- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
Ғылыми басылымдар-теориялық және эксперименталдық зерттеу нәтижелері және де баспаға ғылыми дайындалған мәдениет ескерткіштері мен тарихи құжаттар шығарылатын басылым. Ғылыми журналдар – ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққа таныстырып отыратын салалық не ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар. Ғылыми журналдар жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспасөздің бір саласы болғандықтан, оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақтылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зерттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға және ғылыми айналымға ұсынатын маңызды басылымдар болып табылады. Олардың ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктеріне қосатын үлесі елеулі.
Ғылыми журналдар оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке арналуына байланысты таза ғылыми журнал және ғылыми-көпшілік журналдар болып жіктеледі. Таза ғылыми журналдарға ғылымның белгілі бір саласына, соған орай тек сол саламен айналысатындар мен әуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды жатқызуға болады. Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиет», т.б. Ал ғылыми-көпшілік журналдарға ғылыми негіздегі, бірақ тақырып аясы шектеусіз, жалпы халыққа арналған журналдар жатады.
Қазақстанда шығатын мұндай ғылыми-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі – ай сайын шыққан «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы болды. Кейін республикада әр түрлі ғылым салалары бойынша шығатын салалық, сонымен қатар ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, ғылым-педагогикалық журналдар саны көбейді. Мысалы, «Ізденіс – Поиск», «Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы», «Известия Академии наук Республики Казахстан», «Вестник Академии наук Республики Казахстан», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», т.б
88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
Қазіргі жас, жаңа қалыптасып келе жатқан журналистердің арасында әр таң сайын «Қазақстан» ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушілері Берік Көшербекұлы мен Ирина Тенді ерекше атап өтер едім. Сөз саптаулары құлаққа жағымды, тілдері жатық, экранда өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениеті жоғары тележүргізушілер. Сол сияқты Самат Сүлейдің сөздері сүйектен өтеді. Нұрбек Бекбау білім, білігімен өзгелерден ерекше көзге түседі. Жаңалықтар жүргізетін ұлттық арнадағы Мейіржан Әлібектің мықтылығын айтпасам әділетсіз болар. Әу дегені әр қазақтың көңілінен шығып тұрады. Жас талантты журналистер бар. Кейінгі жас толқын, міне, осындай азаматтарға қарап бой түзесе деймін. Тележәшіктен жарқырағанның бәрін мықты деп айта алмаймын. Өкінішке қарай, экранда сөйлеу мәдениеті түгіл, қалай экранда дұрыс отыру керектігін білмейтіндерді де көріп жүрміз. Әрине, «бес саусақ бірдей емес».
89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
Алаш айнасы - республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық "Алаш айнасы" газеті 2008 жылы 28 қазан күнінен бастап жарық көре бастады. Аз ғана мерзім ішінде басылым еліміздің ақпарат кеңістігінде өзінін орнын берік айқындап, өз оқырмандарын таба білді.
Қазіргі уақытта газет өзінің таралу ауқымы мен тақырыптық аясын кеңейте түсуде. Редакцияда 7 бөлім, редакторат, секретариат және Астаналық бөлімше жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны - 63. Оның ЗЗ-i журналистер. Бұған қоса республикамыздың жеті ірі аумағында: Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан,Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Бүгінгідей ақпараттық қоғамда жылдам қызмет көрсету мақсатында "Алаш айнасының" әрбір жаңа саны бір мезгілде Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы баспаханаларда басылып, таратылады. Мемлекеттік тілде жарық көретін басылым аптасына 5 рет шығады. Беттерінің саны-8 (1-8-інші беттер толық түрлі-түсті).А 2 Форматта басылатын газеттін таралымы - 10 000 дана. Әйтсе де уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Бұған қоса интернет кеңістігінде газеттің электронды нұсқасы беріліп тұратын арнайы сайт жұмыс істейді.Оның да тұтынушылар қатары күн сайын өсу үстінде.
Газеттің бас редакторы - Серік Жанболат. Бас редактордың бірінші орынбасары - Мұратқали Дүйсенбаев. 1-ші бетте-сүбелі мақалалардың анонсы мен ең маңызды жаңалықтар; 2-ші бетте (саяси бюро) - саяси мәселелерді талдау; 3-ші бетте (нарық) - экономика және нарық түйткілдері; 4-ші бетте (қоғам) - қоғамдык-әлеуметтік тақырыптар, денсаулық, білім мәселелері; 5-ші бетте (өркениет) - әдебиет, мәдениет жалпы руханият проблемалары; 6-ші бетте (Алаш азаматы. Дат) - айтары бар Алаш азаматтарымен келелі әңгіме, сұхбат; 7-ші бет (дода) - спорт әлеміндегі жетістіктер; 8-ші бет - әзіл, афиша, жұлдызнама, ауа райы, белгілі адамдардың туған күндері.
Сондай-ақ күнделікті сұранысқа ие болып отыратын айдарлардың ішінен "Дат!", "Білгім келген бір сұрақ", "Ой-көкпар", "Экономика айнасы", "Алашты алаңдатқан сауал", "Дедімай-ау!" айдарларын ерекше атап өтуге болады. Мысаы "Білгім келген бір сұрақ" айдарында редакция оқырмандар тарапынан келіп түскен әр салаға байланысты кез келген сұраққа жауап береді.
"Ой-көкпар " айдарында белгілі бір өзекті мәселе төңірегінде туындаған сұраққа екі адамның қарама-қайшы пікірлері беріледі. "Дедімай-ау!" айдарыңда белгілі тұлғалардың абайсызда айтып қалған қызық та тосын ойлары, ұрымтал сөздерінен, өзге ақпарат құралдарына берген сұхбаттары мен жиын-тойларда айтқандарынан қысқаша үзінді беріледі.
"Алаш айнасы" алғашқы күндерден бастап-ақ "Көне түркі жазуын үйренейік!" және "Түбі бір түркі жұрты " айдарларымен тұрақты түрде танымдық жобасын жүзеге асырып келеді. Онда газеттің әр саны сайын алдымен көне түркі әліпбиінің бір әрпі таныстырылып, бұдан сон әрбір санда оқырманды бір-бір түркі халқымен қысқа-нұсқа таныстырылды. Бұл жоба әлі де жалғасын табуда.
