Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік

Көпұрықты жүктілік ­ бұл бір мезгілде екі не одан да көп ұрықтың болуы. Көп ұрықты жүктіліктен туған нәрестелер егіздер деп аталады. Ең жиі кездесетіні ­ екі ұрықты жүктілік. Қос ұрықты жүктілік 70-80 жүктілікте бір рет, ал үш ұрықты ­ 6000-7000 жүктілікте бір рет кездеседі. Төрт және одан да көп ұрықты жүктілік өте сирек кездеседі.

Көп ұрықты жүктілік жиі жасы ұлғайған қайталай жүктілерде, жасанды ұрықтандыру нәтижесінде кездеседі. Бұл жерде тұқым қуалаушылық та орын алады.

Көп ұрықты жүктілік екі не одан да көп бір уақытта пісіп жетілген аналық жасушалардың ұрықтануы нәтижесінде туындауы мүмкін. Екі не үш аналық жасуша бір немесе қос аналық безде бір уақытта пісіп жетілген бір не әр түрлі (2-3) фоликулдарда дамуы мүмкін. Ұрықтанған екі аналық жасушаларда түзілген егіздер екі жұмыртқалы деп аталады. Бір аналық жасушадан түзілген егіздер бір жұмыртқалы егіздер деп аталады.

Қос жұмыртқалы егіздер бір жұмыртқалыққа қарағанда жиі кездеседі.

Екі жұмыртқалы егіздер. Ұрықтанған аналық жұмыртқалар өз бетімен дамиды. Жатырдың кілегей қабатына енген ұрықтанған әр аналық жұмыртқаның өз сулы және түкті қабығы дамиды; одан әріде егіздің әрқайсысында өзіндік тамыр жүйесі бар плацента түзіледі. Егер аналық жұмыртқалар бір-бірінен алшақ орналасса, плаценталар мүлдем бөлек болады. Ал егер аналық жұмыртқалар жақын орналасса, екі плацентаның жиектері бір-біріне тиіп тұрады болмаса бір-біріне жабысып, бір плацента құрап тұрғандай болады. Шындығында бұл қосылу тек көз алдаушылық; жақын орналасқан әр плацента өз алдына дербес, әрқайсысының өз тамыр жүйесі бар. Бұған қабықты қарау кезінде көз жеткізуге болады: әр қағанақ қабығының өзінің жеке сулы және түкті қабықтары болады. Бұл қабықтар бір-бірінен жеңіл бөлінеді. Екі жұмыртқалы егіздер бір жынысты (екеуі де ұл немесе қыз) және әр түрлі жынысты (ұл және қыз) болады.

Бір жұмыртқалы егіздер. Бір жұмыртқалы егіздердің түкті қабығы мен плацентасы ортақ болады, егіздердің плацентадағы тамырлары көптеген анастомоздармен байланысып жатады. Әр егіздің сулы қабығы бөлек, ұрық қабықтары арасындағы қалқа екі сулы қабықтан тұрады. Сирек жағдайда ғана егіздің екеуі де бір сулы қабыққа ие болуы мүмкін.

Бір жұмыртқалы егіздер әрдайым бір жынысқа жатады (екеуі де ұл не қыз), бір-біріне ұқсас болады. Қан тобы да біркелкі болады.

Егіздердің бір жұмыртқалы не екі жұмыртқалы екені туралы сұрақты шешу барысында плацента мен сыртқы қабықты қараудан алынған мәліметтерге жүгінеді (ортақ, екі бөлек немесе екі жабысқан). Екі ұрық қабығы арасындағы қалқаның неше бөліктен құралғанын (екі не төрт) анықтау ерекше маңызға ие.

Көп ұрықты жүктіліктің ағымы

Көп ұрықты жүктілік кезінде ана ағзасына қойылатын талаптар артылады. Жүрек-қан тамыр жүйесі, өкпе, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелер қатты жұмыс істей бастайды.

Осыған байланысты көп ұрықты жүктілік ағымы бір ұрықты жүктілік ағымымен салыстырғанда ауыр болады.

Жүкті әйелдер шаршағыштыққа, ентікпеге, асқазанның қыжылдауына, іш қатуға, зәр шығарудың бұзылуына жиірек шағымданады.

Көп ұрықты жүктілік кезінде құсу, сілекей ағу, ісіну, нефропатия, эклампсия түріндегі токсикоздар жиі кездеседі.

Көп ұрықты жүктілікте мезгілінен бұрын үзілу жиі байқалады. Егіздер кезінде жүктіліктің мезгілінен бұрын үзілуі 25% әйелдерде, үшеулер кезінде – одан да жиі кездеседі. Ұрық саны неғұрлым көп болса, мезгілінен бұрын босанулар саны солғұрлым жиі болады. Көп ұрықты жүктілік кезінде әйелдер ерекше есепке алынады. Жүктіліктің екінші жартысында жүйелі түрде қан қысымын, салмағын өлшеп, зәрін зерттейді, жалпы және акушерлік тексерістер өткізіп отырады. Асқынулардың ерте белгілері пайда бола бастағанда, жүкті әйелді босану үйінің жүктілер патологиясы бөлімшесіне жолдайды. Көп ұрықты жүктілік кезінде босанудың мезгілінен бұрын үзілу қаупі жиі болатынын ескере отырып, асқыну болмаған күннің өзінде жүкті әйелді босануға дейінгі 3 апта бұрын босану үйіне жатқызады.

Жедел босанулар кезінде егіздер көбіне дұрыс дамиды. Мезгілінен бұрын туған нәрестелер жетілмеген болады; тіпті жетілмеген балалардың тіршілік ету қабілеті төмендейді.

Бір жұмыртқалы егіздер өнімді заттардың ортақ плацентадан біркелкі түспеуіне байланысты кейде бірдей дамымайды. Өнімді заттармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген ұрық дамуы тежеліп, шетінеп кетуі де мүмкін. Шетінеген ұрық, әдетте, екінші, дамуы жақсы ұрықпен жаншылып қалады. Престелген ұрық («қағаз ұрық») тірі егіз туғаннан кейін жатырдан бала жолдасымен бірге шығуы мүмкін. Бір жұмыртқалы егіздер кезінде, сондай-ақ, ұрықтың біреуінің суы көбейіп, екіншісінің дамуына кедергі жасауы мүмкін. Сирек бітескен егіздер туады ­ бітесулер бас, кеуде, іші, жамбас аумақтарында кездеседі.

Көп жағдайда (90%) нәрестелер ұрықта көлденең орналасады. Нәрестелердің көлденең орналасуында жамбас қуысына жақын жатқан бөліктің түрлі нұсқалары байқалады: екеуі де басымен орналасқан, екеуі де жамбасымен орналасқан, біреуі ­ жамбасымен, екіншісі ­ басымен орналасқан. Біреуінің ­ көлденең, ал екіншісінің тік орналасуы сирек кездеседі.