Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: мәнерлеп оқу

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Қазақстанда болып жатқан аштық оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған адам Тұрар Рысқұлов .

Кәне ,2 сыныпта оқыған «Қызыл жебе» романың еске түсірейік: бала Тұрар, Атамырза. Бүгін де сол романнан үзіндімен танысамыз.

Оқулық бойынша жұмыс 124-126 бет «Интернат қоймасы»

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • мәтінде, не туралы айтылған?

  • Тұрар Серікті неге сұраққа алды?

  • Серік неліктен шындықты айтуға мәжбүр болды?

  • Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

  • Әңгімеге тағы қандай ат қояр едің?

  • Балалардың іс әрекетіне баға бер.

Сергіту сәті

3.Жаңа білімді бекіту:

-Мәтінді рольге бөліп оқу

Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс) 3 топ

Тұрар

Атамырза

Серік

Әр топ өз кейіпкерін сипаттап жазады.

Әр тотың ойларын ортаға салу, бағалау.

-мәтінді іштей тұтас оқу

-Мәтіннен соңғы азат жолды қайталап оқы. Өз сөзімен түсіндір.

- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

-Венн диаграммасымен салыстыру

Тұрар

Атамырза

4. Үйге тапсырма: 124-126 бет әңгімелеу.№11 сұраққа жауап келу ауызша.

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Т. Кәкішев «Мәңгі жасар өмір», Н. Айтов «Нүркен»

Мақсаты мен міндеттер: мәтінді, өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: суреттер С. Сейфуллин портреті, Нүркен Әбдіров портреті

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: әңгімелеу

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

1937-138 Жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.

Репрессия- мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы.

1941-1945 Жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақ халқы да фашизмге қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерлерін жұмсады.

Фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнату көксейтін басқынышшы топ.

Бүгін репрессияға ұшыраған С. Сейфуллинның өлеңі туралы оқиймыз.

Оқулық бойынша жұмыс 127-129 бет «Мәңгі жасар өмір», 130бет «Нүркен»

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • мәтінде,өлеңде не туралы айтылған?

  • Сөздік жұмыс: ақталу, елгезек, шамалы жер, біртуар

  • әңгіме неліктең «Мәңгі жасар өмір» деп аталған?

  • ел басынан қандай жағдайлар өтті?

  • өлеңде Нүркеннің ерлігі туралы не дейді?

  • «Аңсап көкті жасынан» қалай түсіндің?

Сергіту сәті

3.Жаңа білімді бекіту:

129 бет сурет бойынша жұмыс:

-Суретте қалай атар едіңдер?

-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің?

-оларды атқан адамдарға көзқарастарыңды білдір

-Берілген сурет пен мәтін арасында қандай байланыс бар?

-Мәтінді, өлеңді мәнерлеп тұтас оқу

-мәтінді іштей тұтас оқу

-Мәтіннен соңғы азат жолды қайталап оқы. Өз сөзімен түсіндір.

- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

4. Үйге тапсырма: 127-129бет әңг., 130бет жатта.№6 тапсырма.

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: М. Ғабдуллин «Батыр Бауыржан». Н. Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі»

Мақсаты мен міндеттер: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,