Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру

Орындау тәсілі:

  1. Әйелге баланы тамақтандыру тәртібі мен сүтті сүзу ережесін түсіндіру.

  2. Әйел адам қолын жылы сумен сабындап жууы керек.

  3. Сүт безін жуу.

  4. Қолды және сүт безін стерильді салфеткамен құрғату.

  5. Емізікшелерді және емізікше маңындағы жерді 1% бриллиант жасылымен өңдеу.

  6. Орындыққа немесе кереуетке ыңғайлап отыру.

  7. Аяқ астына орындық қою.

  8. Бірінші тамшысын сүзу.

  9. Баланы сүт безіне жақындатып, ауызына емізікше мен емізікше маңайын ұстатқызу.

  10. Нәрестенің мұрын жолдарын жаппау үшін бір қолымен сүт безін ұстап отыру.

  11. Нәрестені 15-20 минутттай тамақтандыру.

  12. Нәрестені стерильді жаялыққа кереуетке жатқызу.

  13. Емізген сүт безінде қалған сүт қалдықтарын стерильді ыдысқа сүзу.

  14. Сүт безін жылы сумен жуу.

  15. Стерильді салфеткамен ылғалдату.

  16. 15-20 минут ішінде ауа ванналарын қабылдау.

Стерильді ыдыстағы сүтті арнайы бөлмеде 30-50 мл оңқаларға құйып, кейін 5-7 минуттай сулы моншада залалсыздандырады. Бөлме температурасында суытып, 12 сағаттан кем емес уақытта тоңазытқышта сақтайды. Сүзілген сүтті баланы қосымша тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

Егер қандай да жағдайлар лактацияны тоқтатуға әкелсе, онда келесі шараларды орындау қажет:

  1. Сүт бездерін таңып, сүтті сүзеді.

  2. Ішілетін сұйықтық мөлшерін азайтады.

  3. Тұзды, іш өткізетін дәрілерді береді.

  4. Егер сүт көлемі ұлғайса, онда эстрогенді гормондардың үлкен дозалары беріледі (синестрол, парладел).

Есте сақта: сүтті тамақтандыру үшін сүзу тек сүт бездерінде жарықтар, әртүрлі қабыну аурулары жоқ әйелдерге ғана жасау рұқсат етіледі.

Төспен тамақтандыратын әйел адамның тамақтануы толыққанды және қосымша түрде байытылған болуы қажет. Каллориялары 3200 ккал. (112 г - ақуыз, 88 г - майлар, көмірсулар 310-324 г) болу керек. Сұйықтық мөлшері тәулігіне 2000 мл аспауы тиіс. Тамақ құрамында А, В12, Е, С дәрумендері және т.б. минералды тұздар (кальций, фосфор, магний, темір) жеткілікті болуы керек.

Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі

Әйелдер босанатын үйдің ең жауапты бөлімінің бірі ­ бөбектер бөлімі. Оның жұмыс тәртібінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Бөбектер бөлімінде бөбектер жататын бөлмелерден басқа жедел жәрдем, туберкулезге қарсы егу (ТҚБ), сүтті жинап залалсыздандыру (стерилизация), киім-кешек, тазалық бөлмелері болуы керек.

Бөбектер бөліміндегі төсектердің саны акушерлік бөлімшелерден 10-15% артық болады. Бұл бөлмелер кезекпен толтырылып, аналар бөлмелерінің толтырылуымен сәйкес келуі керек. Бір бөлмеде тек соңғы үш күн ішінде туған бөбектер ғана жатуы тиіс. Анасы не өзі сырқаттанған жағдайда бөбектер екінші акушерлік бөлімшеге ауыстырылады. Ондағы бөлмелер 1 бөбектік не боксқа бөлінген 2 орындық болуы керек.

Кейінгі жылдары арнайы перзентханаларда дені сау ана бөбегімен бірге бір бөлмеде орналасады.

Бірінші акушерлік бөлімнің бөбектер бөлімшесінде бір бөбекке 4-4,5 м2, екінішісінде 6-8 м2 орын бөлінуі қажет. Барлық бөлмелерде микробтарды жоятын кварц шамы тұрады.

Бөбектер бөлмесінің ауасы 22-240, шала туғандардікі 24-260 аралығында, ауасының дымқылдығы 60-65 % аралығында болуы керек. Бөлімшеде асептика мен антисептика ережелері катаң сақталады, күніне 3-4 рет микробтарды жоятын дәрілер қосылған сумен жуылады. Бөбектерді емізуге жіберген кезде бөлмелер желдетіліп, кварц шамдары қосылады.

Бөлменің жабдықтары:

- қабырғаға ілетін және жылжымалы кварц шамдары;

- айырма белгілері бар бөбек төсектері;

- бала орайтын үстелдер;

- салмақ өлшегіш таразы;

- дәрілер сақтайтын шкаф;

- залалсыздандырылған құрал-жабдықтар салынған биксті қоятын үстел;

- кір төсек-орынды жинайтын қапшықтар;

- нәресте таситын арбалар;

- қол жуғыштар;

- электрлі ваккум сорғышы.