Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

15 Сурет .

Төртінші аптаның аяғы. Ұрық 5-8 миллиметрге өсті. Оның басында көз, құлақ, аузы, аяқ, қолдары дамыған. Дамыған құрсақ қуысы дамитын жүрекпен толық толған. Кіндік арқылы ұрық анасымен қарым-қатынаста.

Жатыр түтігінің ампулалық бөлігінде ана жасушасына көп сперматозоидтар қоршайды. Солардың ішінен біреуі аналық жасушасына еңеді (1). Аналық және аталық бездерінің қосылуынан кейін (2,3). Ұрықтану басталады (4,6). Тығыз жасушалы шарда ішкі қуыс түзіледі және ұрық көпіршік тәріздес болады (7). Түзілу жатырда жалғасады. Болашақ нәрестенің қабықшасы түзілуінен жасушаның сырқты қабаты көбейеді (8-9). Сыртқы жасушалар жатырдың кілегей қабатына еңіп (10). Бала жолдасының дамуы басталады. (11)

Шәует жатырға түскеннен кейін оның шырышты қабықшасына енеді. Әрине, шәует ену үшін етеккір цикліндегі процестер дайындық жасайды. Егер жатырдың шырышты қабықшасы жүктілікке дейін қалыңдығы 0,1 мм болса, шәует жатырға түскен кезде оның қалыңдығы 3-4 мм жетеді. Осы кезден бастап ұрық өсе бастайды. Егер әйел жүкті болмаса, онда әйелдің етеккірі келеді. Әйел ағзасындағы шәует жасушалары ұрықтанған күннен бастап жүктілік кезеңі басталады.

16 Сурет. Жасушының

А) аналық жасушаның ішіне сперматозоидтардың енуі.

  1. сперматозойдтар

  2. сперматозойдтарды қабылдауға түзілген төмпешік

Б) Морула түзілуімен бірге жетілген аналық жасушаларының көбею схемасы.

  1. мөлдір қабат.

  2. Бластомерлер

  3. Моруланың кезнңдері.

Одан әрі шәует ұсақталып, жатыр түтігі бойымен жатырға ауыса бастайды. Бұл 6-7 күнге созылады, осыдан кейін шәует-жатыр қуысына түсіп, оның қабырғаларының шырышты қабығына (қызмет етуші қабаты эндометрия) енеді. Бұл процесс имплантация деп аталады. Бұл кезеңге қарай эндометрий секреция фазасында болады. Шәует жатыр қабырғасына іліккеннен кейін эндометрий түбіне қарай ығысады да, үстінің шырышты қабаты қалыпқа келеді. Одан әрі плацентаның даму барысында бұдан плацентаның децидуальді қабығы түзіледі. Тромбласттан (екінші қабық) эндометрияның жұмыс істеуші қабатының түбіне дейін жететін түктері бар хорион түзіледі. Шәуетті қоршап тұратын үшінші (ішкі) қабат сулы қабықты (амнион) түзеді. Біртіндеп ұрық тамырлары хорион түктеріне жабыса өседі, ал ол болса шәует пен ана ағзасы арасындағы қарқынды зат алмасуды қамтамасыз етеді (16 сурет).

18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.

1. мезобласт

2-3 эктобластикалық көпіршік

4. трофобласт (цитотрофобласт )

5. синцитий

6. жатырдың кілегей қабатының жасушасының -----------------------

7. кілегей қабат (децидуальды)

8………

17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.

  1. жатырдың кілегей қабатын жабатын эпителий

  2. децидуальды жасуша

  3. қан тамырлары

Плацентация жүктіліктің 3-інші аптасынан басталады. Ұрық-плаценталық қан ағымының тұрақталуымен, яғни 13-інші аптаның соңына қарай плацентация кезеңі аяқталады. Кіндік тамырлары жүйесінің жергілікті тамырлы жүйемен байланысуы барысында ұрықтық-плаценталық қан айналым жүреді, яғни, ұрықтың тыныс алу, трофикалық және бөлу қызметтерінің орындалуын қамтамасыз ететін жатыр-плаценталық кешен түзіледі. Ананың қан тамырлары жүйесінен, ворсинпорин және олардың қан тамырлы жүйелері арқылы ұрыққа өнімді заттар мен оттегі өтеді. Одан әрі қан көк тамыр арқылы ұрыққа барады. Кері бағытта ұрық қанынан ана қанына кіндік күре тамырлары арқылы жойылуға жататын алмасу өнімдері жеткізіледі.

Ана мен ұрық қаны араласпайды, себебі ұрықтың өз алдына бөлек қан айналымының қан тамырлары болады.

Бұған қоса плацента ішкі секрецияның қуатты безі болып табылады, өйткені ұрық және ана гормондарымен бірлесе бір эндокрин жүйесін құрады (фетоплацентарлы кешен). Плацента синтездеп, ананың қан ағымына жүктіліктің қалыпты дамуына қажетті гормондар мен биологиялық белсенді заттар бөліп отырады.