- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі
- •Акушерлік
- •Мазмұны
- •Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
- •І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Акушерлік іс философиясы
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы
- •Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері
- •Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру
- •Перинатальдік қауіп-қатерлерді ұпай арқылы бағалау (а.Г. Фролованың кестесі)
- •Ана өлімінің «қауіп-қатер» топтары
- •Әйелдер кеңесіндегі медициналық бике жұмысы
- •Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
- •Жанұяны жоспарлау
- •Акушерліктегі асептика мен антисептика
- •Жұқпалы аурулардың шығу көздері
- •Палата мен жабдықтарды дайындау
- •Жұмсақ жабдықтарды автоклавтауға дайындау
- •Күтім жасауда қолданылатын бұйымдарды өңдеу Медициналық термометрлер
- •Қызметшілерді тексеру
- •Іі тарау. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.
- •Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы
- •Сүт безінің анатомиясы
- •Сүт бездерін өз бетімен бақылау
- •Әйел өмірінің кезеңдері
- •Жатырішілік кезең
- •Жаңа туу кезеңі
- •Балалық шақ кезеңі
- •Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
- •Жыныстық толығу кезеңі
- •Климакстық кезең
- •Менопаузадан кейінгі кезеңі
- •Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
- •6 Сурет. Етеккір кезіндегі репродуктивті жүйенің мүшелеріндегі циклдік өзгерістер.
- •Етеккір кезеңінің гигиенасы
- •Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы
- •8 Сурет. Әйелдің жамбас сүйегі.
- •Үлкен жамбас қуысы
- •10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)
- •12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.
- •13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары
- •Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы
- •14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы
- •15 Сурет .
- •16 Сурет. Жасушының
- •18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.
- •17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.
- •Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер
- •Жетілген нәрестенің белгілері
- •Жетілген нәрестенің бас сүйегі
- •19 Сурет. Нәрістенің бас сүйегі.
- •Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
- •20 Сурет . Нәрістенің бас сүйегінің өлшемдері.
- •Ү тарау. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
- •Орталық жүйке жүйесі
- •Эндокринді жүйе
- •Иммунды жүйе
- •Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •Зат алмасу жүйесі
- •Тері қабаты
- •21 Сурет. Тері қабатының өзгерістері.
- •Жыныс мүшелері
- •Сүт бездері
- •Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері
- •Мәліметтер алу
- •Объективтік зерттеулер
- •Ішкі мүшелерді зерттеу
- •Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау
- •22 Сурет . Қынапты айнамен тексеру
- •23 Сурет . Жүктіліктің Горвица-Гегар белгісі
- •24 Сурет . Жүктіліктің Пискачек белгісі
- •Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау
- •25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары
- •26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.
- •Нәрестенің жатырдағы қалпы
- •27 Сурет.
- •28 Сурет
- •29 Сурет. Бірінші Леопольд тәсілі 30 сурет. Екінші Леопольд тәсілі
- •31 Сурет. Үшінші Леопольд тәсілі 32 Сурет. Төртінші Леопольд тәсілі
- •Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері
- •Тексерудің қосымша әдістері
- •Жүктілік мерзімін анықтау
- •Үіі тарау. Жүкті әйелдердің гигиеналық тәртібі мен тамақтануы
- •Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
- •Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (бдұ мәліметтері)
- •Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы
- •Босану кезеңдері
- •Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу
- •Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу
- •Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
- •38 Сурет. Жүкті әйелдің қынаптық зерттелуі.
- •39 Сурет. Қуыққа катетер қою.
- •Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы
- •40 Сурет. Нәресте басының жамбас қуысының жазықтарына қатынасы:
- •41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.
- •42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықтығындағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.
- •43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында
- •44 Сурет. Бастың туылуы
- •Шүйденің артқа қарап тууы
- •Шүйде сүйегінің алға қарап тууы
- •46 Сурет . Шүйде сүйегінің артқы қарап туылуындағы босану механизмі
- •Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері
- •47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)
- •Нәрестенің біріншілік туалеті
- •48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.
- •Бала жолдасының бөліну кезеңі.
- •49 Сурет. Бала жолдасының жатырдан бөлінуі
- •Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу
- •Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
- •50 Сурет . Шредер белгісі.
- •51 Сурет-----. Кюстнер-Чукалов белгісі
- •52 Сурет. Абуладзе тәсілі. 53 сурет. Гентер тәсілі.
- •54 Сурет . Креде-Лазаревич тәсілі.
- •55 Сурет.
- •Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
- •Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
- •Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру
- •Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
- •Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті
- •Босанған әйелді босану үйінен шығару
- •Еңбек ету, дем алу, тамақтану
- •Жыныстық қатынас
- •Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру
- •Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі
- •Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Нәресте жағдайын туғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау
- •Сыртқы белгілерді ұпаймен бағалау жүйесі
- •Нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Жетілген нәрестенің белгілері:
- •Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:
- •Тым жетілген нәрестенің белгілері:
- •Күтімнің жалпы ережесі
- •Жетіліп туған нәрестелердің күтімі
- •Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
- •Науқас нәрестелердің күтімі
- •Жетілмей туған нәрестелердің күтімі
- •Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
- •Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы
- •Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары
- •Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері
- •Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу
- •Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы
- •56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.
- •58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері
- •Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу
- •Цовьянов әдісі
- •59 Сурет. Нәресте тек бөксесімен орныққандағы Цовьянов әдісі:
- •60 Сурет. Цовьянов бойынша классикалық әдісі а - Нәрестенің “артқы” (сол қолын) босату б - Нәрестенің “артқы” (оң қолын) босату в - Нәрестенің басын Морисо-Левре әдісімен босату
- •Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
- •61 Сурет. Нәресте аяқтарымен орныққандағы Цовьянов әдісі
- •Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік
- •Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау
- •62 Сурет. Егіз жүктілікте нәрестелердің жүрек соғуының естілу орны.
- •63 Сурет. Егіз жүктілікте жатырдағы нәрестелердің орнығуы
- •Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
- •Хіү тарау. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
- •Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары
- •Ерте гестоздар
- •Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.
- •9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
- •Жүктілік шемені
- •Преэклампсия
- •Эклампсия
- •Жүктілік гестозының диагнозы
- •Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері
- •Гестоздың асқынуы
- •Гестоздың алдын алу шарттары
- •Хү тарау. Жатырішілік ұрықтың, қағанақ қабығы мен плацентаның аурулары және дамуындағы ауытқулары
- •Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі
- •Ми жарығы – мидың үлкен енбек, желке және кеңсірік аумағында шығып тұруы. Нәресте тірі туады, бірақ, әдетте, нәрестелік кезеңде шетінейді.
- •64 Сурет. Ұрық дамуының ақаулары
- •Кіндік ауытқулары
- •Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары Ұрықтың көпіршікке айналуы
- •Хорионэпителиома
- •Көп сулы жүктілік
- •Аз сулы жүктілік
- •Қағанақтың дер кезінде жарылмауы
- •Қағанақ қабығының уақытынан бұрын және ерте жарылуы
- •Қағанақтың кеш жарылуы
- •Плацента дамуының кемістіктері
- •Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы.
- •Хүі тарау. Аурулар кезіндегі жүктілік пен босанулар Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар
- •Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары
- •Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік
- •65 Сурет. Жатыр ақауларының дамуы
- •66 Сурет. Жыныс мүшелерінің теріс дамуы
- •Мамандандырылған акушерлік көмек
- •Хүіі тарау. Жүктілік және ана мен баланың
- •Иммунологиялық сыйыспаушылығы
- •Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары,
- •Резус-қайшылықты жүктілік
- •Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері
- •Гемолитикалық ауруды анықтау
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері
- •Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу
- •Хүііі тарау. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
- •67 Сурет.
- •Мезгілінен бұрын босану
- •Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары
- •Хіх тарау. Ұзаққа созылған жүктілік
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау
- •Мезгілінен кеш босану
- •Дәрігерлік амал
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу
- •Хх тарау. Босану әрекеттерінің ауытқуы
- •Босану ауытқуларының алдын алу
- •Ххі тарау. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
- •68 Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Сыртқы акушерия зерттеулері.
- •69 Сурет. Нәрестенің көлдеңен орналасуындағы асқынулар
- •Жүктілікті және босануды жүргізу
- •Ххіі тарау. Нәресте басының шалқая орналасуы
- •70 Сурет. Нәресте басының шалқая орналасуы а - төбесімен; б - маңдайымен; в - бетімен
- •Бастың маңдайымен орналасуы
- •Бастың бетімен орналасуы
- •Ххііі тарау. Жамбас қуысының тарлығы. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ағымы
- •Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі
- •Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •71 Сурет . Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •Тар жамбас қуысын анықтау
- •72 Сурет Тар жамбастағы іштің пішіні:
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
- •73 Сурет . Вастен тәсілі.
- •Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары
- •Ххіү тарау. Жүктілік пен босану кезеңдеріндегі қан кету
- •Плацентаның төмен орналасуы
- •74 Сурет. Планцентаның орналасу түрлері.
- •Емі және дәрігерлік амалы
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •75 Сурет. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері.
- •Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
- •Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
- •76 Сурет . А - жатыр мойны өзегінің жиырылуы кезіндегі плацентаның қысылуы. Б - плацентаның жатыр түтікшесінің оң бұрышында қысылуы.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
- •77 Сурет.
- •Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
- •Алдын алу амалдары
- •Ххү тарау. Босану жолдарының және нәрестенің жарақаттануы
- •Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі
- •78 Сурет. Жатыр жыртылуы.
- •Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері
- •79 Сурет. Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежелеріне тегіс салу.
- •80 Сурет. Жатыр мойнының жыртылуы. Қ асаға буынының ажырауы
- •Ххүі тарау. Акушерлік операциялар
- •Жатыр қуысын қыру
- •82 Сурет . Жатыр қуысын қыруыға арналған аспаптар
- •83 Сурет.
- •Босану жолын дайындайтын операциялар.
- •Аралықты кесу
- •84 Сурет Босану жолдарын дайындаутын операциялар.
- •Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •Шаптан тартып шығару
- •Нәрестені аяғынан тартып шығару
- •Акушерлік қысқаш
- •85 Сурет. Акушерлік қысқаш
- •Акушерлік қысқашты салу тәсілі
- •Вакуум-экстракция операциясы
- •Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары
- •Басты тесу операциясы
- •Бассыздандыру операциясы (декапитация)
- •Бұғананы кесу операциясы (клейдотомия)
- •86 Сурет . Нәрестені бөлшектеу операцияларының құралдары
- •Кеуде мен іш құрылысын босату операциялары
- •Омыртқаны бөлшектеу операциясы
- •Ххүіі тарау. Кесар тілігі
- •Операциядан кейінгі кезең
- •Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу
- •Ххүііі тарау. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
- •Босану жолдарының жарақаттануы
- •Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
- •Септикалық шок
- •Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы
- •Сүт бездерінің қабынуы
- •Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу
- •Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру
- •Тігісті алу техникасы
- •Ххіх тарау. Босану бөліміндегі операциялық блоктың жұмысы
- •Операциялық медбикенің міндеттері
- •Акушерлік операцияларға дайындық
- •Қынаптық операцияға дайындық
- •Операциядан кейінгі науқастарды күту
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту
- •Тері ішіне иньекция жасау
- •Бұлшық етке иньекция жасау
- •Көк тамырға иньекция жасау
- •Жүйені жинау
- •Терминдерге түсініктеме Акушерлік
- •Физиологиялық жүктілік
- •Жүктілік патологиясы
- •Физиологиялық босану
- •Патологиялық босану
- •Босанудан кейінгі кезең
Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
Акушерлік (accouher – босану деген сөз) – ұрықтандыру, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңмен, сонымен қатар жүктілік пен босану асқынуларының алдын алу және емдеумен байланысты әйел ағзасында жүретін физиологиялық және патологиялық процесті зерттейтін клиникалық медицинаның саласы.
Акушерлік – гинекологияның (gyne - әйел, logos – ілім), яғни, әйелдің жыныс мүшелерінің ауруларын зерттейтін, олардың алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістерін әзірлейтін ғылымның бөлігі.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде әйел ешбір көмексіз босанатын, кейбір кездерде оған отбасындағы жасы үлкен әйел көмектесетін болған. Құл иелену құрылысы кезеңінде «ХРАМ» медицинасы мен кәсіби дәрігерлік қалыптаса бастады.
Ежелгі Грецияның әйгілі дәрігері, «медицинаның әкесі» Гиппократ (б.д.д. 460-370жж.), ал шешесі атақты акушер Фанарега болған. Рим және Греция дәрігерлері эмбриотомия, жатыр мойнын тазалау, жатырды сүңгілеуден басқа кесар операциясын қолданған болатын. Бірақ та кесар операциясын ана өліміннен кейін баланың өмірін сақтап қалу мақсатында жасайтын.
Тәжік дәрігері Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна, 98-1037) әйгілі «Дәрігерлік ғылымның конондарында» акушерлік және әйелдер ауруы бойынша тараулары бар. Оларда ұрықтың басымен бұрылуы, кранио- және эмбриотомия операциялары туралы айтылған. Операцияны таңдау кезінде Ибн Сина әйелдің денсаулық жағдайын және операцияны көтере алу жағдайын ескеру қажет деп санаған.
Ежелгі Русьте акушерлік көмекті отбасындағы жасы үлкен әйелдер көрсеткен. Феодализм кезеңінде христиан және ислам дінінің езушілік күші, сонымен қатар еркек дәрігерлерге акушерлікпен айналысу әдепсіз деген қалыптасқан ұғым салдарынан акушерліктің дамуы күрт тоқтап қалды.
Капитализм кезеңінің пайда болуы (Қайта өрлеу дәуірі) ғылымдардың, соның ішінде жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуымен сипатталады. Бұл кезеңге (ХҮІ ғ.) Везалий, Фаллопий, Евстахий, Батоллоның ғажайып анатомиялық зерттеулері жатады. Акушерліктің үлкен жетістігінің бірі – практикаға (Амбруаз Паре, 1517-1590) көптен ұмытылған ұрықты аяғына бұру операциясының қайта енгізілуі болатын. Сол кезде Париж госпиталі жанындағы алғашқы кіндік шеше мектебі ашылды.
ХҮІІ және ХҮІІІ ғасырлар акушерлікті зерттеудегі одан арғы жетістіктермен сипатталады. ХҮІІ ғасырға Чемберленнің (Англия) акушерлік қысқыштарды ойлап табуы жатады. ХҮІІІ ғасырда тамаша анатомиялық еңбектер жарыққа шықты: Девентердің бәр қалыпты таралған тар жамбас және жалпақ жамбас алғаш рет тәптіштеліп суреттелген «Novumlumen” («Новый свет», 1701 ж.) кітабы және Хантердің (Гунтер) “Anatomia uteri humani gravidi” (“Анатомия человеческой беременности”, 1774) кітабы. Француз акушері Жан-Луи Боделок (1746-1810) әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан жамбасты сыртынан өлшеуді ұсынды. Ағылшын акушері Смелли (1697-1763) жамбастың диагональді конъюгатасын өлшеудің маңыздылығына назар аударды, босанудың қалыпты механизмін және тар жамбас кезіндегі ауытқуларды суреттеді, қысқыштардың жаңа моделін және оларға “ағылшын” замогын жасады. Чехтардың акушерлік мектебінің негізін қалаушы ХҮІІІ ғ. аяғында - ХІХ ғ. басында Юнгманн (1775-1854) болды.
Акушерлік ғылымның дамуында босану үйлерінің ашылуы (Страсбург, 1771; Берлин, 1751; Мәскеу, 1761; Прага, 1770; Петербург, 1771; Париж, 1797) үлкен маңызға ие болды. Дегенмен олардың ұйымдастырылуынан кейін дәрігерлер өте ауыр, жиі өмірге қауіпті асқыну – босанудан кейінгі сепсиспен кездесті.
Босанудан кейінгі сепсис соңының өлімге апарып соғуы ХҮІІІ ғ. кей кезеңдері мен ХІХ ғ. басында 10%-дан 40-80%-ға дейін көтерілген болатын. Босанудан кейінгі сепсиспен күресуде венгр акушері Игнац Филипп Земмельвейс (1818-1865) еңбектерінің маңызы орасан зор.
ХҮІІІ ғ. дейін Ресейде босануға көмектесетін мекемелер мен білікті акушерлік көмек болған емес. Акушер-гинеколог дәрігерлер дайындалған жоқ, сол кездегі бірең-сараң медициналық мектептерде (Мәскеуде және Петербургте) акушерлік жүргізілген жоқ. Акушерлікті шетелде оқыған дәрігерлер өте аз болды. Босану кезінде көмекті тәжірибелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан «кіндік шешелер» (нәрестені қабылдау) немесе «қабылдайтын әйелдер» көрсеткен.
Көпғасырлық «кіндік шешелер» тәжірибесінде біраз пайдалы кеңестер болды, бірақ олардың іс-әрекеттері ырымға және соқыр нанымдарға негізделетін. Асқынған босанудар кезінде әйелдер жиі пайдасыз және зиянды салттар мен араласуларға жүгінген. Кей кездерде бұл әдістер бала мен босанушы өміріне қауіп келтіретін болған.
Босану кезінде медициналық көмектің болмауы ана және бала аурушаңдығы мен өлім-жітімінің жоғаруы болуына себеп. Әйелдер мен балалар арасындағы өлім-жітімнің жоғары болуы көрнекті орыс ғалым-патриоттары арасында үлкен алаңдатушылық туғызды.
Балалар өлім-жітімімен күресу, тууды арттыру туралы сұрақты бірінші болып көтерген орыстың атақты оқымыстысы М.В.Ломоносов. М.В.Ломоносовтың адамгершілікті идеялары одан әрі ХҮІІІ ғ. атақты акушерлерінің еңбектерінде дамуын тапты. Соның ішінде орыстың ғылыми акушерлігінің негізін қалаушы деп саналатын Нестор Максимович Максимович-Амбодик (1744-1812) көрнекті орынды алады. Ол капиталды еңбек болып табылатын акушерлік бойынша алғашқы орыс нұсқамасын жазған. «Кіндік шеше өнері немесе әйелдер ісі туралы ғылым» («Искусство повивания, или Наука о бабичьем деле») нұсқамасы сол ғасырдың әлемдік медициналық әдебиеттері арасында сыйлы орында болды. Осы нұсқама бойынша орыс акушерлерінің бірнеше ұрпағы оқытылды. Н.М.Амбодик бірінші болып акушерлікті орыс тілінде оқытуды енгізді, акушерлік терминологияны құрды. Оперативтік акушерліктің дамуына енгізген құнды үлесі – бірінші болып акушерлік қысқыштарды қолданды. Сонымен қатар Н.М.Амбодик оперативтік араласуларға көрсеткіштерді шамадан тыс көбейтуге қарсы шықты; ол оперативтік әдістерді босануға көмектесу үшін түсінікпен қолдануға шақырды.
Акушерліктің одан әрі дамуы «Кіндік шеше ғылымына нұсқаманы» (1821) жазған Д.И.Левицкийдің және «Акушерлік ғылым мен әйелдер ауруының курсын» (1843) жазған Г.И.Кораблев еңбектерімен байланысты.
ХІХ ғ. акушерлік ғылымының дамуына жаратылыстанудың дамуын анықтаған атақты ғалымдар Д.И.Менделеев, И.М.Сеченов, К.А.Тимирязев және басқалар еңбектері қолдау көрсетті. Орыс хирургиясының кемеңгері Н.И.Пироговтың еңбектері акушерлік ғылымға өте үлкен әсер етті.
Орыс акушерлігінің дамуына Петербургтік медико-хирургиялық академияның акушерлік бөлімінің басшысы А.Я.Крассовский (1823-1898) құнды үлес қосты. А.Я.Крассовский көрнекті дәрігер-клиницист, дарынды ғалым мен педагог болған. Оның оперативтік акушерлік бойынша нұсқамасы осы күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. А.Я.Крассовскийдің ірі еңбегінің бірі – босану механизмі мен жамбастардың ауытқулары туралы ілімі. 1862 ж. А.Я.Крассовский Ресейде бірінші рет жақсы нәтижемен аяқталған овариотомия операциясын жасады. «Овариотомия туралы» кітабы тек орыс дәрігерлері емес, шетел дәрігерлері арасында да кең таралымға ие болды. А.Я.Крассовский көптеген дарынды оқымыстыларды (К.Ф.Славянский, М.И.Горвиц, Г.Е.Рейн және басқалар) тәрбиелеп, олардың орыс акушерлігін одан әрі дамытуына қолдау жасады.
К.Ф.Славянский (1847-1898) ірі оқымысты акушер болды. Ол патологиялық анатомия мен әйел жыныс мүшелерінің гистологиясын және акушерліктің басқа да сұрақтарын табысты зерттеген.
Атақты орыс акушері Н.Н.Феноменов (1855-1918) көптеген акушерлік операциялар әдістемесін жетілдіріп, оперативтік акушерлік бойынша классикалық нұсқама құрды. Н.Н.Феноменов акушерлік көмекті, әсіресе патологиялық босану кезінде көмекті жақсарту бойынша қосқан үлестері зор.
Орыстың акушер-гинекологиялық ғылымның дамуында көрнекті орын В.Ф.Снегиревке (1847-1916) беріледі. Ол орыс гинекологиясының негізін қалаушы болып табылады. Снегиревтің құнды үлестерін оперативтік гинекологияның дамуынан, гинекологиялық науқастарды тексеру әдістерінен, гинекологиялық ауруларды емдеудің жаңа әлістерін әзірлеу мен тәжірибеге енгізуден көруге болады. В.Ф.Снегирев дарынды клиницист, керемет ғалым мен педагог болған. Онымен әйел денсаулығын сақтау шараларын ұйымдастыру бойынша озат пікірлер айтылған.
Д.О.Отт (1855-1929) – ірі акушер-гинеколог, 35 жыл бойы Петербургтегі Кіндік шеше институтының директоры болған. Тамаша ұйымдастырушы, клиницист және оқытушы Д.О.Отт көптеген гинекологиялық және акушерлік операциялардың әдістемесін жетілдірді, асептика және антисептика, босануға көмектесуді ұйымдастыру және бірқатар маңызды сұрақтар мәселелерін әзірлері.
В.В.Строганов (1857-1938) эклампсияны емдеу тәсілінің авторының аты әлемдік атаққа ие. Тәжірибеге осы әдістің енгізілуі осы қауіпті аурудан болатын өлім-жітімнің азаюына жағдай туғызды. В.В.Строганов бұдан да дасқа акушерлік сұрақтар бойынша табысты жұмыс атқарды (жүкті әйел мен босанушының тәртібі, жатырдың жыртылуы, плацентаның жатуы және т.б.).
К.П.Улезко-Строганованың (1858-1934) эрозияны гистологиялық зерттеу, жүктілердің кештетілген токсикоздары, ісіктері және әйел жыныс саласының басқа да патологиялық процесстері бойынша еңбектері акушер-гинекологиялық ғылымға қосқан құнды үлес болып саналады.
В.С.Груздев (1866-1938) – дарынды ғалым, атақты клиницист және педагог, Қазан университетінің акушер-гинекологиялық клиникасының басшысы. Онымен акушерлік және гинекология бойынша капиталды нұсқама, әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, эмбриологиясы туралы және акушерлік пен гинекологияның басқа да сұрақтары бойынша көптеген ғылыми еңбектер жазылған. В.С.Груздев кадрлар дайындауға көп назар аударған, оның көптеген оқушылары профессор болды.
Ірі ғалым акушер-гинекологтар Н.И.Побединский (1861-1923), А.П.Губарев (1855-1931), Г.Г.Гентер (1881-1937), Г.И.Писемский (1862-1937), К.К.Скробанский (1874-1946) және әйел денсаулығын сақтау саласының басқа да қайраткерлері беделді атаққа ие болды.
Сонымен, орыс ғалымдары ғасырдың басында-ақ акушерліктің дамуына үлкен үлес қосқан. Олар бірнеше тексеру әдістерін тәптіштеп әзірледі, жүктілік пен босанудың физиологиялық ерекшелігін зерттеді, бірқатар оперативтік құралдар ұсынды. Орыс акушерлігінің өзіндік сипаты – босану кезіндегі хирургиялық араласуларға берілген көрсеткіштерді ана мен ұрық пікірлерін есепке ала отырып сақтықпен бағалауда.
