Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.

Жыныс органдары қан және лимфа тамырларымен өте жақсы қамтамассыздандырылған. Жыныс органдарын ең басты қанмен қамтамассыздандыратын ол жатыр мен аналық без артериялары, олардың соңғы бөлімдері өзара анастамозданады. Жыныс органдарының барлық артериялары аттас тамырлармен қатар келеді. Жыныс органдарынан шығатын лимфа тамырлары лимфаны шат, мықын, бел, сегізкөз артерияларына және де басқа да лимфа түйіндеріне апарады.

Жыныс органдарының иннервациясына симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесімен жұлын, ми жүйкелері жатады.

Жыныс органдарының жүйке аяқталулары интерорецепторларға жатады, ал қозуды ішкі ағзалардан қабылдап, оны жүйке талшықтары және жоғары жатқан жүйке жүйесінің орталықтарына жеткізеді. Бұл орталықтар әр түрлі деңгейде орналасады: жұлын-миында, ми қыртысының астында және бас ми қыртысынжа. Жыныс ағзаларының жұмысына жоғарға жүйке орталықтары әсер етеді.

Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы

Әйел жыныс мүшелерінің қалыпты орналасуына жағдай жасайтындар:

  • асып қоюшы аппарат (байламдар);

  • бекітуші қыстырушы аппарат;

  • көтермелеуші немесе тірек аппараты (жамбас түбі);

  • жыныс мүшелерінің өздерінің тонусы;

  • ішкі мүшелер арасындағы байланысы.

Жатырдың асып қоюшы аппараты қосақталған дөңгелек, кең, воронкалы-жамбасты және аналық бездің өзінің жеке байламдарынан тұрады.

Бекітуші аппаратқа сегізкөзді-жатырлы, негізгі, жатырлы-қуықты және қуықты-қасаға байламдары жатады.

Тірек аппаратына бұлшық еттің үш қабаты және жамбас түбінің фасциялары жатады.

Жатырдың бүйір бөлімдері мен жамбас қабырғасы арасындағы кеңістікті тамырлар мен жүйелер кіретін жатыр жанындағы (параметральді) клетчаткалар (параметрий) алып жатыр. Сонымен қатар, жамбас клетчаткасына паравезикальді (қуыс жанындағы), паравагинальді (қынап жанындағы) және параректальді (тік ішек жанындағы) клетчаткалар кіреді.

1. Жұмыр байламдар (lig rotundum) – майда бұлшық еттерден және дәнекер тіннен тұрып, бау тәрізді түрлі болады, олардың ұзындығы 10-12 см. Жұмыр байламдар жатыр бұлшық еттерінен шығып (кішкене алға және түтіктер шығатын жерде төмен), жалпақ байламның алдыңғы қабығының астынан шап өзектерінің ішкі саңылауына өтеді. Шап өзегінен өтіп, жұмыр байламдар веер тәрізді тармақтанып, қасаға мен үлкен жыныс ернеулерінің клетчаткасына жалғасады. Жұмыр байламдар жатыр түбін алға қарай бағыттайды (алға қарай еңкейту); жүктілік кезінде жұмыр байламдар жуандайды және ұзарады.

2. Жалпақ байламдар (lig Latum) – жатыр қабырғаларынан жамбастың бүйір қабырғаларына дейін өтетін іш перденің қос қабықтары. Кең байламдардың жоғарғы бөлімдерінде түтіктер, артқы қабықтарда аналық бездер орналасқан, қабықтар аралығында клетчаткасында тамырлар және нервтер болады.

3. Сегізкөз-жатыр байламдары (Lig sacro uterinum) ­ жатыр денесі жатыр мойнының өту аймағының артқы бетінен шығып, екі бағыттан тік ішектен орап, сегізкөздің алдыңғы бетіне жалғасады. Бұл байламдар жатыр мойнын артқа қарай тартады. Босану кезінде жұмыр және сегізкөз-жатыр байламдары жатырдың орнында тұрып қала беруіне септігін тигізеді.

4. Аналық бездің өзіндік байламы (Lig ovaru proprium) ­ жатыр түбінің артынан және түтіктер шығатын жерінен төменнен басталып, аналық бездерге өтеді.

Жатырдың бекітуші аппараты тегіс бұлшықетті талшықтары бар дәнекертінді үлкен зат, олар жатырдың төменгі бөлімінен өтеді.

А) алға қуыққа қарай және одан соң шапқа қарай;

Б) жамбастың бүйірлі қабырғаларына – негізгі байламдар (lig cardinale);

В) сегізкөз-жатыр байламдардың негізін құра отырып артқа қарай;

Тірек аппараты жамбас түбінің бұлшықеттерімен фасцияладры құрайды.

Жамбас түбі ішкі жыныс мүшелерін қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі. Құрсақ ішіндегі қысым көтерілгенде (күшену кезінде, ауыр нәрселерді көтергенде, жөтел т.б.) жатыр мойны жамбас түбіне тіреледі, жамбас бұлшық еттері жыныс пен мүшелердің түсуіне кедергі жасайды.

Жамбас қуысының түбі. Жамбас қуысының шығаберісі төменгі жағынан шандырлы бұлшықетпен жабылған, бұны жамбас қуысының түбі деп атайды.

Жамбас түбі өте берік үш қабатты бұлшықеттен тұрады (9 сурет).

І. Төменгі (сыртқы) қабат бұтаралығының сіңірлі орталығында айқасып орналасқан бұлшықеттерден тұрады. Бұл еттердің пішіні жамбас сүйегінің сыртқы жиегіне ілінген сегіз санын еске түсіреді.

Буылтық - қуыс бұлшықеті (m. Bulbocavernosus) – ciңір орталығы мен шүртіге бекініп, қынаптың кіреберіс сыртқы ернеуін қоршайды, жиырылған кезде осы ернеуді қысып кішірейтеді.

Шонданай – қуыс бұлшықеті (m. Ischiocavenosus) – шонданай бұдырмағынан басталып, шүртіге бекиді.

3 сурет. Жамбас түбінің бұлшықеттері

  1. шонданай – қуыс бұлшықеті;

  2. буылтық – қуыс бұлшықеті;

  3. аралықтың орталық сіңірі;

  4. аралықтың сыртқы көлденең бұлшықеті;

  5. несеп-жыныс диафрагмасы;

  6. тік ішектің сыртқы сфинктері;

  7. Бартолин безі;

8-10 - жамбас түбінің диафрагмасы (m. Levator ani).

Бұтаралықтың сыртқы көлденең бұлшықеті (m.Transversus perinei superficualis) - шонданай сүйегінің төменгі бұтағынан басталып, орталық сіңірге барып жалғасады.

Тік ішектің сыртқы сфинктері (m.Sphincter ani externus) – құйымшақтан басталып, тік ішекті айналып орталық сіңірге барып бекінеді де, оның шығаберіс ернеуінің жабылуын қамтамасыз етеді.

ІІ. Ортаңғы қабат – несеп-жыныс диафрагмасы (diaphragma urogenitale) - жамбас қуысы шығаберісінің алдыңғы бөлігін алып жатады. Осы үш бұрышты жалпақ етті-шандырлы қабат шат сүйегінің астыңғы бұрышында орналасқан. Бұдан несепағар мен қынап өтеді.

ІІІ. Жоғарғы (ішкі) қабат – жамбас диафрагмасы (duapharma pelvis) – ішкі шеңбер еттері. Бұл еттер тік ішекті көтеретін қос бұлшықеттен тұрады. Бұл еттердің бір шеті тік ішектен басталады да, екінші шеті жамбастың ішкі бетіне бекиді.

Жоғарыда аталған бұлшықеттердің негізгі қызметтері:

1. Жамбас қуысы түбінің берік болуын, жыныс мүшелерінің дұрыс күйде орналасуын қамтамасыз етеді. Яғни, кіші жамбас қуысы ішінде орналасқан ағзаларға тірек болады

2. Босану кезінде жамбас қуысы түбіндегі үш қабат бұлшық еттің бәрі де созылып, қынап нәресте шығатын кең түтікке айналады, сөйтіп бұл еттер нәресте шығатын жолдың жалғасын құрайды. Босанғаннан кейін олар жиырылып, алғашқы қалпына келеді.