Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу

Бұл күрделі мәселенің алдын алу әйелдер кеңес орнынан басталады.

1. Жатыр-плацента қан айналасының жетіспеушілігін тудыратын «қауіп-қатерлі» топтағы жүкті әйелдерді ерекше есепке алу қажет.

2. Әйел ағзасын инфекция ошағынан тазарта отырып, 12; 20-23; 30-32 жұма аралықтарында плацентаның қан айналысын жақсартатын дәрі- дәрмектерді 12-14 күн береді.

3. Ем нәтижесіз болса, әйелді босану үйіне жатқызады

4. Босану тәсілдерін анықтап, босану әрекеттерін дұрыс жүргізу қажет

Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы

Нәресте жамбаспен жатқан кезде босану қалыпты жағдайда өтуі мүмкін, бірақ, көбіне нәресте тұншығып не өлі туады. Жамбаспен жату жүктілер арасында 2-3,5%, олардың мезгілінен бұрын босануы өз мезгілінде босанғандармен салыстырғанда 1,5-2 есе көп.

Нәресте жамбаспен 2 түрлі жатады:

І. Құйрықпен (бүгілген)

ІІ. Аяқпен (жазылған)

Нәрестенің құйрықпен жатуының өзі таза құйрықпен (толық емес) және аралас құйрықпен жатуы (толық) деп екі топқа бөлінеді .

Таза құйрықпен жатқанда, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек құйрығы орнығады, екі аяғы (жамбас-сан буынында бүгіліп, тізе буынында жазылған) тұлға бойында созылып жатады.

Толық аралас құйрықпен жатқанда, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына нәрестенің құйрығы аяқтарымен бірге келеді (жамбас-сан, тізе буындарында бүгілген).

Нәресте жамбас қуысында тек аяқпен де келеді (толық және жартылай). Толық түрінде, жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас-сан тізе буындарында сәл жазылып жатады. Жартылай түрінде, жамбас қуысында нәрестенің тек бір аяғы тұла бойына созылып жатады.

Жамбаспен жатудың себептері:

Қағанақ суының көптігі; егіз жүктілік; жамбас қуысының тарлығы; нәресте салмағының және басының ірілігі; жатырдың жиырылу қасиетінің төмендеуі; жатыр ісіктері.

Ж

56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.

а, б – жартылай түрі тек жамбаспен жатады

в – толық түрі (бөксесі және аяқтары бірге жатады)

г – толық түрі (нәрісте екі аяғымен жатады)

д – жартылай түрі (нәрісте тек бір аяғымен жатады)

амбаспен жатуды анықтау

в

г

д

а

б

Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау кезінде сыртқы, ішкі акушерлік зерттеулердің тәсілдеріне сүйенеді.

Біріншіден, бұндай жағдайда жатыр деңгейі жоғары тұрады, себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді болуына байланысты жамбас қуысының кіреберісіне толық қондырылмайды.

Сыртқы зерттеу кезінде Леопольд тәсілдерін қолданып, жамбас белдеуіне жақын, нәрестенің көлемді, жұмсақ, шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Ал жатыр түбінде оның дөңгелек, тығыз, қозғалмалы басы анықталады. Нәрестенің жүрек соғысы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.

Қынаптық зерттеу кезінде құйрықаралық сызық (linea intertrochanterica) жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, нәрестенің сегізкөз, құйымшақ сүйектерін де анықтауға болады (таза құйрықпен жатқанда). Ал аралас құйрықпен жатқан кезде оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте құйрықпен орналасқанда, көбінесе оны бетпен шатастырады. Сондықтан, сегізкөз, құйымшақ және өкшені табу қажет. Ал нәресте бетпен жатқан жағдайда, қас жиегін, мұрын түбін анықтау қажет. Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау қиындаса, қосымша ультрадыбыстық, амниоскопиялық зерттеулер жүргізіледі.

Жүктілікті жүргізу

Нәресте жамбаспен жатқан кезде, жүктілік кезеңінің баспен жатқандағыдан еш айырмашылығы жоқ, бірақ бұл кезең жүктіліктің екінші жартысындағы гестозбен жиірек асқынуы мүмкін. Сондықтан жүктіліктің, босанудың көп асқынуларын ескере отырып, ондай әйелді алдын ала екі жұма бұрын перзентханаға жатқызып түгел клиникалық тексеруден өткізіп, ультрадыбыстық және нәрестенің жүрек соғысын кардиотограмма арқылы тексереді. Тексеру барысында анықтайтын мәселенің бірі – босану кезеңдерінде жүктіліктің нәрестеге туғызатын қауіп-қатерлерінің дәрежесі. Осыған байланысты нәрестесі жатырда жамбаспен орналасқан жүкті әйелдерді үш топқа бөледі:

1. Жамбас қуысы тар, нәрестенің салмағы ірі, жасы 30-дан асқан және жүрек ауруымен ауыратын әйелдер, бұлар ең жоғарғы дәрежелі «қауіп-қатер» туғызатын топтар, сондықтан оларды тек кесар тілігі арқылы босандырады.

ІІ. Орташа дәрежелі «қауіп-қатер» туғызатын әйелдер. Бұл топта көбіне босану кезеңдері асқынып, жедел жәрдем беруге тура келеді.

ІІІ. Төмен дәрежелі «қауіп-қатер» туғызатын әйелдер. Олар, әдеттегідей, өздері босанады.