Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 сынып.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Оқытудың әдісі: Түсіндіру, практикалық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру

1.Үй есебінің орындалуын тексеру

2.Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызықты шеңбер деп атайды. О нүктесін шеңбердің центрі деп атайды.

Шеңбердің барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта жатады.

Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі дөңгелек деп аталады.

Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады.

Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз.

Диаметр екі радиусқа тең: D=2R

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады.

Есептер шығару

№ 382, №383, №384 жазбаша тақтада орындау

№385, № 386 өздіктерінен

Сабақты бекіту кезеңі:

1. Шеңбер деген не?

2. Дөңгелек деген не?

3.Шеңбердің доғасы деген не?

Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: §15 сұрақ 1-6, № 387, №388

Сабақ №__37__

Күні:

Сынып: 5 « »

Сабақтың тақырыбы: 1. Бақылау жұмысы № 3.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушылардың 1-тоқсан бойы өткен тақырыптарын жинақтап, тексеру.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Бақылау жұмысы.

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

Бақылау жұмысын жазғызу

І нұсқа

ІІ нұсқа

1. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар

а) 5а+2а-7, мұндағы а=3

ә) 2(в-3)+5, мұндағы в=8.

2.Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Марат бір сан ойлады. Ол ойлаған санынан 16-ны азайтып, нәтижені 11-ге көбейткенде 88 саны шықты. Марат қандай сан ойлады?

3. Кубтың қыры а см. Оның көлемін табыңдар. Мұндағы, а=7.

4. 2*3*3*5 және 2*2*3*3. Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың:

а) ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар;

ә) ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

5. Бөлшек түрінде жазыңдар: 3:4; 8: 5; 1:10.

6. Жай бөлшектерді қысқыртыңдар:

1. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар:

а) 7а+4а-5, мұндағы а=6

ә) 2(в+5)-3, мұндағы в=4.

2.Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Мен бір сан ойладым, оны 18-ге көбейтіп, нәтижесінен 73-ті азайтқанда 89 шықты. Мен қандай сан ойладым?

3. Түлкі t секунтда s м қашықтыққа жүгіреді. Түлкінің жылдамдығын табыңдар. Мұндағы, s=945; t =3.

4. 2*2*2*3*7 және 2*3*3*7. Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың:

а) ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар;

ә) ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

5. Бөлшек түрінде жазыңдар: 5:7; 9: 10; 6:11.

6. Жай бөлшектерді қысқыртыңдар:

Үйге тапсырма: Логикалық есеп.

Сабақ №__38__

Күні:

Сынып: 5 « »

Сабақтың тақырыбы: §15. Шеңбер және дөңгелек

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Шеңбердің радиусы мен диаметрін есептеу дағдыларын қалыптастыру.