- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
2О.Стиль және оның түрлері.
21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
Жалпыхалықтық тілдің сөздік қорын, лексикалықжеке сөздерін ұғынып, өз дәрежесіне сай қолданылуын басапсөздің тілі дейміз. Сондықтан жатық, тартымды, оқырманына түсінікті, жеңіл оқылатын етіп жазу – баспасөздің тілі болып есептеледі.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптарды айтпас бұрын, алдымен баспасөздің тілі мен стилі туралы әр кезеңде, әр жылдары шыққан, өзімізге қажет-ау деген әр түрлі нұсқаулардың мәтіндерімен қысқаша болса да танысып шығуға тырысалық. 1919, 1920 жылдары партияның VIII-XI съездері баспасөздің тілі мен стиліне құлаш-құлаш, түсініксіз материалдар беруге әуестенбей, мейлінше толық, бірақ та қысқа дәлдікпен жазуды талап етті.
Бертін келе, 1942, 1968, 1984 жылдары да аудандық газеттер олдардың тіл стильдері туралы да арнайы қаулылар қабылданды. Ол құжаттарда аудандық газеттердің мазмұнсыз, оқырман халыққа түсініксіз болып шығатындығы айтылды. Осыдан барып, енді баспасөздің тілі мен стиліне нақты талаптар қойыла бастады. Бұл арадағы ең басты талап – қысқалық, ықшамдылық. Яғни, хабар әрі қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Ал, ықшамдылық дегеніміз- баспасөздің бетін, яғни, газет бетін үнемдеу деген сөз.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын екінші талап, газет метериалдары әсерлі, тұщымды, бейімді, оқығанда тамсанып отырылып оқылуы тиіс.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын үшінші талап – тақырыптың, фактінің сипатына қарай үн, тіл, лексиканы дұрыс пайдалану қажеттігі. Өмірде қунанатын да, ренжитін де оқиғалар бар. Сондықтан, жанрды ажырата білген жөн. Тіл, стиль өте мәдениетті болуы керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын төртінші талап ондағы әрбір сөйле, сөз орамдары оқырманға дәл жеткізілуге тиіс, олар екі ұшты, екі түрлі мағына бермеуі керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын бесінші талап – тіл шұбарлығына жол бермеу, материалдарды таза қазақ тілінде жазу мәселесі.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын алтыншы талап сөздерді орынсыз қысқартып, мұнысы несі деп оқырманды аң-таң етіп қоймауымыз керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын жетінші талап кез-келген материалда даурығушылық, даңғазалық, көпірмешілікке барушылық болмауға тиіс.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын сегізінші талап автордың әрбір пікірі сенімді, құлаққа жұмбақ болуға тиіс. Мұнда өтірікке жол берілмеу керек.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын тоғызыншы талап онда әрбір сөз, сөйлемге саяси мән берілуі керек. Саяси жағынан ұстамды, мәнді болғаны жөн.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын соңғы оныншы талап әрбір сөз сөйлем мағынасына қарай сараланып қолданылуы керек.
22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
Қазақ баспасөзі жылдан-жылға өсіп келеді. Саны жағынан да, сапа жа¬ғынан да. Алғаш Тәуелсіздік алып, дү¬ние алақұйын болған сәтте нарықтық жү¬йеге қазақ басылымдары икемделе ал¬майды деген қауесет тарап еді. Құ¬дайға шүкір, ол кермеден тоқталмай өттік. Қазір жекеменшік басылымдар же¬терлік. Қазақтілді газет-журнал¬дардың 75 па¬йызы өз күнін өзі көріп, нарықтың қыспағынан құтылып, қоғамдық ортада бедел жинап жүр. Көтерген тақы-рыптары мен салалары әртүрлі. Мысалы, Шымкенттен 300-ге жуық газет шығады екен. Соның бәрі қалай таралып отыр, егер пайда таппаса? Әрине, оларды дәстүрлі басылыммен салыстыруға келмейді. Қоғам сұранысты өзі қалыптастырады. Күндердің күнінде газеттерді жаздыру ісі тоқырайды. Нақты тауар ретінде сатуға шығарылары анық. Батыста, көптеген шетелде солай. Мұндай кезде әрине тобырлық мәдениетке еңбек ететін өнімдер өтімді болуы да мүмкін. Қазірдің өзінде сол байқалады. Қазақ баспасөзі десе, криминалдық, эротикалық сарындағы ойдан құрастырылған әңгімелерді басатын газеттер еске түсіп жатуы да мүмкін. Біз соған жол бермеуіміз керек осы бастан. Ол үшін нақты іргелі басылымдар солардың алдын орауы қажет. Айталық, сын жағын күшейту ләзім. Қазақ газеттерінің көбінде сын аз. Сынды емеуірінмен, жалпыға қарата айтады. Жалпы жүйені сынау мәнсіз, одан түк өзгермейді. Одан да нақты жүйелерді, соттар мен прокурорлардың шешімдерін, облыс, аудан әкімдерінің бұрыс қадамдарын ашық жазуды үйренуге тиіс. Қазақ басылымдары облыс әкімі түгіл, аудан әкімін сынамайтын болып жүр. Егер сондай өтімді, ұрымтал тақырыптарды көбірек қаузаса, халық та сол газетті іздеп оқитын болады. Сондай уытты мәселеге қосып, толғамды, зерделі, тарихи танымды оятатын дүниелерді беріп отырса, оқырман газетті өзі іздеп оқитын деңгейге жетеді. Оқырманның бәрі интеллектуал емес. Оқырманның бәрі мәдениетке, тарихқа қызықпайды. Біздің газеттер ұлттық тарих, әдебиет, мәдениетті көп жазады. Бұл ұлттық идеологияның, мемлекеттік сананың қалыптасуына зор үлес қосады деп білемін. Алайда, күнделікті қоғамдық мәселелерден шет қалмау керек.
Жалпы, дәстүрлі БАҚ пен модерндік ақпарат құралдары бірін-бірі жоққа шығармайды. Интернеттік басылымдар бәрібір газеттің орнын ай¬ырбастай алмайды. Меніңше, екеуін тең ұстау, бірін-бірі толықтырушы күш деп білу аса маңызды. Қазақ журналистерінің орыстілді журналис¬терден артықшылығы – екі тілді тең білетіндігінде. Енді бәсеке ағылшын тілін білетіндер арасында жүреді. Бұл тілді қай тарап бұрын игерсе, солардың бағы үстем. Естуімше, «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерге оқуға кетіп жатқан журналистер бар дейді. Өзімізде жүріп те ағылшын тілін, одан өзге де шет тілдерін меңгерген журналистер бар. Солардың әлеуетін дұрыс пайдалана алсақ, ұпайымыз арта түседі.
Қазақ ойы, ұлт сөзі ұғымдары қашанда киелі. Ұлттың ойын айтып, жоғын жоқтау, өзі аш-жалаңаш жүрсе де, өзгеге болсын деп тілеу, көптің сөзін сөйлеу – журналистердің жазылмаған міндеті сияқты. Қазақ га¬зет¬тері елге, ұлтқа болса екен деуден танған емес. Кейде ашынып айтса, кейде жасырып, кемшілігімізді білдірмей айтуға дағдыланған. Бұл да ұлттық мінезімізге қатысты болса керек. Сөзге құрметпен қарау – қазақтың бо¬-йында бар қасиет. Ол қасиет барда, басылымдардың мерейі төмендемейді.
Бүгінгі қазақ басылымдарының денін назарымда ұстаймын. «Түркіс¬тан», «Дала мен Қала», «Айқын», «Алаш айнасы» газеттерінің өз бағыт-бағ¬да¬ры, ұстанымы бекіген. Осы газеттердің бас редакторлары әр тақырыпқа өзіндік көзқарасымен, елдік мүдде тұрғысынан қарайтынын байқаймын. Бұл басылымдарда небір түйінді мәселелер көтеріледі. Бірінікін екіншісі жалғап, танымдық-ағартушылық бағыттарды да жиі беріп отырады. Құрғақ ақпарат беру үрдісінен жалығатын күн жетті. Енді сараптау, саралау, ой қорыту қажет. Соны негізге алған газеттердің қатарында жоғарыда аталған басылымдар бар. Ал журналдардың нарыққа икемделуі тез секілді. Менеджменттің мүмкіндігін толық пайдалануға күш салу керек. Журналистикада іскерлік, байланысқа үлгерімділік уақыттың ағынына бой ұруға мүдделі.
