- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
ХХ ғасырдың басында арнайы салалық басылымдар, оның ішінде білім, ғылым саласына арналған басылымдар көптеп шығып тұрды. Мәселен, «Қазақстан мектебі» - ҚазССР оқу министрлігінің ғылыми-педагогикалық журналы 1925 жылдың тамыз айынан бастап, ай сайын шығып тұрған. 1925-1933 жылдары «Жаңа мектеп», 1933-1938 жылдары «Ауыл мұғалімі», 1939-1941 жылдары. және 1946-1956 жылдары «Халық мұғалімі» деп аталған. 1960 жылдан бастап «Қазақстан мектебі» болып шыға бастайды. Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне, халық ағарту қызметкерлеріне, педагогикалық училище мен институт студенттеріне, ұстаздар мен ғалымдарға және оқырман ата-аналарға арналған журнал республикадағы халық ағарту ісінің сан алуан мәселелерін кеңінен талқылап, мұғалімдерге күнделікті жұмысқа көмекші боларлық әдістемелік нұсқаулар берілетін бірден бір басылым. Бұл басылым туралы: «Халық ағарту жүйесіне кіретін оқу орындары мен мектептің, кәсіптік техникалық училище, пионер сарайларының, жас техниктер мен натуралистер, халық ағарту мекемелері мен мұғалімдер үйлерінің жұмыстары мен педагогикалық іс-тәжірибелерін жинақтап, жасөспірім шәкірттерге сапалы білім, сапалы тәрбие беру жолында күреседі. Журналда педагогика тарихы мен теориясына байланысты зерттеу еңбектері мен практикалық мәндегі материалдар, оқулықтарға, әдістемелік құралдарға рецензиялар жарияланып отырған».
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары халық ағарту саласында сауатсыздықпен күресу мәселесі қолға алынып, барлық облыстар мен уездерде, болыстарда жергілікті Кеңестердің жанынан халық ағарту бөлімдері құрылып, бұл бөлімдер сауатыздықты жою және бұқараны мәдени жағынан көтеруге бар күшін салады. 1919 жылғы 26 қаңтарында В.И. Лениннің сауатсыздықты жою туралы декретіне орай 1920 жылы маусымда сауатсыздықты жою жөнінде Бүкілресейлік төтенше комиссия құрылып, Халық ағарту саласына қазақ зиялылары тартылғандығы тарихтан белгілі.
«Қазақ мерзімді баспасөзі сауатсыздықпен күресу науқанын насихаттаушы бірден-бір ақпарат құралы болып табылды. Қазақ мерзімді баспасөзі оқудың маңыздылығын түсіндіретін мақалаларды жариялауды бірінші кезекке қойды. Осы ретте «Мұғалім», «Бастауыш мектеп», «Жаңа мектеп» т.б. басылымдардың қызметі орасан болды. Осы салалық басылымдарда мектептер ашу, оқулықтар жазу барысы, мектептерде жаңа оқу бағдарламасымен оқыту, бастауыш мектептерде оқытылатын оқулықтардың сапасы, «Жойылсын сауатсыздық» ұйымдарының жұмыс барысы, мектептерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, білімді ұстаздар даярлау ісі жайында мақалалар үзбей жарияланып тұрды»[6,148-б].
ХХ ғасырдың басында әдеби-көркем, тек әйелдерге арналған салалық басылымдар да қанаттарын жая бастады. Өлкелік комитеттің әйелдер бөлімінің органы ретінде 1925 жылдың 5 мамырынан С. Есованың редакторлығымен шыққан «Теңдік» газеті, 1 шілдеден кеңейтілген журнал ретінде «Әйел теңдігі» атымен шығарыла бастады. 1934 жылдың аяғына дейін «Әйел теңдігі» 1935-1941жылдары, 1950-1954 жылдары «Сталин жолы» деп аталды. 1955 жылдың қаңтарында «Қазақстан әйелдері» болып шығарылды. Журнал қазақ әйелдеріне саяси және мәдени-рухани тәрбие берді, оларды партия мен кеңес үкіметі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды. Қазір журнал бәрімізге белгілі форматта шығады.
ХХ ғасырдың басында әдеби-мәдени салаларға арналған салалық басылымдардың үлкен бір шоғыры қалыптасты десек артық емес. Мәселен, білім, әдебиет, шаруашылық, саяси журнал ретінде Ташкентте «Шолпан» (1922), «Сана» (1922), Мәскеуде Н. Төреқұловтың бастамасымен «Темірқазық», Семейде М. Әуезовтің басшылығымен «Таң» (1925) журналдары шықты, С.Сейфуллиннің жетекшілігімен «Жаңа әдебиет» (1928), Ж. Аймауытовтың жетекшілігімен «Абай» (1918) журналдары шығып тұрды.
Қазақ журналистикасының зерттелуіне өзіндік үлес қосқан ғалым Т.Амандосов: «... «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ әдебиеті» газеттері де жалпы ұлттық салалық газеттер болып саналады...» [10,14-б] - деген. «Қазіргі таңда дүниежүзінде және елімізде де тек қана сөзжұмбақтардан, киім-кешек сәндерінен, әйелдердің сән сұлулықтарын насихаттайтын материалдардан немесе әзіл әңгімелерден тұратын салалық басылымдар көп» [11, 110-б],- дейді ғалым Қ.Шамақай.
Халықтың ұлттық мүддесін көздейтін басылым қоғамдық санаға өзінің ықпалын тигізеді. Салалық басылымдардың едәуір бөлігін мәдени тақырыптағы басылымдар қамтиды. Мәселен, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шығып келе жатқан «Мәдени мұра» ғылыми-танымдық журналы, тек әншілер мен олардың отбасына қатысты материалдарды жариялайтын «Жұлдыздар отбасы» журналы, мәдениеттің негізгі қордаланған проблемаларына арналған «Мәдениет» журналын айтсақ да жетіп артылады.
Қазақ баспасөзі тарихында салалық басылымдардың үлес салмағы жоғары және бүгінгі уақытта да сұранысқа ие. Салалық басылымдар қоғамдық іс-әрекеттерге тікелей болмаса да, жанама түрде араласа отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруда, қазақ халқының ұлттық мәдениетін дамытуда өзінің зор үлесін қосып келеді.
