Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Сүт бездері

Жүктілік кезінде сүт бездері сүт бөлуге дайындалады, оған плацентада түзілетін гормондар жағдай жасайды. Сүт бездерінің безді бөліктері ұлғаяды, альвеола эпителилерінде ұсақ май бөліктері пайда болады. Бездердің қанмен қамтамасыз етілуі артады, теріасты көктамырлар кеңейіп, нәзік тері арқылы көрініп тұрады. Сүт бездері ширығып, жиірек жеңіл түрде шаншу сезіледі. Төс ұштары ұлғайып, төс ұшы маңы дөңгелекпен қоса қара дақтанады.

Жүктіліктің бас кезінде-ақ сүт бездерінен уыз тамшыларын сығып шығаруға болады.

Осыған орай, жүктілікке байланысты әйел ағзасында болатын барлық өзгерістер физиологиялық болып табылады. Бұл өзгерістер жүкті әйелдің ағзасына кесірін тигізбей, ұрықтың дұрыс дамуына жағдай жасайды. Бұдан басқа, жүктілік әйел ағзасының жаңаруына ықпал етеді.

Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері

Жүкті әйелдерді зерттеудің бірнеше әдістері бар:

  1. Мәліметтер алу.

  2. Объектілік зерттеулер (қарау, тыңдау, сипалау, өлшеу).

  3. Арнайы акушерлік зерттеулер.

  4. Жүктіліктің мерзімін анықтау.

Мәліметтер алу

Жүкті әйелден мәлімет алу белгілі бір жоспармен жүргізіліп, алынған мәліметтер әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіледі.

  1. Төлқұжаттық мәліметтері (аты-жөні, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен-жайы).

  2. Тұрмыс және еңбек жағдайлары

  3. Бала кезінде ауырған аурулармен қатар, тұқым қуалайтын ауруларды сұрап білудің мыңызы зор. Себебі ол, ұрпақтың дамып жетілуіне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, асқазан ауруларын анықтау қажет, өйткені жүктілік бұл ауруларды қайта қоздырып, босану кезеңдерін қиындатады

  4. Етеккір мәліметінде төменгі жағдайды анықтау керек:

А) Тұңғыш рет етеккір неше жаста келді, аралығы қанша күн, түрі және сипаты қандай, сонымен қатар етеккір кезінде, келген қан көлемі қандай?

Ә) Жыныстық қатынас басталғаннан соң, түсік болды ма және босанғаннан кейінгі етекккір сипаты қандай?

Б) Соңғы рет етеккір қашан болды?

  1. Секреторлық қызмет (бездердің сұйықтық шығару процесі) – жыныс жолдарынан бөлінетін сұйықтықтардың себептері.

  2. Жыныстық қатынас. Қай жастан бастап жыныстық қатынаста, нешінші некесі, жыныстық қатынас кезінде қанау және ауыру сезімдері бола ма, жоқ па ?

  3. Жолдасының денсаулығын анықтау. Тұқым қуалайтын және де басқа аурулармен ауыра ма жоқ па, арақ-шарапқа әуестігін анықтау.

  4. Бала туу шақтарында: соңғы жүктілік нешінші, алдыңғы жүктіліктің барлық босану жолдары және екіқабат кезінде жүрек, бүйрек т.б. ағзалардың жағдайы, босанғаннан кейін қандай аурулармен ауырады?

  5. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар, жыныстық қатынастың басынан алғашқы жүктілікке дейінгі мерзімді анықтаудың мыңызы зор. Егер жыныстық қатынастың басынан 1,5-2 жылда әйел жүкті болмаса, оның себептерін, босану кезеңдеріне әсерін анықтау керек.

Объективтік зерттеулер

Алынған мәліметтермен танысқан соң, объективті зерттеуге көшеді, ол көріп тексеруден басталады. Жүкті әйелді алғаш көрген кезде оның бойына, дене пішініне, толықтығына, сүт бездерінің жағдайына, іштің пішіні мен көлеміне, назар аударады.

Бойы – жүкті әйелдің бойын міндетті түрде өлшеу керек, бойы қысқа,150 см кем болған жағдайда немесе өте биік болса, жамбас өлшемдерінің өз ерекшеліктері болады.

Толықтығы – шамадан тыс арықтық немесе семіздік зат аллмасудың бұзылғанын көрсетеді және де ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылыуына байланысты аурулар кездеседі. Мұндай жағдайларда жүктілік, босану кезінде қиындай бастайды. Сонымен қатар екіқабат кезінде әйелдің бет әлпеті, емшек ұшы және емшек ұшының маңы қарауытып өзгереді, жүктілік жолақтары пайда болады. Жүкті әйелді зерттеу кезінде Михаэлис ромбасында көңіл бөлу өте қажет, оның сырт пішіні мен өлшемдері арқылы кейбір жағдайларда жамбастың пішінін, өлшемін анықтауға болады.