Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бүгін сабақта: М. Иманжанов «Таңның атауы», С. Сейфуллин «Дала» шығармаларымен танысамыз.

- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • іштей оқу

  • Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?

  • Таң атарда жұлдыздар қайтеді?

  • Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

  • Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

  • Өлеңнің бірінші шұмағында ақын жазғы даланы неге теңейді?

  • Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей»?

  • Ақын нені көк ала кілемге теңейді?

Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық

Кәне қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшып, ұшып алайық.

3.Жаңа білімді бекіту:

Дәптермен жұмыс:

Мәтіннен самал, ауа, Шолпан жұлдызы сөздеріне қатысты теңеулерді жаз

Салқын самал, таза ауасын, электр шамындай Шолпан жұлдызы тұр.

Сурет бойынша жұмыс:

-Суретте не бейнеленген? Мәтінге сүйеніп атып келе жатқан таңды суреттеп айт

-Ойыңды қорытып, «Таңның атуы» атты сипаттау мәтінін құр.

4.Үйге тапсырма: 287-289 бет оқу, 289 бет жатта.

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Көлде». Ө. Тұрманжанов «Малсақ бала»

Мақсаты мен міндеттер: мәтінді, өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу, мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: жаз мезгілінің суреттері,Ө. Тұрманжанов портреті, қой, қозы,көл с уреттері

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бүгін сабақта: Ғ.Мүсірепов «Көлде». Ө. Тұрманжанов «Малсақ бала» шығармаларымен танысамыз.

Ғабит Мүсірепов

( 1902-1985ж.)

Қазақтың аса көрнекті жазушысы

Көл- ой қозғау

- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • іштей оқу

  • Сөздік жұмыс: доңыз- арам ниетті, қаскүнем.

  • Мәтінде жазушы нені суреттейді?

  • Қандай құстар жайлы әңгіме болды?

  • Суретте нелер бейнеленген?

  • Оқыған мәтін мен сурет арасында байланыс бар ма?

  • Атасы немересіне не тапсырды?

  • Иттің пайдасы туралы не делінген?

  • Балаға мінездеме беріп көр.

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

Дәптермен жұмыс: мәтінге сүйеніп сурет бойынша әңгіме құр

Пайдаланатын сөздер: сыланып отырған аққу, мыңдаған үйрек, сырласып отырғандай, келіп көлге қонады.

Бұл қызық!

Қойышылар бағып жүрген қойларыныңжүні арқылы ауа райы болжай білген. Мәселен, өрісте жүрген қойдың жүнін уыстап көреді. Егер қой жүні құрғақ болса,онда күн ашық болады. Егер жүндымқылданып , суланып тұрса, онда көп кешікпей жаңбыр жауады.

Тілімізде жүнге байланысты жүн балақ(әлжуаз, әлсіз, ынжық), жүні үрпейю (мұздау, тоңу) жүн-жыбыр (ұсақ-түйек) сияқты тұрақты сөз тіркестері, жүндей жұмсақ тәрізді теңеулер, «Жүйкесі-жүн, жігер-құм», «Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнің түтерсің» секілді мақалдар қалыптасқан.

Суретпен жұмыс:

-Өлеңге сүйеніп суретке зер сал. Осы сур ет өлеңнің мазмұнын аша ма? Сн қандай сурет салар едің?

4.Үйге тапсырма: 290-291 бет мәнерлеп оқу,292-293 бет оқу.

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: М. Әуезов «Кешкі дөң басында.» Қ. Ыджырысов «Жаңбыр»

Мақсаты мен міндеттер: мәтінді, өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу, мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: жаз мезгілінің кеш суреттері

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру