- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі
- •Акушерлік
- •Мазмұны
- •Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
- •І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Акушерлік іс философиясы
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы
- •Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері
- •Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру
- •Перинатальдік қауіп-қатерлерді ұпай арқылы бағалау (а.Г. Фролованың кестесі)
- •Ана өлімінің «қауіп-қатер» топтары
- •Әйелдер кеңесіндегі медициналық бике жұмысы
- •Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
- •Жанұяны жоспарлау
- •Акушерліктегі асептика мен антисептика
- •Жұқпалы аурулардың шығу көздері
- •Палата мен жабдықтарды дайындау
- •Жұмсақ жабдықтарды автоклавтауға дайындау
- •Күтім жасауда қолданылатын бұйымдарды өңдеу Медициналық термометрлер
- •Қызметшілерді тексеру
- •Іі тарау. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.
- •Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы
- •Сүт безінің анатомиясы
- •Сүт бездерін өз бетімен бақылау
- •Әйел өмірінің кезеңдері
- •Жатырішілік кезең
- •Жаңа туу кезеңі
- •Балалық шақ кезеңі
- •Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
- •Жыныстық толығу кезеңі
- •Климакстық кезең
- •Менопаузадан кейінгі кезеңі
- •Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
- •6 Сурет. Етеккір кезіндегі репродуктивті жүйенің мүшелеріндегі циклдік өзгерістер.
- •Етеккір кезеңінің гигиенасы
- •Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы
- •8 Сурет. Әйелдің жамбас сүйегі.
- •Үлкен жамбас қуысы
- •10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)
- •12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.
- •13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары
- •Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы
- •14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы
- •15 Сурет .
- •16 Сурет. Жасушының
- •18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.
- •17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.
- •Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер
- •Жетілген нәрестенің белгілері
- •Жетілген нәрестенің бас сүйегі
- •19 Сурет. Нәрістенің бас сүйегі.
- •Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
- •20 Сурет . Нәрістенің бас сүйегінің өлшемдері.
- •Ү тарау. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
- •Орталық жүйке жүйесі
- •Эндокринді жүйе
- •Иммунды жүйе
- •Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •Зат алмасу жүйесі
- •Тері қабаты
- •21 Сурет. Тері қабатының өзгерістері.
- •Жыныс мүшелері
- •Сүт бездері
- •Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері
- •Мәліметтер алу
- •Объективтік зерттеулер
- •Ішкі мүшелерді зерттеу
- •Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау
- •22 Сурет . Қынапты айнамен тексеру
- •23 Сурет . Жүктіліктің Горвица-Гегар белгісі
- •24 Сурет . Жүктіліктің Пискачек белгісі
- •Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау
- •25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары
- •26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.
- •Нәрестенің жатырдағы қалпы
- •27 Сурет.
- •28 Сурет
- •29 Сурет. Бірінші Леопольд тәсілі 30 сурет. Екінші Леопольд тәсілі
- •31 Сурет. Үшінші Леопольд тәсілі 32 Сурет. Төртінші Леопольд тәсілі
- •Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері
- •Тексерудің қосымша әдістері
- •Жүктілік мерзімін анықтау
- •Үіі тарау. Жүкті әйелдердің гигиеналық тәртібі мен тамақтануы
- •Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
- •Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (бдұ мәліметтері)
- •Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы
- •Босану кезеңдері
- •Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу
- •Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу
- •Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
- •38 Сурет. Жүкті әйелдің қынаптық зерттелуі.
- •39 Сурет. Қуыққа катетер қою.
- •Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы
- •40 Сурет. Нәресте басының жамбас қуысының жазықтарына қатынасы:
- •41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.
- •42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықтығындағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.
- •43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында
- •44 Сурет. Бастың туылуы
- •Шүйденің артқа қарап тууы
- •Шүйде сүйегінің алға қарап тууы
- •46 Сурет . Шүйде сүйегінің артқы қарап туылуындағы босану механизмі
- •Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері
- •47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)
- •Нәрестенің біріншілік туалеті
- •48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.
- •Бала жолдасының бөліну кезеңі.
- •49 Сурет. Бала жолдасының жатырдан бөлінуі
- •Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу
- •Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
- •50 Сурет . Шредер белгісі.
- •51 Сурет-----. Кюстнер-Чукалов белгісі
- •52 Сурет. Абуладзе тәсілі. 53 сурет. Гентер тәсілі.
- •54 Сурет . Креде-Лазаревич тәсілі.
- •55 Сурет.
- •Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
- •Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
- •Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру
- •Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
- •Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті
- •Босанған әйелді босану үйінен шығару
- •Еңбек ету, дем алу, тамақтану
- •Жыныстық қатынас
- •Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру
- •Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі
- •Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Нәресте жағдайын туғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау
- •Сыртқы белгілерді ұпаймен бағалау жүйесі
- •Нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Жетілген нәрестенің белгілері:
- •Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:
- •Тым жетілген нәрестенің белгілері:
- •Күтімнің жалпы ережесі
- •Жетіліп туған нәрестелердің күтімі
- •Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
- •Науқас нәрестелердің күтімі
- •Жетілмей туған нәрестелердің күтімі
- •Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
- •Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы
- •Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары
- •Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері
- •Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу
- •Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы
- •56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.
- •58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері
- •Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу
- •Цовьянов әдісі
- •59 Сурет. Нәресте тек бөксесімен орныққандағы Цовьянов әдісі:
- •60 Сурет. Цовьянов бойынша классикалық әдісі а - Нәрестенің “артқы” (сол қолын) босату б - Нәрестенің “артқы” (оң қолын) босату в - Нәрестенің басын Морисо-Левре әдісімен босату
- •Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
- •61 Сурет. Нәресте аяқтарымен орныққандағы Цовьянов әдісі
- •Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік
- •Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау
- •62 Сурет. Егіз жүктілікте нәрестелердің жүрек соғуының естілу орны.
- •63 Сурет. Егіз жүктілікте жатырдағы нәрестелердің орнығуы
- •Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
- •Хіү тарау. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
- •Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары
- •Ерте гестоздар
- •Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.
- •9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
- •Жүктілік шемені
- •Преэклампсия
- •Эклампсия
- •Жүктілік гестозының диагнозы
- •Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері
- •Гестоздың асқынуы
- •Гестоздың алдын алу шарттары
- •Хү тарау. Жатырішілік ұрықтың, қағанақ қабығы мен плацентаның аурулары және дамуындағы ауытқулары
- •Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі
- •Ми жарығы – мидың үлкен енбек, желке және кеңсірік аумағында шығып тұруы. Нәресте тірі туады, бірақ, әдетте, нәрестелік кезеңде шетінейді.
- •64 Сурет. Ұрық дамуының ақаулары
- •Кіндік ауытқулары
- •Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары Ұрықтың көпіршікке айналуы
- •Хорионэпителиома
- •Көп сулы жүктілік
- •Аз сулы жүктілік
- •Қағанақтың дер кезінде жарылмауы
- •Қағанақ қабығының уақытынан бұрын және ерте жарылуы
- •Қағанақтың кеш жарылуы
- •Плацента дамуының кемістіктері
- •Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы.
- •Хүі тарау. Аурулар кезіндегі жүктілік пен босанулар Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар
- •Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары
- •Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік
- •65 Сурет. Жатыр ақауларының дамуы
- •66 Сурет. Жыныс мүшелерінің теріс дамуы
- •Мамандандырылған акушерлік көмек
- •Хүіі тарау. Жүктілік және ана мен баланың
- •Иммунологиялық сыйыспаушылығы
- •Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары,
- •Резус-қайшылықты жүктілік
- •Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері
- •Гемолитикалық ауруды анықтау
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері
- •Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу
- •Хүііі тарау. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
- •67 Сурет.
- •Мезгілінен бұрын босану
- •Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары
- •Хіх тарау. Ұзаққа созылған жүктілік
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау
- •Мезгілінен кеш босану
- •Дәрігерлік амал
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу
- •Хх тарау. Босану әрекеттерінің ауытқуы
- •Босану ауытқуларының алдын алу
- •Ххі тарау. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
- •68 Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Сыртқы акушерия зерттеулері.
- •69 Сурет. Нәрестенің көлдеңен орналасуындағы асқынулар
- •Жүктілікті және босануды жүргізу
- •Ххіі тарау. Нәресте басының шалқая орналасуы
- •70 Сурет. Нәресте басының шалқая орналасуы а - төбесімен; б - маңдайымен; в - бетімен
- •Бастың маңдайымен орналасуы
- •Бастың бетімен орналасуы
- •Ххііі тарау. Жамбас қуысының тарлығы. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ағымы
- •Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі
- •Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •71 Сурет . Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •Тар жамбас қуысын анықтау
- •72 Сурет Тар жамбастағы іштің пішіні:
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
- •73 Сурет . Вастен тәсілі.
- •Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары
- •Ххіү тарау. Жүктілік пен босану кезеңдеріндегі қан кету
- •Плацентаның төмен орналасуы
- •74 Сурет. Планцентаның орналасу түрлері.
- •Емі және дәрігерлік амалы
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •75 Сурет. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері.
- •Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
- •Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
- •76 Сурет . А - жатыр мойны өзегінің жиырылуы кезіндегі плацентаның қысылуы. Б - плацентаның жатыр түтікшесінің оң бұрышында қысылуы.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
- •77 Сурет.
- •Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
- •Алдын алу амалдары
- •Ххү тарау. Босану жолдарының және нәрестенің жарақаттануы
- •Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі
- •78 Сурет. Жатыр жыртылуы.
- •Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері
- •79 Сурет. Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежелеріне тегіс салу.
- •80 Сурет. Жатыр мойнының жыртылуы. Қ асаға буынының ажырауы
- •Ххүі тарау. Акушерлік операциялар
- •Жатыр қуысын қыру
- •82 Сурет . Жатыр қуысын қыруыға арналған аспаптар
- •83 Сурет.
- •Босану жолын дайындайтын операциялар.
- •Аралықты кесу
- •84 Сурет Босану жолдарын дайындаутын операциялар.
- •Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •Шаптан тартып шығару
- •Нәрестені аяғынан тартып шығару
- •Акушерлік қысқаш
- •85 Сурет. Акушерлік қысқаш
- •Акушерлік қысқашты салу тәсілі
- •Вакуум-экстракция операциясы
- •Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары
- •Басты тесу операциясы
- •Бассыздандыру операциясы (декапитация)
- •Бұғананы кесу операциясы (клейдотомия)
- •86 Сурет . Нәрестені бөлшектеу операцияларының құралдары
- •Кеуде мен іш құрылысын босату операциялары
- •Омыртқаны бөлшектеу операциясы
- •Ххүіі тарау. Кесар тілігі
- •Операциядан кейінгі кезең
- •Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу
- •Ххүііі тарау. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
- •Босану жолдарының жарақаттануы
- •Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
- •Септикалық шок
- •Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы
- •Сүт бездерінің қабынуы
- •Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу
- •Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру
- •Тігісті алу техникасы
- •Ххіх тарау. Босану бөліміндегі операциялық блоктың жұмысы
- •Операциялық медбикенің міндеттері
- •Акушерлік операцияларға дайындық
- •Қынаптық операцияға дайындық
- •Операциядан кейінгі науқастарды күту
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту
- •Тері ішіне иньекция жасау
- •Бұлшық етке иньекция жасау
- •Көк тамырға иньекция жасау
- •Жүйені жинау
- •Терминдерге түсініктеме Акушерлік
- •Физиологиялық жүктілік
- •Жүктілік патологиясы
- •Физиологиялық босану
- •Патологиялық босану
- •Босанудан кейінгі кезең
Жанұяны жоспарлау
Соңғы он жыл көлемінде денсаулықты сақтау, әсіресе, әйел адамның бала туу қызметін сақтау мәселелері әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің жалпы ортақ жұмысына айналды. Денсаулықтың жалпы негізгі параметрлеріне: дұрыс тамақтану, спорт және дене шынықтырумен айналысу, ағзаға зиянды әсер ететін әдеттерден аулақ болу, көңіл-күйді жоғары ұстау, әр түрлі жұқпалы аурулардан сақтана білу, тұқым қуалайтын ауруларды болдырмау, қолайлы экологиялық ортада өмір сүру жатады. Осының бәрі салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары болып табылады.
Әйелдің денсаулығы мен бала туу қызметі арасында тығыз байланыс бар. Соңғы кездері жүктілік пен босану процесі 25 шамасына дейінгі әйелдерді онкологиялық /қатерлі ісіктер/ аурулардан сақтайды, қорғайды деген ұғымдағы ғылыми жұмыстар пайда болды. 19 жасқа дейінгі жыныстық қатынаста /ерте/ болу жатыр мойнының обырын көбейтуде. 20-24 жас аралығындағы жыныстық қатынас әйелдердің жасанды түсік жасатуын /медициналық аборт/, сүт безінің обырын 2 есеге дейін көбейтуде. Әйелдің бала туу қызметін реттеу, ретсіз жүктілікті болдырмау жанұяны /отбасын/ жоспарлау мәселесінің негізі. Бұл мәселе өте ертеден келе жатқан, ежелгі тарихы бар дүние. Жанұяны жоспарлау бала санын шектеу ғана емес, ол ана мен бала денсаулығын қорғау, өмірге дені сау, үмітті, көптен күткен ұрпақ әкелу деген түсінікті білдіреді. Сондықтан осы ұғымды дұрыс түсініп, қарапайым халық арасында дұрыс насихаттай білу қажет. Ерте уақыттан бастап, жүктіліктен сақтану заттары ойластырылған, ол жөнінде мақала жазған дәрігерлерді айыпқа тартатын болған. Осыдан 40 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында Дүниежүзілік жанұяны жоспарлау ассоциациясы құрылған. Бұл ұйым бүгінде өз қарамағында 123 елді біріктіріп отыр, ТМД аймағында жанұяны жоспарлау қызметі ХХ ғасырдың 20-жылдарында біраз жетістіктерге қол жеткізді, кейіннен оның дамуы қоғамдағы әр түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған. 80-жылдардың басындағы демографиялық жағдай осы мәселеге қайта оралуға себебін тигізді.
Жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
Бедеулі некені емдеу.
19 жасқа дейінгі және 35 жастан кейінгі жүктілік пен босанудың алдын алу.
Босану арасындағы аралық кем дегенде 3 жылдан аспауы керек.
Экстрагенитальді жыныс мүшесінен тыс аурулары бар жоғарғы қауіпті топ әйелдерінде жасанды түсікті болдырмау, оның алдын алу.
Бірінші жүктілігін жасанды жолмен /медициналық аборт/ алдырмау, онын алдын алу.
Сонымен, жанұяны жоспарлау – дүниеге тек қана үмітті баланың туылуын, сонымен қатар әйелдің бала туу қызметін бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Адамзаттың дамуы денсаулықты сақтау және қорғау, жанұяны жоспарлау, экономикалық прогресті дамыту деген ұғымды білдіреді.
Жанұяны жоспарлап, ретсіз, үміттенбеген жүктілікті болдырмау үшін әрбір әйел жүктіліктен қалай қорғанудың, яғни, жүктіліктен сақтанудың жолдарын білгені абзал.
Жүктіліктен сақтану жолдары. Адамзат ерте уақыттан бері бала туу қызметін бақылауға тырысқан. Әйелдің етеккір қызметін реттеу механизмі: бас ми қабығынан, гипоталамус, гипофиз, аналық без және жатырдан тұрады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар жүктіліктен сақтану заттарын өздері таңдайды.
«Контрацепция» латын сөзінен аударғанда «жүктіліктен сақтану» деген ұғымды білдіреді. Жүктіліктен сақтану заттарын қолдану нәтижесінде әйелдер арасында шамамен 40-50% жағдайда, жасанды түсікті 2 есеге төмендетуге мұмкіндік болады. Жүктіліктен сақтану заттары әсер ету принципіне сәйкес: а/ әйелдердікі, б/ ерлердікі болып 2-ге бөлінеді. Олар өзара механикалық, химиялық, физиологиялық, хирургиялық және биологиялық немесе гормондық препараттар болып бөлінеді. Бұл заттардың белгілі бір түрін қолдану әйелдің денсаулығына, оның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына, жыныс қатынасының жүйелілігіне байланысты. Ерлердің бала туу қызметін реттеу әдістеріне: презерватив, жыныстық қатынасты үзу, стерилизация ұрық жолдарын хирургиялық жолмен байлау жатады. Әйелдердің бала туу қызметін реттеу әдістеріне – биологиялық, физиологиялық, химиялық, механикалық тығындар, хирургиялық жатыр түтікшелерін байлау жатады.
Жүктіліктен сақтану заттарын белгілеу барысында 3 фактор: тиімділігі, асқынудың мүмкін болу қауіптілігі, әйел денсаулығына пайдалы әсері есепке алынады.
Жүктіліктен сақтанудың механикалық әдістеріне презервативтер, қынаптық диафрагмалар, жатыр мойына кигізетін қапшалар және жатырішілік тығындар /ВМС/ жатады. Қазіргі кезде тығынның 50-ден астам түрі бар, олар әр түрлі материалдардан жасалған және әр түрлі пішіндес (С – Т) болып келеді. Құрамында мыс бар тығындар қабыну ауруларының алдын алуға, асқынулардың сирек кездесуіне ықпал етеді. Инертті тығындар: Липпс ілмегі полиэтиленнен дайындалған, оның 4 өлшемі бар: 1 - 25 мм, 2 - 27,5 мм, 3 - 30 мм, 4 - 30 мм, бірақ салмағы жағынан ауырлау болып келеді. Контрацептивтік тиімділігі – 91-97%.
Мыстан тұратын тығындардың контрацептивтік тиімділігі – 93-98%, бұлардың Си- Т – 380, Си –Т – 200 және т.б. түрлері бар. Жатырішілік тығындар ұрықтану процесіне механикалық кедергі жасайды. Инертті және мыстан тұратын тығындардан басқа, жер шарында жүктіліктен сақтанудың жаңа 3-ші түрі – прогестероннан тұратын жатырішілік заттар кеңінен қолдауда. Тығын силиконды қапшықтағы /капсула/ прогестерон гормонынан тұрады, ол әйел ағзасында біртіндеп бөлініп, өзінің контрацептивтік әсерін тигізеді. Бұл прогестеронды тығындар қолданудың алғашқы 3 айлығында қанды бөліндінің жұғып келуін жиілетеді, бірақ кейінгі айлардан бастап, етеккір кезіндегі қан кету мөлшерін біраз төмендетеді.
Жүктіліктен сақтану заттарының түрін, салыну уақытын дәрігер шешеді. Тығындарды салардан бұрын гинекологиялық тексеру жүргізіледі, онда жатырдың орналасуы анықталады. Тығындарды салуға болмайтын қарсы көрсеткіштер:
Жүктілік;
жатыр денесінің миомасы;
жатырдың туа біткен дұрыс орналаспауы;
жатыр ішінің деформациясы;
жатырдың жедел немесе жедел үсті қабынуы;
жатыр мойнының жарасы;
жатыр денесі мен мойынының қатерлі ісіктері;
жатырдан дисфункционалды қан кету;
қаназдық;
мысқа аллергия жағдайы.
Тығын етеккірдің соңғы күні немесе етеккір цикілінің 5-7 күндері өзінің арнайы шприці мен өткізгішімен асептика және антисептика жағдайында емханада салынады. Тығындардың көбінің қолдану уақыты 3 жылдан 5 жылға дейін. Тығын етеккірдің 2-3 күндері арнайы ілмекпен алынып тасталады.
Тығынды салғаннан кейін асқынулардың алдын алу және тығынның дұрыс салғандығын бақылау жүргізу үшін УДТ жүргізіліп отырады. Бұл тексеруді 1 айдан соң, сосын әр 3 ай сайын өткізіліп отырады. Жатырішілік тығындардың тиімділігі әйел жасына, медицина қызметкерлерінің тығынды әйел денсаулығына сәйкестеп, таңдай білуіне, босану процесінің өту ерекшеліктеріне, бала санына, әйел денсаулығына, салған адамның тәжірибелік дағдысына, білімнің тереңдігіне тығыз байланысты болады.
Тығындар – жүктіліктен сақтанудың өте ыңғайлы, тиімді, қауіпсіз әдістерінің бірі. Көбіне асқынулар босанбаған әйелдерде байқалады, сондықтан тығындарды 18-45 жас аралығындағы әйелдерде қолданған жөн. Босанбаған әйелдерде қолдануға тиімді тығындардың бірі – мультилоуд /Голландия/ тығыны, көлденең және тік тармақтары қысқарған, мысы бар Т пішіндес тығындар.
Жүктіліктен сақтанудың химиялық әдістері. Грамицидин /паста/ қоймалжыңы, тюбикте паста күйінде 20-50,0 г шығарылады, сыртында қолдану мерзімі көрсетілген.
Қынаптың қабынуы – кольпит, эндоцервит – жатырдың мойын каналының шырышты қабатының қабынуында қолданылады. Емдік әсері бар. Тюбикпен бірге салынған арнайы ұштықпен қынапқа енгізіледі, жыныс қатынасынан бұрын 5-6,0 г, ал жыныс қатынасынан кейін 3-4,0 г мөлшерінде қолданылады. Қынаптық қақпақшалар және презервативтермен қатар қолданған жөн.
Т – контрацептин – қынаптық балауыз, құрамында хинозол, танин, бор қышқылы бар және майлы негізден тұрады. Жыныстық қатынастан 5- 6 минут бұрын салынады.
Трацептин – калий тұзы, крахмал, тальктен тұратын таблетка. Алдын ала жылы суға батырып алып, қынапқа жыныс катынасынан 10-15 минут бұрын салады.
Галаскорбин – аскорбин және галла қышқылының, калий тұздарының комплексті косындысынан тұратын таблетка. Жыныс қатынасынан 10 минут бұрын қынапқа салады.
Әр түрлі дәрілік ерітінділермен бүрку жасау. 1 литр қайнаған суға 2 шай қасық сүт қышқылының ерітіндісі; 1 литр суға 2 ас қасық сірке қышқылының ерітіндісі; 1 литр суға 1 г галаскорбинді еріту; 1 литр суға 1 шай қасық салицил қышқылының ерітіндісі осы қоспалардан бүрку жасалады.
Спермицидтер – химиялық заттарға жатады, олар ерлер ұрық клеткаларының қозғалуын тежейді, өлтіреді. Осы топ дәрісіне 9 ноноксинол жатады. Бұл дәрі қынап қабырғаларына түгелдей жағылуы керек, сол кезде тиімділігі жоғары болады. Химиялық заттардың жалпы тиімділігі – 50-70 %.
Биологиялық әдіс немесе гормонды препараттар. Дүние жүзінде қазіргі кезде 60-70 млн. әйел биологиялық-гормонды заттарды қолданады. Гормонды препараттарды:
18-ден жас және 35-40 жастан асқан әйелдерге;
көпіршікті тығын және хорионэпителиомада;
кесар тілігінен кейін /6 айға дейін/;
әр түрлі мүшелердің туберкулезінде;
сәулелі- және химиотерапиядан кейін;
қатерлі ісікте;
алкоголизм және жүйке ауруларында;
алдыңғы жүктілігінде тромбофлебит ауруының болуында;
жедел үсті эндокардит және ревматизмнің жедел сатысында;
гипертония ауруында;
кифосколиоздың ауыр түрлерінде;
лимфогранулематозда;
кез келген жердің қатерлі ісіктерінде;
геморрагиялық диатез ауруында;
бүйрек, бауыр, өт жолдарының ауыр түрдегі ауруларында;
жаңа соз ауруында /гонорея/;
өкпе эмфиземасы, демікпе, гепатит, қызамық, паротит /шошқа мойын/, полимиелит, скарлатина ауруларымен ауырған науқастармен байланыста, қарым-қатынаста болғанда;
темекі шегушілікте /күніне 15 дана/;
бой ұзындығы 150 см-ден төмен, яғни, қысқа болғанда;
етеккір қызметі тоқтағаннан кейінгі 2 жыл аралығында қолдануға болмайды.
Гормонды препараттардың қолдану сүт безі, аналық бездерінің ісік ауруларының жиілігін 40% дейін төмендететіні тәжірибе жүзінде дәлелденген. Гормонды препараттарды қабылдау кезінде барбитураттарды, антибиотиктерді, сульфаниламид препараттарын қатар қолдануға болмайды, өйткені олар гормондардың тиімділігі төмендетеді. Гормонды препараттар ең алдымен жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер етеді, тромбофлебит, миокард инфарктісі, инсульт ауруларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Гормонды препараттарды әйелдің гормондық фонын ескеріп, дәрігердің өзі ұсыныс беріп, өзі белгілейді.
Құрамы мен қолданылу әдістеріне сәйкес гормонды препараттардың 5 негізгі түрі бар:
Эстроген және гестаген компоненттерінен тұратын қосарланған препараттар.
Гестагеннің микродозасы /мини-пили/.
Гестагеннің немесе эстрогеннің үлкен дозасынан тұратын жыныс қатынасынан кейін қолданылатын препараттар.
Әсері ұзаққа созылған, гестагеннен тұратын, 3 айда 1 жасалатын /жамбасқа/ депо – препараттар.
Эластикалық қапшықтағы /капсула/ теріастылық имплантанттар. Тері астынын шел қабатына 5 жыл мерзімге отырғызылады.
Қазіргі кезде қолданылатын эстроген-гестагенді қосарланған гормонды препараттары 2 негізгі топқа бөлінеді: 1/ әр таблеткада күнделікті эстроген мен гестагеннің жеткілікті мөлшері бар бір сатылы /фаза/ қосарланған гормонды препараттар. Оған: бисскурин, овидон, ритевидон, демулен 1/35, лемулен 1/50, минизисто, марвелон, марселон 2/2 және 3 сатылы гормонды препараттар: 2 сатылы гормонды препаттар 2 сатылы гормондарға – антевин жатады, 21 таблеткадан тұрады, оның 11 таблеткасы – ашық – қызыл түсті. Етеккір цикілінің 5-ші күнінен бастап күніне 1 таблеткадан бір мезгілде ішеді. 3 сатылы гормонды дәрілерге триквилар, тризистон, трирерол жатады. 21 драже, оның 6-уы ашық қызыл түсті, 9-ы сарғыш түсті. Жыныс қатынасы қайталанғанда 3 сағат өтісімен 2 таблетка ішіледі. 1 айдың көлемінде 4 таблеткадан артық қолдануға болмайды. Бұл әдістерді жедел түрде, жүктіліктен сақтанудың механикалық заттарының ақаулығында /ерлер презервативті, қынаптық қапшалар/ қолданылады. Сонымен қатар, топтағы дәрілер – даназол, анодорин, динордрин-1 қолданылады.
Жүктіліктен сақтанудың физиологиялық әдістері. Жүктіліктен сақтанудың ең қарапайым және табиғи жолдарының бірі – физиологиялық әдіс болып табылады. Огине мен Кнаус деген екі ғалым етеккір циклінің белгілі бір мезгілде ғана ұрықтану процесі болатындығын анықтаған. Бұл мерзім етеккір келген күннен бастап санағанда етеккір циклінің 10-16 күндерінде болады. Осы кезеңде аналық безде фолликул жарылады да, оған сперматозоидтер қосылғанда ғана ұрықтану болады. Егер ұрықтану жүрмесе, овуляциядан кейінгі үшінші күні аналық ұрық клеткасы өледі. Сперматозоидтердің әйел жыныс мүшелерінде өсіп-өну қабілеті 2-3 күнге дейін созылады. Сол себептен жыныс қатынасы овуляциядан 2-3 күн бұрын немесе 6 күннен соң болса, ұрықтану процесі жүрмейді. Сондықтан, әрбір әйел бала көтеріп, туғысы келмесе, қауіпті күндерді есептеп біліп, сол күндері жыныс қатынаста болмағаны жөн. Әрине, мұндайда ең қиыны овуляция болатын күндерді анықтану. Ол үшін дәрігерлер бірнеше әдістерді қолданады. Солардың ішіндегі ең қарапайымы дене температурасы /қызу/ мен негізгі тік ішек қызуын өлшеу. Овуляцияны анықтану үшін күн сайын таңертеңгісін төсектен тұрмай тұрып, яғни, ағзаның тынығуы кезінде 1-3 етеккір циклі бойы температураны өлшейді. Ол үшін бір градусникті қолтық астына, ал екіншісін тік ішекке салады. Оларды өлшеген сайын жазып, кестеге түсіріп отырады. Сонда аз да болса, температураның өзгергендігін байқауға болады. Овуляция болатын алғашқы күннен бастап негізгі температура (тік ішектегі) 0,5-0,8 градуске көтеріледі де, етеккір келгенше бір қалыпта тұрады. Ал етеккір келер алдындағы 1-2 күн бұрын температура қайтып төмендейді. Мысал ретінде етеккір циклы бір мезгілде келіп тұрғанда (ай сайынғы келу мерзімі өзгермесе), овуляция күнін анықтауға болады. Әйелдің етеккір келу мерзімі ай сайын /етеккір циклі/ өзгеріп отырса, бұл кестені қолдану қиынға түседі. Кестеде көріп отырғандай, әрбір етекір циклі 3-ке бөлінен. 1 – ұрықтанбайтын, 2 – ұрықтанатын, 3 – қайтадан ұрықтанбайтын мерзім. Әр етеккір циклінің ұзақтығына байланысты бірінші ұрықтанбайтын күндердің саны өзгеріп отырады.
3 кесте
Етеккірдің циклі /ұзақтығы/ |
Ұрықтанбайтын күндер |
Ұрықтанатын күндер |
Ұрықтанбайтын күндер |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 |
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 |
8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 |
11 11 11 11 11 11 11 11 11 11 11 11 |
Кестені қолдану тәсілі. Әйелдің етеккір циклі 28 күнде қайталатын тұрады делік. Сондықтан кестеден 28 күндік етеккір циклін табамыз. Оның тұсында ұрықтанбайтын бірінші мерзім 8 күн, яғни, етеккір келген күннен бастап 9-шы күнге дейін жыныс қатынасы болса да, ұрықтану процесі жүрмейді. Одан кейінгі 8 күн ұрықтанатын күндер. Демек, бұл күндері жыныс қатынасында болмаған дұрыс, болмаса жүктіліктен сақтану әдістерін қолдану қажет.
