Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92 Мб
Скачать
☆

Сүт безінің анатомиясы

Е

мшек бездерден, тіректік тіндерден және майдан тұрады. Бездерде майда түтікшелер немесе арнайы қуыстар арқылы емшек ұшына қарай жылжитын сүт өндіріледі. Емшек ұшына жетпей тұрып түтікшілер кеңейеді және сүт жиналатын «сүт қойнауы» (млечный синус) құрылады. Емшек ұшында сенсорлы жүйкелер көп, яғни емшек ұшы өте сезімтал. Бұл сүт келіп түсуіне әсерін тигізетін рефлекстердің пайда болуына ықпалы бар ең маңызды фактор. Емшек ұшының айналасында ареола деп аталатын қаралау түсті емшек емізігінің шеңберлі аймағы болады. Емшек емізігінің шеңберлі аймағының бетінде майда төмпешіктер бар екенін байқауға болады. Бұл – май тәріздес сұйық бөліп шығаратын бездер. Май емшек ұшы терісін нәзік етіп және жақыс қалыпта сақтауға көмектеседі. Емшек емізігінің шеңберлі аймағының астында сүт қойнауы ораналасады.

4 сурет.

а – алдыңғы түрі

б – сагитальды тілік

1 – емізік

2 – ареола

3 – сүттің өту жолы

4 – сүт синусы

5 – безді бөліктер

6 – дәнекер тканьді капсула

7 – кеуде фасциясы

8 – кеуденің үлкен бұлшық еттері

9 – бұғана

10 - өкпе тіні

Сүт бездерін өз бетімен бақылау

Сүт бездері ауруларының мәселесі жыл сайын арта түсуде. Бүгінгі күні 100 әйелдердің ішінде 30-40 бұл мүшенің қандай да бір патологиясына жолығады. Әрбір әйел дерлік ғұмырында бұл мәселе бойынша дәрігерге бірнеше рет қаралуына мәжбүр болады.

Ауру көрсеткіштерінің өсу себептері көп. Ең жиі кездесетін себептердің жиынтығын қауіп-қатер тобына жатқызады. Бұған жататындар: сүт бездерін соғып алу жағдайлары, ерте (18 жасқа дейінгі) жасанды түсіктер, бірнеше рет қайталанатын гинекологиялық және эндокринді аурулар. Тұқымқуалаушылық та белгілі орынға ие.

Статистика мәліметтері жағымсыз экологиялық жағдайы бар ірі өндірісті орталықтарда аурудың көрсеткіші биіктеу болатына көз жеткізеді.

Қолтық астында ұлғайған лимфа түйінін немесе сүт безінде тығыздануларды байқағанда, уақытты созбай маманға қаралу керек және де өз бетімен емдеу шараларын қолданбаған жөн.

Маммологиялық диспансерге шағымдармен қаралған барлық әйелдердің тек 3-5% ғана сүт безінің обыры болатынын және әйелдердің ерте қаралуына байланысты емделу мүмкіншілігі де жоғары екендігін тәжірибе көрсетуде. Олардың 8-10% қатерсіз ісіктер болады да, хирургиялық емді әрдайым қажет етпейді. Қаралудың көбі әртүрлі мастопатиялардың диагнозымен немесе қандай да бір түрі екендігімен аяқталады.

Маманға уақытында қаралу үшін сүт бездерін өз бетімен бақылауды дұрыс жүргізуді үйрену қажет. Бұны айына бір рет еттекір басталғанға дейінгі 6-12 күн бұрын жасау керек. Еттекірі жоқ әйелдер бақылауды өздері белгіленген айдың бір күнінде жүргізуі шарт.

Өзін-өзі бақылау әдістері:

Іш киімде (бюстгалтер, іш көйлек) қандай да бір дақтардың бар-жоғын анықтау;

Омырауды қарау – олар ішіне тартылған ба, олардың түсі мен пішіні өзгерген бе, жараланулар бар ма – осыны анықтау.

Сүт бездерінің терісінде түс өзгерістерін, ісінуді, тартылуларды, жараларды қараңыз.

Келесі мезетте сүт бездерін айна алдында бақылауға көшу. Қарау дене мен қолдардың әр түрлі қалыптарында өткізіледі: қолды төмен түсіріп, жоғары көтеріп, оңға және солға бұрып.

Ерекше назар аударатын жағдайлар:

  • Екі бездердің біреуінде ұлғаю немесе кішіреюдің (ассиметрия) болу-болмауы;

  • Сүт бездерінің бір деңгейде орналасуы немесе керісінше;

  • Қолды жоғары көтергенде сүт бездерінің бір қалыпта ығысу-ығыспауы.

Келесі кезең – арқаға жатып, сүт бездерді сипап-сезу.

О

Айнаның алдына түріп әрбір емшегіңізді же­ке­леп қараңыз. Олар­дың мөлшеріне, фор­масына, түсіне, конту­ры­на, емшектердің және емшек ұшының бағыттарына назар ауда­­­ры­ңыз.

Қолдарыңызды желкеңізге қойып жан-жағыңызға бәсең бұрылып тұрып емшектеріңізді қарап шығыңыз.

Қолдарыңызды бөксеңізге қойып, иықтарыңызды алға шығарып тұрып әрбір сүт безін жекелеп қараңыз.

ң жақ сүт безін сипап-сезгенде оң жақ жауырын астына жастық қойылады, ал оң қолдың алақаны бұл уақытта жастық астында болуы тиіс. Сол қол саусақтарының айналмалы қозғалыстарымен жеңіл баса отырып, сүт безінің барлық бөлімдері және қолтық асты сипалынады ( 5 сурет ).

О

мыраудан бөлінетін бөлінділер кейде іш киімде із қалдырмайтынын естен шығармаған жөн. Сондықтан, әрбір әйел бұл іздерді өздігінен таба білудің маңызы зор. Омырау ұшының жанын үлкен және сұқ саусақтармен ақырын басу қажет. Қандай да бір өзгерістер байқалса, дер кезінде мекен-жай бойынша дәрігерге – хирургқа, онкологқа немесе гинекологқа, болмаса арнайы емдеу орнына қаралған жөн. Бірінші мамограмманы 35 жаста, содан кейін 40 пен 50 жас аралығында, оны әрбір екі жыл сайын және 50-ден асқанда әрбір жыл сайын қайталау керек.

Әрбір емшекті емшек ұшынан бастап бүкіл алақаныңызбен және саусақтарыңыздың ұшымен сағат тілі бағытымен айналдыра нәзік уқалап қолтық астына қарай қимыл жасайсыз.

Шалқалап жатып бір қолыңызды басыңыздың астына қойыңыз да, алдыңғы әдіс бойынша сүт бездерін тексеріп шығыңыз.