Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stilistika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192 Кб
Скачать
☆

83. Журналист және тақырып

Газет бетіне шыққан материалдың оқылуы көбінесе тақырыбының қалай қойылуына тікелей байланысты болады. Өйткені сәтті қойылған тақырып оқырманды бірден баурап алады. Оның да өзіндік сырлары жеткілікті.

Әдетте тақырыптың қойылуы мақалада айтылатын фактілерге тікелей байланысты. Көп іздене білетін журналист ресми материалдың өзіне де сәтті тақырып қоя алады. Бұл арада журналистің кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің молдығы, талантының дәрежесі шешуші роль атқарады. Тақырып кейде бір немесе екі сөзбен беріледі. Кейде кейіпкердің тұшымды бір сөйлемі тақырыпқа шығарылады. Кейде мақалада айтылатын ең негізгі ой-ұсыныс тақырып ретінде оқырман назарына ұсынылады. Кейде аллитерация және ассонанс тәсілдері қолданылып жатады. Тағы бірде мақал-мәтел тақырып жүгін арқалайды. Енді бірде жыр шумағының екі жолы тақырыпқа шығарылады.

Қалай болғанда да журналист оқырман назарын өз мақаласына аударуға тырысып бағады. Күнделікті газеттерге қарап отырсаңыз сәтсіз тақырыптар да өріп жүреді. Кейде бұған түсіністікпен қарауға да тура келеді. Өйткені газет жұмысы оперативтілікті қажет ететіндіктен ондағы жарияланып отырған мақалалардың барлығын құлпырған тақырыппен беріп отыруға уақыт жетісе бермейді.

Сонымен қатар оқырмандардың назарын аудару үшін тақырып беріліп, оның астына тақырыпша қойылады. Мұның өзі материалдағы фактілердің мәнін нақты аңғартуға қажеттіліктен туындаған.

Қазақ журналистикасындағы белгілі тақырып қоюшының бірі Сейдахмет Бердіқұлов. Ол «Лениншіл жастың» редакторы ретінде әрбір мақала тақырыбын ойнақы берілуін қадағалап қана қоймай, көптеген тақырыптарды әп-сәтте өзі өзгертіп жіберіп отырған. Сонымен қатар тақырып қоюды публицистер Сарбас Ақтаев, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп, Талғат Батырхан да ерекше меңгерген. Қазақ журналистикасындағы белгілі публицистер олардың талантын мойындаған.

Қазақ журналистикасында тақырып қоюдың хас шеберлері мол болғандығын айтып өттік. Мақала мазмұнын оқи бастағаннан-ақ сәтті тақырыпты бірден қоятын публицистер әдетте қазақтың шұрайлы тілін терең меңгергендер екендігі анық. Өйткені сәтті тақырып қою тілі бай публицистің қолынан ғана келеді.

84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.

Мәдениетке қатысты басылымдарды зерттеп жүрген ғалым Елена Дудинова мәдениет, өнер, әдебиет тақырыптарын көтеретін басылымдарды: бұқаралық, оған қоғамдық-саяси басылымдардан бастап ойын-сауықтық басылымдар жатады; мәдениет және өнер салаларындағы әртүрлі проблемаларды қарайтын салалық басылымдар; белгілі бір өнер түріне арналған, кәсіби мамандарға арналған арнаулы басылымдар»[12,154-б],- деп үшке бөледі. Қазіргі кезде қазақ журналистикасында салалық басылымдардың үлкен шоғыры қалыптасып келеді. Ол туралы ғалым Т. Бекниязов былай дейді: «Жалпы Қазақстандағы журналдардың көбі салалық болып жіктеледі. Әлеуметтік топталған және тақырыптық бағыттағы басылымдар бар. Мысалы, әдебиет пен өнерге арналған «Жұлдыз» журналы, қоғамдық-саяси бағыттағы «Ақиқат» журналы, медицина саласына арналған «Денсаулық» журналы, оқу-ағарту саласына арналған «Қазақстан мектебі» журналдары шығарылады. Балаларға арналған «Балдырған» мен әйелдерге арналған «Қазақстан әйелдері» журналы бар»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]