- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.
Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы Қазақ баспасөзі тарихынан деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып , қазақ баспасөзі тарихына байланысты бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары жарық көрді.
Қазақ баспасөзін зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алянтровтың, Седельниковтың, Сабитовтың, сондай-ақ академик Ә. Марғұлан мен профессор Е. Исмайыловтың басшылығымен Ү. Субханбердина құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге болады.
Осылардың бәрі қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихы туралы жинаѓы кітап жазу қажеттігін туғызды. Бұл жөнінде Х. Беккожин көптен бері зерттеу жүргізді, бірақ бұдан 1830 –1960 жылдар арасында шыққан қазақ газеттерімен журналдарын түгелдей егжей-тегжейлі зерттеген екен деген ұғым тумауы керек. Бұл, біріншіден, тек бір кісінің қолынан келетін іс емес. Бұл кітапты ( Қазақ баспасөзінің даму жылдары ) автор өзінің және басқалардың зерттеулері негізінде жазды.
Екіншіден бір кітаптың ішінде қазақтың мерзімді баспасөзінің барлық жағдайын қамтуда мүмкін емес.
Әрине, қазақ баспасөзінің тарихын Россиядағы жұмысшы баспасөзінің тарихымен теңестіруге болмайды.
Біз жоғарыда қазақ баспасөзінің тарихи әр кезеңдегі тарихы оқиғаларға байланысты зерттелуі тиіс дедік. Бұл қазақ халқының әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайына тығыз байланысты зерттелуі тиіс деген сөз. Осылай зерттелгенде ғана баспасөздің қоғам дамуында атқаратын рөлі айқындала түседі
Облыстық ведомоствалармен қатар қазақ тіліне аударылып Орынборда Торғай газеті , Омбыда Дала уалаяты , Ауыл шаруашылық листогі сияқты газеттер шығып тұрды. Ташкентте қазақ тілінде шығарылған Түркістан уалаяты газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасында кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.
Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа қарамастан Қазақстан да мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер еттті . Патша өкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялай отырып, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, бұл органдар сонымен қатар өз беттерінде өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көрсетеді. Бұл газеттер де мал шаруашылығы мәселелері, жаңадан ашылған мектептер туралы кең жазылып отырды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның орхиологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып тұрды.
57.Стиль және оның түрлері мен стиль жайлы ғалымдар пікірі?
