- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
Бүгінге дейін құрылымдық лингвистика тұрғысынан бірнеше ғылыми еңбекте қарастырылған баспасөз тілі жұмысымызда алғаш рет Адам факторының айналасында шоғырланған ақпараттық кеңістіктің материалдық көрінісі ретінде нысанаға алынды. Осыған орай жазба мәтіндегі тілдік және бейтілдік құралдар оларды пайдаланушы субъектілердің мақсат-мүдделері мен прагматикалық интенциясын жеткізуші тәсілдер ретінде қарастырылды. Осындай прагмалингвистикалық талдау нәтижесінде төмендегі өзекті мәселелер бірінші рет өз шешімін тапты:
– бүгінгі БАҚ биліктің төртінші тармағы деген атауға шын мәнінде лайықты, қоғамдағы бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы маңызды құрал болғандықтан оның бүкіл қызметі мен нәтижелерін көрсететін ауқымды ұғымға медиа-мәтін деген атау берілді;
– медиа-мәтін ақиқат болмыстың қандай да бір үзігін репрезентациялайтын күрделі де құрастырмалы модель ретінде қарастырылды;
– медиа-мәтін таза ақпараттық қызмет атқаратын қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның (автордың), кейде басылымның (редакцияның) саяси-идеологиялық ұстанымын да жүзеге асыратын стратегиялық мәні бар құрылым екендігіне көз жеткізілді;
– қазіргі қазақ басылымдарынан жиналған тілдік материал негізінде қазақ баспасөзінде тақырыптық, шығармашылық, коммуникативтік, прагматикалық еркіндіктің (сөз бостандығының) белең алып келе жатқандығы байқалды;
– газет мәтінінің прагматикалық әлеуеті (әсер ету күші) бір жағынан, автордың салалық біліміне, журналистік шеберлігі мен тілдік компетенттілігіне, екінші жағынан, мәтінде кодталған ақпараттың адресат тарапынан адекватты түрде интерпретациялануына тікелей байланысты болатындығына көз жеткізілді. Осымен байланысты газет мәтіні қабылдануының бірнеше деңгейі анықталды;
– мәтін авторы тек редакция тапсырмасын орындаушы ғана емес, кәсіби және энциклопедиялық білім қоры бар, өзіндік азаматтық позициясы мен прагматикалық ұстанымын оқырманға сауатты түрде жеткізе алатын тұлға ретінде танылды. Осымен байланысты қазақ журналистері арасында тілдік тұлға деңгейіне жеткен қаламгерлердің еңбектерін де арнайы зерттеу нысанасына айналдыру мүмкіндігі туындап отырғандығы айқындалды;
– қазақ тіл білімінде «адресант – газет мәтіні – адресат» үштағаны түріндегі дискурс алғаш рет газет материалдары негізінде арнайы қарастырылды;
– жазба мәтін тұңғыш рет бұқаралық коммуникациядағы автор мен оқырманның рөлдік статусын айқындайтын прагматикалық көрсеткіш ретінде танылды;
– тіл біліміндегі модальділік категориясы публицистикалық мәтіндегі прагматикалық қызметіне орай үш топқа жіктелді: бағалау модальділігі, эмоционалдық модальділік және дәйектеуші модальділік. Бұрынғы зерттеулерде негізінен алғашқы екеуі жан-жақты қарастырылған. Біз қосқан дәйектеуші модальділік БАҚ-тың негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын сендіру категориясынан туындайтындығы айқындалды;
– газет мәтіндерінде автор қолданатын прагматикалық интенсификаторлар (ақпараттың әсерін күшейтетін тәсілдер) сөз ойнату, контраст, тілдік қайталамалар сияқты үлкен үш топқа біріктіріліп қарастырылды;
– қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс PR (пиар) ақпаратты таратушы PR-мәтіндегі тілдік манипуляция тәсілдері негізінде ашылды;
– медиа-мәтіндегі ұлттық-мәдени концептілердің берілу ерекшеліктері айқындалды;
– медиа-мәтін жаңа қолданыстарды таратушы және тұрақтандырушы құрал ретінде танылды;
– газет мәтінінің негізгі қызметтерінің бірі – әсер етуді жүзеге асыратын қосалқы факторлар – айдар мен тақырыпат арнайы қарастырылып, олардың рәсімделуіндегі графикалық-айшықтаушы тәсілдер анықталды;
– медиа-мәтіндегі бейлингвистикалық құралдар қолданысын көрсететін айрықша тип – креолды мәтіннің прагматикалық әлеуеті айқындалды;
– газет мәтіндерінің жанрлық ерекшеліктері жеке-жеке сипатталып, олардың әрқайсысына тән ақпараттық сыйымдылық коэффициенті Маттуш формуласы бойынша анықталды;
– медиа-мәтін құрылымдық жағынан қарастырылып, ондағы негізгі ақпараттық мазмұн бірнеше прагматемаға бөліне орналасатындығы анықталды.
