Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Биомеханизм ерекшеліктері

Жамбаспен жатқан нәрестені туудың биомеханизмін бес кезеңге бөледі:

1. Нәресте жамбасы құйрықаралық сызығымен әйел жамбасының кіреберіс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Қиғаш өлшемге сәйкес, нәресте құйрығымен жамбас қуысына жылжыйды, алдыңғы жақтағы құйрық өткізгіш міндетін атқарады.

2. Нәресте ішке қарай бұрылып, құйрығымен жамбас қуысының қиғаш өлшемімен оның түбінде тік өлшемге көшеді. Алдыңғы жақтағы құйрық қасағаға, артқы жақтағы құйрық сегізкөзге келіп тіреледі.

3. Нәрестенің алдыңғы жақтағы құйрығы жамбас қуысынан шығып, оның мықын сүйегі қасаға доғасына келіп, тірелу нүктесін құрайды. Осы мезгілде нәресте бір бүйіріне қарай қисайып артқы жақтағы құйрық жамбас қуысынан өзі шығады. Сол кезде нәресте тұлғасы түгелімен түзеледі де, ана бір-екі рет күшенгеннен кейін ол кіндік түбіне, содан кейін жауырын бұрышына дейін арқасымен шамалы алға бұрылып туады.

4. Нәрестенің иық белдеуі түгел көрінеді. Нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шағы беріс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді.

Бұл жағдайда алдыңғы иық, қасағаның астына келіп орналасады, артқы иық жамбас қуысынан шығады.

5. Бастың төбе жігі жамбастың қиғаш өлшемі арқылы, бірақ құйрықтың өтпелі қиғаш өлшемінде қарама-қарсы өтеді.

Н

әрестенің басы бүгілген күйде жамбас қуысында, ішке бұрылыс жасап, желкесімен шат сүйегіне, ал бетімен сегізкөзге қарай бұрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына келіп тіреледі, басы бүгіліп, жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке шыға бастайды. Сонымен, нәресте жамбаспен жатқан кезде бас жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемнің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні өзгермейді.

57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.

а - нәресте жамбасы құйрықаралық сызығымен сол қиғаш өлшеміне сәйкес орналасқан.

б - нәресте тұлғасының бел омыртқа тұсында бір бүйріне бүгілуі

в – иіктың ішкі бұрылысы және тұлғасының сыртқы бұрылысы

г – бастың бүгілуі және оның туылуы

а

б

в

г

58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері

Жамбаспен жатқан нәрестенің баспен жатқанмен салыстырғанда босану кезеңдерінің едәуір ерекшеліктері бар:

Босанудың 1-ші кезеңінде қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсізденуі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.

Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасын толық қысып ұстай алмаған жағдайда қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып, қағанақтың тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойыны түгел ашылмай тұрып) нәресте кіндігінің, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсіп, босанудың асқынуына әкеледі. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезеңде сақтаудың маңызы зор. Ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жаққа қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет «ыдысына» отырғызады. Осы кезеңде нәресте жүрегінің соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Жатырдағы нәрестенің қысылуын алдын ала ескерту үшін оттегін, 20,0 мл 40 % глюкозаны, 1,0 мл АТФ 100 мл кокарбоксилаза, 0,01 гр метионин, 0,02 гр фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.

Ал толғақтың әлсіздігіне әсер ететін жағдайлар жатыр қабырғаларының созылуы, жамбастың жұмсақтығына байланысты жатырдың қозу қасиетін бас сияқты күшейте алмайды. Жатырдың қозу, жиырылу қасиетін тек дәрі-дәрмектер қолдану арқылы күшейтеді.

Босанудың екінші кезеңін жүргізгенде дәрігер ұстамды болуы керек. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғысын және толғақтың қарқынын қатты қадағалайды. Бұл кезеңің басында толғақтың әлсізденуін алдын ала ескерту үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылатып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшыны қатты қадағалайды). Нәресте құйрығы жыныс ернеуінен шыққан кезде жатыр мойнының өзегі тарылмау үшін, 2,0 мл 2 % но-шпа немесе 4 мл 2 % папаверин,1 мл атропин сұйықтығын бұлшық етке жібереді.