Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.

Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Ал, «Алаң да алаң, алаң жұртта» халықтың туған мекен ? Еділін тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да кіршіксіз әрі шексіз. Ол «Кіндік кесіп, кір жуған» ата қоныс ? Еділдің дарқан байлығы мен шексіз де шетсіз қуатты мекен екенін сипаттау арқылы өз сүйіспендігін жайып салады. «Жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жерді» суреттегенде, оның елге қорған, мықты тірек болғанын да ұмытпайды. «Белгілі биік биік көк сеңгір» жырынан жауынгер-жыраудың өмір жайлы тыныс-түсінігі айқын аңғарылады. Бұл аталған жырлар қазақ әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан ғана емес, сыртқы түзілім-құрылыс тұрғысынан да ерекше дараланады. Қазтуғанның мұрасы бізге аз көлемде жеткен. Солай болса да қолымыздағы толғаулар оның үлкен талант иесі екенін көрсетеді.Оның поэзиясы өзіндік мазмұн мен , өзіндік стильмен ерекшеленеді. Онда классик жырауға тән дидактика мен сәуегейлік жоқ, оның есесіне мол күш-қуат , бұлқыныс бар, жауынгерлік рух пен нәзіктік айқын аңғарылады, ол жорықшы, жауынгер болып көрінеді. Оның толғаулары өршілдік пен қатар нәзіктік, мейірімділік, елге, жерге, ата- анаға деген тәтті сезім көрініс береді. Оның әке-шешесі мен ата-мекені жайында айтқан толғауы Қазтуғанды сыршыл ақын ретінде таниды. Жалпы, мазмұны мен әлеуметтік мағынасы, көркемдік- бейнелік қасиеттері жағынан Қазтуған шығармалары – Асанның толғаулары секілді қазақ халқының өз алдына отау тігіп, жеке мемлекет құра бастаған шағындағы елге құтты қоныс іздеу идеялары мен жайлы мекенге орналасу мәселелелерінің поэзиялық түрдегі шешімі деуге болады, сол себепті онда өзінің ежелгі отанын дәріптеу орын алған.

26. Шалкиіздің ұрыс даласындағы қақтығыстарға қатысқандығын танытатын жырлары. Шалкиіздің толғаулары әрі лирикалық, әрі эпикалық сарында болып келеді. Оның кең тынысты әрі сөзге ұста, аса дарынды жырау екенін және оның шығармашылығы өз заманындағы жыраулық поэзияға тән барлық қасиеттерді бойына сіңіргенін айғақтайды. Жаугершілік пен жорықтар заманында өмір сүрген Шалкиіздің жас шағындағы идеалы- арғымақ атқа мінген, үстіне сауыт , басына дулыға киген, қолына алдаспан ұстаған, сұлу жарды құшақтаған ержүрек батыр. Өзі талай ұрысқа қатысып, жолдастарын қарумен де, жалынды жыр- толғаумен де жігерлендіре білген Шалкиізге «батыршылық сүру»-басты мұрат , сондықтан да ол: Батыр болмақ сойдан-дүр,, Жалаңаш барып жауға ти. Тәңірі өзі біледі Ажалымыз қайдан- дүр!

27. Ақтамберді жырларындағы жарлылық пен жалғыздық тақырыбы. ЖалпыАқтамберді жыраудың бізге жеткен 26 шығармасы ба, олар тақырыбы жағынан үш топ құрайды да, осы үш топ жырау өмірінің үш кезеңін бейнелеп, содан хабар береді: жастық шағы, кемеліне келіп, даңққа бөленген кез және қартайған уақыты. Осыдан болуы керек Ақтамберді поэзиясында қаһармандық пен лирикаға тән нәзіктік, қатал шындық пен сағым қиял қатар өріліп, аралас жүреді.Жыраудың «Жағалбай деген ел болар» толғауы 10-11 жасында шығарған жалғыздыққа налу түрінде келеді. «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, зарлана, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. Басқа тұстастарынан пысық болғаны да байқалады. Сөйтсе де болашақ батыр ақын мейрімсіз жақын-жуықтар түрткісін көп көріпті. Жамаулы киім кигенім, Жарлылық, сенен көргемін. Атадан тудым жалқы боп, Жақыннан көрдім талқы көп. Жасм жетпей он беске,.. «Жақыннан көрдім талқы көп»-деседағы олардан өш қастандық не кек алу дегенді ойламаған. Ондай қысқа тапшы мақсаттардан өзін жоғары ұстайды.

28. Ақтамберді жыраудың « уа Қарт Бөгембай» деп басталатын толғауының шығу тарихы. Ел арасындағы дау-дамайды қоздырып, күшіне сеніп, өктемдік көрсеткен Абылайды да, Бөгенбайдай батырды да ақын бір түйреп өтеді. Бұлардың сырт жауларды жеңіп алып, енді өздеріне жақпаған руларға тізе батырмақ әрекеттеріне қарсы шығады. Мысалы: «Уа, қарт Бөгенбай!»- деп басталатын толғауы наймандарға көрсеткен арғындар өктемдігіне қарсы дау ретінде айтылады. Желігіп жесір әкеткен, күнәсіз қан төккен арғын бұзықтарын ұстап берудің орнына, Бөгембайлардың оларды тығып отырғанын айтып күш көрсетеді. «Жендетті көрсет көзіме, Желіккен басты кім кеспес!»- деп тапжылмай тұрып алады.Бөгенбайға айтқан бұл сөздер тек арына шапқан қайсар батырдың тегеурінді сөзін ғана танытып қоймайды, соған қоса ел бастаған төрелерге ел тыныштығын сақтай білу, корлық-зомбылық көргендерге көмек беру, әділет жолында адал қызмет ету деп біледі. Ақтамберді толғаулары берер ақылының шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезде, ақылы мен білімінде - деп атап көрсетеді. Асыл ару, аылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өз-өзіне сын көзбен қарай алатын, дандайсымайтын кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әдІл азаматты ардақтайды.

29. Жыраулар толғауларындағы сырт жауларға қарсы күрес сарыны. Қазақ жыраулары жаңадан құрылған мемлекеттің күшті, хан билігінің мықты болуын көздеп, сол кезеңдегі әдебиеттегі, күллі мәдениетті мемлекетке, ханға қызмет еткізді. Олар өздерін әміршінің, мемлекеттің қызметшісі деп білді, сол себепті хандықтың идеологына айналды. Ханның ақылгөй кеңесшісі, бас саясаткері болғандықтан жыраулар тек қана улкен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша толғаған, сөйтіп өз сөздерін тікелей әміршіге арнап айтқан. Олар әдетте елді абдыратқан , тоғантқан жағдайлар мен төтенше оқиғалар кезінде сөйлеген.

Қазақ халқы ерлік күреске толы күн кешкен ХVІІ ғасырдың біздің заманымызға Жиембет, Марғасқа жыраулардың аттары жетті.Сонымен қатар ХVІІІ ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан-шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін табады. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрсе сарыны әсіресе Ақтамберді жырау шығармаарынан айқын көрінеді. Өзіміз тарих беттерінен білетіндей он бесінші – он алтыншы ғасырлар қазақ халқына қиын – қыстау кезең болған. Қазақ атырабына жан – жақтан жаулар маза бермеген. Жерін, елін қорғаған ата – бабамыз сол замандарда нағыз ерлік мінез танытқан. Сол болған оқиғалар келесі ұрпақтың санасында жүрсін деп, тағы да толғаулар айтып кеткен. Осы толғаулар арқылы ғана біз ұлттық намыстың не екенін түсіне аламыз. Тек сол толғаулар арқылы ғана өз елімізді, жерімізді сүйе аламыз және салт – санамызды ұмытпаймыз.

30. Бұқар жырау толғауларындағы сырт жауларға қарсы күрес сарыны. Абылай ордасына келгеннен кейінгі Бұқардың шығармашылығы бұқаралықтан гөрі мемлекеттік мәнге ие. Бұл уақыттағы толғаулар қоғам үшін аса зәру, тарихи мәнді мәселелерге арналған. Сол себепті мемлекетке қызмет етуге бағышталған жоғары стильдегі поэзия. Ол ең әуелі идеологиялық функция атқаруға бағытталған, сондықтан мемлекет те, оның басшысы да күті болуға тиіс деген идеяны насихаттан, қоғамдық пікір орнықтыруға жұмыс істейді. Мемлекеттің үлкен қайраткері әрі бас идеологі болған Бұқар үшін енді ең маңызды проблема- Қазақ хандығын сақтап қалу, оның тәуелсіздігін қорғау, үш жүздің ауызбірлігі мен ынтымағы, көрші елдермен тату өмір сүру .Ол қазақ мемлекетінің өз тұсындағы жағдайымен бірге келешегі туралы толғанады, өйткені Ресей мен Қытай мемлекеттерінен қауіп төне бастағанын сезген болатын. Елді қауіптен құтқарып, хандықты сақтап қалу үшін Абылаймен бірлесе қолдан келгеннің бәрін істейді, соған күш-қуатын, ақындық талантын, қызыл тілін жұмсайды. Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді: “Күнбатыстан бір дұшпан,

Ақырында шығар сол тұстан.

Өзі сары, көзі көк,

Діндарының аты боп,

Күншығысқа қарайды.

№31. Бұқардың толғауларындағы елдік мәселесі.

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.

Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі заманға душар болған ел-жұртқа «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында бір жола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр, қолбасшы-көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сөйтіп, осы ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке парапар іс-әрекеттерін аңғартады.

С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол:

«Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.

Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

“Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп, Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп, Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан, Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау, Кәпір қала салды, ойла! Жарқайың деген жерлерге, Шашылып шеті барды, ойла! Атбасар мен Қалқұтан, Балығы тәтті су еді. Өзен бойын шаңдып ап, Сүзекісін салды, ойла! Нұрада бар Ақмола, Есілде бар Қараөткел, Екі өткелдің аузынан, Қараөткелді салды, ойла! Баянауыл, Қызылтау, Оны да кәпір алды, ойла! …. Кетпейін десе жері тар, Кетейін десе алды-артын, Қарқаралы деген тауларға, Қарқарасын шанышты, ойла! Ұлытау, шеті Созақтан, Берекелі жерлерден, Көкорай шалғын көре алмай, Шұбырып қазақ кетті, ойла! Қоршап алған кәпір бар. Ұйлыққан қойдай қамалып, Бүйірден шаншу, қадалып, Сорлы қазақ қалды, ойла!”.

№32. Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері.

З.Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар творчествосының жанрлық ерекшеліктері өзгеше. Олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі – толғау арқылы айтып таратқан. «Жырау» сөзінің көне мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым өзгерген, жаңа мағынасында қолданыла бастады», – дейді. Бұл айтылған пікірлердің жыраулық поэзияның табиғатын ашып танудағы мәні айрықша. Дегенмен, жыраулар творчествосының өзіндік белгілері қандай, бұлар табиғаты жағынан әдеби түрдің қайсысына жатады, мұның жанрлық белгілері қандай деген тәрізді аса күрделі мәселелер әлі күнге дейін арнайы қарастырылып, өз шешімін әлі де толық таба қойған жоқ. Біз осыған орай жыраулық поэзияның Абай іргесін қалаған жазба әдебиетке келіп жалғасудағы тарихи үлесін елеулі деп айта аламыз. Жыраулар импровизация дәстүрінің бірден-бір негізін қалаушылары ғана емес, сол жанрдың ғасырлар бойы жалғаса дамып, тұрақтап ірге тебуіне де айтарлықтай еңбек сіңіріп келді. Осы тұста Ә.Тәжібаевтың: «Жырау – сөз жоқ ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады.

Ал, жыраулық – ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы», – деп, жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде алып қарастырады. Ал, Ә.Марғұланның көрсетуінше, жыраулар эпикалық жырды бірден-бір жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі өкілдері. Бұл пікірді Ә.Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып: «Ертегі, ұсақ салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың үлесінде болған», – дейді.

№33. Толғаудың жанрлық ерекшеліктері.

Толғау– әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған салиқалы да тартымды мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады.

Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Бұл әдебиетіміздегі даралық творчествоның ең әуелде тек поэзияда, оның ішінде жыраулық, ақындық толғау, жырларда тұрақтанып қалыптасқанын айқын

аңғартады. Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (XIII ғ.) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы– Қорқыт» та бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған.

Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 - 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар,

«Толғау» сөзі – толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар. Сондықтан да толғаудың өзін мазмұнына, тақырыбына қарай ойға құрылған толғау (ой толғау), сезімге құрылған толғау (сыр толғау) деп жіктеуге болады.

Ойға құрылған толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика қақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі мүмкін. Мысалы: Шалкиіздің «Шағырмақ бұлт жай тастар», Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор, ор қоян», Бұқардың «Айналасын жер тұтқан», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Ай, заман-ай, заман-ай» толғаулары.

Ал лирикалық толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларда жалпы жыраулар поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде ұшыраспайды. Жырау ел басына түскен ауыртпалыққа, немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын (көзқарасын) білдіреді. Мысалы: Шалкиіздің «Балпаң, балпаң басқан күн», Бұқардың «Кіші қара қалмақ бүлерде» толғаулары.

«Толғау – қазақ әдебиетінде сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні»,-делінеді А.Квятковскийдің «Поэтический словарь» атты еңбегінде. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің (С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, т.б.) толғау туралы пікірлері де негізінен осы анықтамаға саяды. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» мұндай да анықтама жоқ, мүлде ұмыт қалдырылған.

Толғау жанрының табиғаты З.Ахметовтың «Казахское стихосложение» еңбегінде едәуір тереңдей ашылады. «Толғау – шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі»,-деп жазады ғалым.

«Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі» деп анықтама береді Б.Абылқасымов.

Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар «санат-насыят ырлар», башқұрттар «қобайыр», құмықтар «ойлы йырлар» деп атайды. Ноғай мен құмықтың «қазақ йырлары» ерлік толғауы мағынасында қолданылады.

Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген ХІІІ-ХІV ғасырларға сәйкес келеді. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясында толғау ерешке өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті.

Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай.

Толғау - өлең түріндегі ой қозғау, толғану.

Толғау деген атынан көрініп тұрғанындай-ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы толғау ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор қатынасының бүтіндігі арқылы, сондай-ақ тұрақты композициялы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі.

Ойдың өрістілігі, тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау халық арасында кең қанат жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті. Толғаудың жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия дәстүрімен байланысты.

Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б. бейнелеу тәсіліне насихаттық, өсиеттік сарын, мәселені жан-жақты терең толғап айтатын ойшылдық әсіресе тән болған. Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағынан да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды (Дулат, Махамбет, Базар, Жамбыл).

Толғау кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Ырғағы 7-8 буынды тармақтарға негізделеді, олар еркін, әр мөлшерде топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сәйкес қалыптасқан.

№34. Асан қайғының «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» толғауының әлеуметтік мәні.

“Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді”,- деп жазған еді Б.Кенжебаев. [1 34б.]

Асанның “Жәнібекке айтқаны” деп аталатын 33 жолдан тұратын толғауы Ә.Марғұлан материалдарынан алынып, “Ертедегі әдебиет нұсқалары” атты 1967 жылы жарық көрген жинаққа енгізілген. Кейін 1989 жылы шыққан “Бес ғасыр жырлайды” жинағының 1-томына бұл толғаудың 11 жолы қысқартылып, жаңадан 16 жол қосылып, барлығы 39 жол болып, бұрынғы атауы алынып тасталғандықтан шартты түрде “Ай, хан, мен айтпасам білмейсің” деген алғашқы жолының атауымен жаңа нұсқасы енгізілді. 1993 жылғы ЖОО-на арналған “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” деп аталатын хрестоматиялық оқу құралында бұл жыр алғашқы нұсқаларынан 3 жол қосылып, жаңадан 6 жолмен толықтырылып, 49 жолдан тұратын жаңа нұсқасы шықты. Жырдың шыққан уақыты туралы пікір әр алуан.[4 194б. ]

  • Бірінші тирада

    • Шындығында жаңадан ғана шаңырақ көтеріп отырған мем лекеттің шаш етектен шешілмеген істері, жырда көрсетілгендей айнала аңдыған жауы, “Шабылып жатқан халқы...” тұрғанда оларды “көздеп көрмей сауық-сайранға салынып, “қымыз ішіп, қызаруы” сияқты бейқам жүріске барып, уақытын бос өткізуі, әрине, елбасының үлкен кемшілігі.

  • Екінші тирада

    • Жәнібек ханның қорған, қала салуға байланысты айтқан Жәнібектің орыс шеберлерін алдырып, кәуірге қала салдырғанын жырау айтады.

  • Үшінші тирада

    • Көшпенділер мемлекетінің тек көшпенділер емес, басқа да монархия мемлекеттерде, ең консервативті , тіпті кейбір батыс –шығыс елдерінде бүгінгі күндерге шейін сақталған жеткен дәстүрін – бұл текті сақтау төре тұқымынан шыққан хан-сұлтандарды ң қара халықтан шыққан әйелге үйленбеу тәртібі сол тәртіпті Жәнібек хан “Қарадан қатын алып” тағы бұзады.

  • Төртінші тирада

    • Сол кездің өлшеміне, дәстүріне келмейтін ханның тағы бір ерекше ісінен хабар береді. Аң аулайтын құстардың ішіндегі нашары, жыраудың айтуынша “Құладын құстың құлы еді”, оның белгісі “Тышқан жеп, жүнін түледі” осы құладынға хан анау-мынау емес, “құстың төресі аққуды” алдырады.

  • Бесінші тирада

    • “Желмая мініп, жер шалатын” сол “Тапқан жерге ел көшір” деп, Жәнібек ханнан қатаң талап етеді.

  • Алтыншы тирада

    • Сол көші-қон мәселесін әрі қарай сабақтай түсіп, Асан жырау айт қаныма құлақ аспай “ Бұл ардан көшпесең”, - деп қатқылдан сөйлеп, келе жатқан “Кәуір алар қалаңды, Шулатар қатын-балаңды” сияқты күтіп тұрған қателерді айтады

    • Жетінші тирада

    • Бірінен-бірі туындап жатқан бөліктеріндей емес, оқшаулау. “Зам ан азып”,- деп қазіргі ата дәстүрі сақталатын , көшпелі тіршілікке үйлескен сайын даладағы еркін тұрмыстың орнына астарлаап айтылған “Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма!?” заманға , яғни қалыпты дәстүрлі ұғым, түсініктердің орны алмасып, дүниенің көшпелілер көзқарасы бойынша астан-кестені шығып, аспан айналып жерге түскен төңкеріс заманы келетінін айтып отыр.

  • Соңғы тирада

    • Асанның айтып-айтып келіп, шығарманың қорытынды есебінде “Хош аман бол, Жәнібек, Енді мені көрмейсің!”,-деп, ашуланып, қолды бір сілтеп, сірә, беснші тирадасында айтқанын істеуге “Желмая мініп, жер шалуға кетті деп, жорамалдауға болады. [4 194-198б.б.]

« Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», – деп жазған еді Б.Кенжебаев.

№35. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.

Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген

сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен

жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік елеулі өзгешеліктері бар. Ақындық

поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады.

Көбінесе әрі жырау, әрі би болады» — деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е. Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді», – деп жазады.

Ақындық және жыраулық поэзияның табиғи өзгешеліктері мен оның фольклорлық туындыларға қатысы, жазба әдебиетпен байланысы алғашқы зерттеулерде жалпы әдеби процесті ашу және әдебиет тарихын қай ақын, жыраудан бастау керек деген сол кездегі аса маңызды мәселелерге орай сөз болып келді. Бұл проблема қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдық еңбектер мен кейбір теориялық мәселелерге арналған жеке монографияларда да, белгілі бір ақын, жыраулардың өмірі мен творчествосына арналған ғылыми мақалалар мен орта мектеп оқулықтарында да үзбей әңгімеленді. Алайда, бізде соңғы кезеңге дейін осы мәселеге арналған күрделі еңбектер болмай келді. Бұл тұста, ең алдымен, М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабы мен Қ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар», Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» деген зерттеулерін, Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр және жалғастық» атты монографиясы мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты коллективтік еңбекті бөліп атауға болар еді. М. Мағауин аталған зерттеуінде XV-XVIII ғасырларда жасаған ақын, жыраулар творчествосын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың «Ақын және жырау» деген соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр құрылысы (ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ, т.б.) ерекшеліктері тұрғысынан да байыпты ашып талдайды. Ал, Е.Тұрсыновтың жоғарыда айтылған еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін сақтап таратушы, жасаушы ақын, жырау, сал, сері, сыншылардың шығу тегі, типтік ерекшеліктері мен түп тамыры әлеуметтік, қоғамдық аспектіде қарастырылса, Қ.Сыдиықов өз зерттеуінде жыраулық дәстүрдің жалғасу жолдарына, оның бүгінгі дәуірдегі сипат, ерекшеліктеріне зер салады.

«Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен өзара астасып жатыр. Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш.Уәлиханов және В.В.Радлов, Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар.

Ш.Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүйемелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жыр дегеніміз – рапсодия. «Жырламақ» етістігінің өзі белгілі бір ән- әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызда сүйемелдеу арқылы орындалады. Жырдың мазмұны ертеде өткен батырдың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқығанын, бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», – деп жазды.

Рас, «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиетімізде ерте кезеңдерде-ақ, туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. «Жырау» сөзі де осы ұғыммен терең астасып жатыр. Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі – Құрбанғали Халидұғлы. Ол ақын мен жыршыны өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: «Ақындардың бір бөлімін «жыршы» дейді. Бұлар да ақынға тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар. Ақын шығармасын «өлең» дейді, олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден тұрады. Ал, жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған (қиыннан қиысқан) үш сөзден тұрады. Мысалы, Бұқар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұқардың көңіл айтуы да жырға жатады. Осы күнгі Құдабай ақынның айтып жүргені «өлең» делінеді. Екінші айырмасы: ақындардың өлеңі жай мағыналы болып, ал, жыршылардың сөзі мадақ, насихат мағыналы болып келеді және мысал сипаттас әсерлі болады. Сонымен бірге өлеңнің алғашқы екі жолы түпкі мағынасына сай келе бермей, қисын үшін де алынады. Ал, жырдың барлық жолы арналған тақырыптан ауытқымайды», – деп жазады.

В.В.Радлов жырды шумақа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды – жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай-ақ, ол қазақ жырының көнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе, сондағы аллитерация, акростих және ішкі ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», – дейді. Сөйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов пен В.В. Радловтан бастап В.Жирмунский, X.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.С.Смирнова, З.Ахметов, X.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Е. Тұрсынов, Қ.Айымбетов зерттеулерінде де түгелдей мақұлданған. Бұлардан Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, З.Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір, көрегендік қасиеттерін де баса көрсетеді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», – деп ой түйсе, Ә.Марғүлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған», – деп жазады.

№36. Шалкиіздің шығармаларының жиналып, зерттелуі.

XV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шәлгез (Шалкиіз).

Оның шығармалары қазақ ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Біздің қолымызда бар деректерге қарағанда Шәлгез шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысы. Бұған дәлел – жырау өлеңдерінің 1874 жылы жазылған «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дейтін көне дәптерде кездесуі. Бұл дәптерде қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуіріне қатысты көптеген жыраулар мұрасы (Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, т.б.) мен «Орақ», «Мамай», «Әділ сұлтан» сияқты жырлар бар. Ноғай, құмық ауыз әдебиетін тұңғыш жинап бастырушы құмық ақыны Могомед Османов (1840-1904) құрастырып жариялаған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (Санкт-Петербург, 1883) деген жинақтың ноғай, құмық жырлары бөліміндегі көптеген өлеңдер Үпі (Уфа) дәптеріндегі шығармаларға өте сәйкес келеді. М.Османов жинағындағы өлеңдер мен қолжазба дәптердегі жырлардың ұқсастығы ғылым үшін мәнді деректер берері хақ. Дәптердегі жазуларға қарағанда жырларды көшіруші Дәулетмырза да, дәптер иесі Ибрагим Шейхали сияқты. М.Османов жинағының бір арнасы осы дәптер ме? Әлде Дәулетмырза М.Османов жинаған материалдардан көшірді ме? Немесе М.Османов пен дәптер иесі құмық ағартушысы Ибрагим Шейхали екеуі де бұл материалды ел арасынан қатар жинады ма? Қалай болғанда да осы дәптердегі мұралар – қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуірінен көптеген мәлімет беретін қымбат қазына. Аталған дәптерде Шәлгездің «Арық хан…». «Қатынасы биік күлләрден», «Боз үстінә от яккан», «Әжікам сен Мансұрұлы Токусан», «Ғизмәт иям би Темір», «Менің иям би Темірдің тұсында» деп басталатын алты өлеңі бар. Бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен бұл мәтіндерде кейінгі басылымдарға қарағанда сол дәуірдің жазу стилі мол сақталған. Алайда, мәтінде елеулі алшақтық жоқтың қасы.

Шәлгездің «Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып» деп басталатын көлемді толғаулары алғаш рет 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында жарық көрді. Бұл жинақта би Темірге айтқан екі толғауы («Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып») бір-тұтас, жалғас жарияланған. Араб әрпіндегі қазақша мәтіні мен орысша мәтіні қатар, салыстырыла берілген. Аталмыш толғаулардың күні бүгінге дейінгі басылымдарының ішіндегі ең толық нұсқасы – осы жинақтағы мәтіндер. Аталған жинақтағы Шәлгез толғауларының И. Н.Распопов аударған орысша мәтіндері 1885 жылы екінші рет басылады, кейбір кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастайды.

Шәлгез жыраудың өнегелік мәні зор өміршең толғаулары ағартушы Ы.Алтынсарин хрестоматиясынан да елеулі орын алғанын көреміз. Алтынсарин Шәлгездің «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») толғауын ағартушылық мақсатына орай өзінше тақырып қойып, «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең тарлан шүй», «Бар күшіңді сынамай», «Жақсы да келер бұ көпке» деп басталатын шумақтарын қысқартып, кейбір шумақтарын ғана жариялаған. Алтынсарин хрестоматия кәрі құлақ ересек адамдарға емес, жас балаларға арналғандықтан, солардың ұғымына қарай толғауға «Бір ханға бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі» деген жалпылама, жеңілдеу тақырып қойып, «Ау, хан ием, хан ием» деген алғашқы жолын өз жанынан қосқан, кейбір сөздерін өзгертіп қолданған. Мысалы, Шәлгез толғауындағы «Аспанды бұлт құрсайды» – Ы. Алтынсаринде «Айды бұлт құрсайды» немесе «Сұлтан ием, сен менің бармай тапқан қағбамсың» – Ы. Алтынсарин хрестоматиясында «Тақсыр, менің бір күнде, сен бармай тапқан кебемсің» болып келеді.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрсе де, қазақ зерттеушілерінің назарына кеш ілінген – Шәлгез жырларының М. Османов жинағы мен В. В. Радлов кітабындағы мәтіндері. М. Османов жинағында жарияланған «Аспанды бұлт құрсайды», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының үзінділері мен «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстіне от жаққан» толғаулары, В. В. Радлов кітабындағы «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының әңгіме түрі «Шалкіз» және «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының үзінділері («Бәйтеректің иайқалмағы йелден-дір») жырау шығармаларының ноғай, құмықтар арасына тараған нұсқалары еді. Бұл нұсқалардың құндылығы сол – ноғай, құмық халықтары Шәлгез сынды сөз зергерінің асыл мұрасын сан ғасыр бойы ұмытпай, елеулі өзгеріссіз сақтауы. Әйтсе де, В. В. Радлов кітабындағы Шәлгез жолдарын ноғайлар арасынан кейінірек жиналған және қазақ еліне тараған нұсқаларымен салыстырғанда біраз сыр аңғаруға болады. В. В. Радловтағы «Шалкіз» әңгімесінде келтірілген «Менің ием Ша-Темір» деп басталатын он тармақтың қазақтар арасынан жазылған нұсқасынан айырмасы аз екендігі байқалады, тек қана би Темірді Ша-Темір (Шах Темір – Ақсақ Темір) деп жаңсақ жазған. Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде Шәлгез шығармаларын қазақ даласына кеңірек таратып, таныстырған XX ғасыр басында жарық көрген «Жақсы үгіт»(Қазан, 1903), «Ақын» (Қазан, 1912), «Шайыр...» (Орынбор, 1910-1912), «Көксілдер...» (Орынбор, 1910-1912) жинақтары болды. Шәлгездің «Жақсы үгітте» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының толық нұсқалары, «Ақында» – «Шағырмақ бұлт жайтастар», «Көксілдерде» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының үзінділері, «Шайырда – «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының үзіндісі жарияланды.

Қазан төңкерісіне дейінгі өзге ақын, жырауларға қарағанда Шәлгез жырларының бүгінгі ұрпаққа жетуінде бір ерекшелік бар. Бірқатар жыраулар сөзі ел аузынан күні кеше ғана жазылса, ал Шәлкез шығармаларының ең берісі XX ғасырдың бас кезінде қағаз бетіне түскен. Ғылыми архивтерге соңғы жылдары ел арасынан жиналған жырлардың өзі осы ғасырдың бас кезінде жарық көрген жинақтардан жаттаған нұсқалар болып келеді. Мұның өзі Шәлгез жырларының ел арасында көне жырды көп білген кәрі құлақ қариялардың мол кезінде, бағзы сөз жүйесі аса көп өзгеріске ұшырамаған күйде қағазға түсіп үлгергенін аңғартады.