Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы

Себептері: жатырдағы нәрестенің қысылуы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы, тыныс жолдарының бітелуі, ұрықтың кемтарлығы, өкпесінің жетілмеуі.

Туғаннан кейінгі нәрестенің тұншығуы үш дәрежелі: жеңіл, орташа, қатты тұншығу, ол Апгар көрсеткіштерімен бағаланады.

7 кесте

Апгар шкаласының баға көрсеткіштері

Белгілері

Бағалары

2

1

0

Жүрек соғысы

Жоқ

Минутына 100-ден кем

Минутына 100-140

Дем алуы

Жоқ

Сирек, ретсіз

Ретті, дұрыс туа шыңғырады

Тітіркену жауабы

Жоқ

Әлсіз, баяу

Жақсы

Терінің түсі

Аппақ не сұп-сұр

Қызғылт, тек аяқ-қолы сұр

Қызғылт

Еттерінің жиырылу қуаты

Жоқ

Бәсең

Жақсы, қимылы жылдам

8 кесте

Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары

№

Жағдайы

Бағаның жинағы

Жағдайы жақсы

8-10 балл

Жеңіл тұншыққан

6-7 балл

Орташа тұншыққан

4-5 балл

Қатты тұншыққан

1-3 балл

Өлі туған

0 балл

Тұншығу белгілері бар нәрестеге жедел жәрдем көрсетіп, тынысын қалпына келтіреді.

Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері

Өмірге келген сәбидің үш түрлі тұншығуы кездеседі:

І. Тұншығудың жеңіл түрінде (Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл):

1. Тыныс жолдарын, аузын, асқазанды резеңкелі баллон сорғышын, не вакуум сорғышын пайдалана отырып шырыштан, сілекей-судан тазарады;

2. «Лада», «Вита» тағы басқа дембергіш құралдарды қолдана отырып қосымша дем беріп, оттегін жеткізеді.

3. Бірден кіндік венасына 5,0 мл/кг 10% глюкоза мен 8 мл/кг кокарбоксилаза сұйықтығын құяды (баланың салмағына қарай).

ІІ. Тұншығудың орташа түрінде (Апгар шкаласы бойынша 4-5 балл):

1. Резеңке баллон сорғышын не ваккум сорғышын пайдалана отырып тыныс жолдарын, аузын, асқазанды шырыштан, сілекей-судан тазартады;

2. «Лада», «Вита» тағы басқа дембергіш құралдарды қолдана отырып, қосымша дем беріп, оттегін жеткізеді;

3. Бірден кіндік тамырға 5,0 мл/кг 10% глюкоза мен 8 мл/кг кокарбоксилаза сұйықтығын құяды;

4. Нәрестенің өзі дем ала алмаған жағдайда үш минуттан кейін қайталап, тыныс жолдарын, аузын шырыштан, сілекей-судан тазартады. Содан кейін интубация аппаратын (ӨЖЖ) қолданып, дем алуына көмектеседі.

Тұншығудың қатты түрінде (Апгар шкаласы бойынша 1-3 балл):

1. Резеңе баллон сорғышын не вакуум сорғышын пайдалана отырып тыныс жолдарын, аузын, асқазанды шырыштан, сілекей-судан тазартады.

2. Ларингоскоп арқылы тыныс жолдарын шырыштан, сілекей-судан тазалап, содан кейін дем беретін интубация аппаратын (ӨЖЖ) қолданады.

3. Бірден кіндік венасына 5,0 мл/кг 10% глюкоза мен 8 мл/кг кокарбоксилаза сұйықтығын құяды, преднизолон (1-2 мг/кг) немесе гидрокортизонды (5 мг/кг) қолданады.

4. Жүрек соғысы өзгерген кезде: а) жүрек соғысы сиреп минутына 80-нен төмен болған жағдайда жүрек тұсын, басын уқалайды, венаға 2-3 мл 10 % кальций глюконатын құяды; б) жүрек тоқтаған мезетте жүрек тұсын басып уқалайды, сонымен бірге кіндік тамырына 0,1 мл 0,1 % адреналин сұйықтығын құйып, преднизалон мен гидрокартизонды қайталайды. Жоғарыдағы емдерден нәтиже болмаса, жүрек қуысына 0,1 мл 0,1 % адреналин сұйықтығын жібереді.

Егер тұншығудан құтқару тәсілдері 10-15 минуттың ішінде нәтиже бермесе, оны тоқтатады.

Қосымша:

Апгар шкаласы бойынша 8 бал болып туған, бірақ іште тұншыққан нәрестеге:

1. Резинка баллонын не вакуум сорғышын пайдалана отырып тыныс жолдарын, аузын, асқазанды шырыштан, сілекей-судан тазартады.

2. «Лада», «Вита» тағы басқа дем беретін құралдармен қосымша дем беріп, оттегін жеткізеді.

3. Бірден кіндік тамырға 5,0 мл/кг 10% глюкоза, 8 мл/кг кокарбоксилаза сұйықтығын құяды.

Тұншығудың жеңіл түрін басынан кешкен нәрестеге глюкоза, кокарбоксилаза лазикс, «В», «С» тобындағы дәрумендерді береді. Ал ауыр түрде тұншығып туған нәрестеге күкірт қышқылды магнезияны, кокарбоксилазаны, аминазинді, плазма сұйықтығын, 20% глюкозаны, инсулин ертіндісімен, реополиглюкинді кеңінен қолданады. Тұншығып туған нәрестені бірден анасына емізуге бермейді, жоғарыдағы аталған емдерден кейін оның жалпы күй-жағдайын анықтап барып емізуге береді.