасатқа” ұқсас, мағыналас сөз еске келді. Мен “Ақиқат” деп атайық деген ұсыныс жасадым. Бәрі қостады. Осылайша, мен екі журналдың атының авторы болдым”.
Міне, журналдың аты неше мәрте өзгергенімен оның заты, ұстаған бағыт-бағдары өзгерген жоқ. Қайта ел егемендігімен бірге өзіне үлкен жауапкершілік жүктеп, заман талабына сай пайым-парасаты биік сан қырлы тың дүниелер бере бастады. Өйткені, тарих ақиқаты түпкілікті айтылса, онда басылымның беті ашық, жүзі жарқын, жолы даңғыл, оқырманы көп болады емес пе? Бұл заңды да еді. Өйткені, толайлы тағдыр осы журналдың қолымен от көседі, талай рет қияметтің қыл көпірінен өткізді. Солай бола тұра, журнал өзінің алғашқы қадамынан халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, елдің мүддесі мен мақсатын көздей білді. Бұл орайда журналдың аяқтанып кетуіне сол тұстағы “Елім, жұртым, халқым” деп еңіреген ұлт зиялыларының барлығы атсалысты. Журналдың қайнар бастауында – Абдолла Асылбеков, Ерғали Алдоңғаров, Нәзипа Құлжанова, Нығмет Нұрмақов, Сейділда Төлешов, Смағұл Сәдуақасовтардың басылымға басшылық жасауы үлкен бедел әкелді. Олар салған сара жолды қоғам қайраткерлері – М.Атаниязов, Ә.Әйтиев, Н.Бозжанов, Ғ.Бұзырбаев, О.Жандосов, Т.Жүргенов, О.Исаев, І.Қабылов, С.Меңдешов, Л.Мирзоян, Т.Рысқұлов, атақты ақын-жазушылар С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Байзақов, белгілі журналист-ғалымдар Ж.Арыстанов, С.Бәйішев, С.Бейсенбаев, С.Ордабеков, А.Елшібеков, С.Есова, Қ.Сәтбаев, Қ.Сағындықов, М.Мамажанов, К.Қазыбаев, К.Смайылов, С.Ақтаев, А.Жақсыбаев, Н.Оразбек сынды қайраткерлер іскерлікпен жалғастыра білді. Бұлардың қай-қайсысы болса да күш-қуатын басылымның ұстаханасына арнаған. Бүгінгі “Ақиқат” сол тамыры тереңде жатқан, рухы биікте қалқыған үлгі-өнеге мектебін жалғастырып келеді.
Журналдың даму, өсу жолы ел тарихының айтулы, маңызды кезеңдерімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, қазақ халқының ғылым-білімге ұмтылысы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына түскен қабырға қайыстырар ауыртпалықтар, тың игеру, одан бергі санамызда жаңғырған басқа да оқиғалар басылым беттерінен айшықты түрде көрініс тауып отырды. Ал журналдың соңғы жылдардағы сандарында республикамыздың егемендік алғаннан кейінгі қадамдары, оны нығайту жолындағы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің ой-толғаныстары, сыни пікірлері жарияланып келеді. Ана тіліміз бен дініміз туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріміздегі шындықты еш боямасыз жариялап келе жатқан да осы “Ақиқат”.
Қай кезде де дүниенің тынысын дөп басып, ақиқат пен әділдіктің жауынгері бола білген ұлттық, қоғамдық-саяси журнал “Ақиқаттың” бүгін үлкен мерейтойы. Бұл тойды күллі ұлтымыздың тойы десе де болғандай. Себебі, өзінің 85 жылдық тарихында халқымыздың үніне рухани мінбер бола білген “Ақиқаттың” қашанда ел үшін орны ерекше қадірлі. Алда да бұл басылым көпшіліктің көңілінен шығып, бедел биігінен көріне береді деуге толық мүмкіндігіміз бар.
