- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
Бұқардың Абылайға айтөан толғаулары жалпылама емес, нақты, ондағы жыраудың кеңесі мен нақыл сөзі тікелей ханға арналған, сондықтан ең алдымен елде тыныштық сақтау мен халықты қасіреттен құтқару керектігі айтылады. Көптеген ұрысқа қатысқан 93жасар Бұқар көрші мемлекеттер әміршілерінің мінез-құлқын, әккі де зымиян саясатын, арам ниетін өте жақсы білген, сол үшін ол Абылайға айлакер жаудың шабуылынан бұрын елді Сырдарияның аржағына, Жиделі Байсын жеріне көшіру қажеттігін айтады.
Абылайға қарата айтылған толғауларында Бұқар жырау мінсіз әміршінің идеалдық образын жасаған. Абылайды өте ақылды да әділетті хан деп білген. Рас, сонымен қатар жыраулық дәстүр бойынша өзінің азуын да көрсеткен. Осы толғауларында Абылайдың ата-анасы туралы, содан соң өзі жөнінде әңгімелеп алады да, содан кейін «айтқан ақылыма көнбесең, көресіні көрсетем»-деп, күш көрсетеді:
Ашуланба, Абылай!
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазға салармын,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба!
Алайда, қаншама ірілік көрсеткенімен, Бұқар жырау әміршісінен аса алмайды, өйткені оның патша қашан да әділ деген иллюзорлық түсінігі басым еді. Ол үшін хан-елдің басшысы ғана емес, хан-қалықтың бақыты мен ырысы. Сол себепті дейді Бұқар,-халық ханды басына көтеру керек, оны құдырет деп тануға тиіс, ешкім ханға қарсы шықпауға тиіс, йтпесе елдің бәрі бақытсыз болады. Әміршінің тұлғасын құдырет тұту керек деген түсінікке сүйенген Бұқар жырау өзініә ханы Абылайды еш міні жоқ адам етіп, өте әділ әрі қайырымды, рахымы мол хан бейнесінде суреттейді.Бұқардың арнау толғаулары: «ЕЙ, АБЫЛАЙ,АБЫЛАЙ», «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАСЫНДА», «АЛ ТІЛІМДІ АЛМАСАҢ», «ҚАЗАҚТЫҢ ХАНЫ АБЫЛАЙ», «ХАНҒА ЖАУАП АЙТПАСАМ», «СЕН ОН БІР ЖАСЫҢДА», «АЛ, АЙТАМЫН АЙТАМЫН» .
10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
Бұқар жыраудың болжау толғауларына: «ҚИЛЫ ЗАМАН», «ШҮРШІТ КЕЛЕМ ДЕГЕН СӨЗ БАРДЫ», «ХАНҒА ЖАУАП АЙТПАСАМ», «ОН ЕКІ АЙДА ЖАЗ КЕЛЕР».
1745жылы атақты Халдан-Серен өлген соң оның ұлдарының бірі Цеван-Дорчжи қоңтажы болады. Бірақ Цеван-Дорчжидің билігі ұзаққа созылмайды, оны таққа таласқан өзінің інісі Лама-Дорчжи өлтәреді. Осыдан соң-ақ қалмақ ордасында аласапыран, өзара қырқыс басталып кетеді. Билікке таласушылар тіпті шет жерліктерден де ,- бірде қытайдан, бірде қазақтан,- әскери көмек алып, жат ел аиының тұяқтарына өз бауырластарын таптатады. Осының нәтижесінде бір кездегі құдыретті Ойрат империясы әлсірейді. 1755жылы оны қытайлар екі-үш айдың ішінде оп-оңай жаулап алады. Үш жыл өткен соң қытайлар қалмақ елінде жаппай қырғын ұйымдастырып, еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін тегіс дерлік харап етеді. Өстіп Жоңғар мемлекеті жер бетінен жоғалады.
Бұл оқиға қазақтардың көз алдында болды. Сондықтан жұрт көңіліне қорқыныш ұялайды.
«Шүршіт келем деген сөз барды
Көктен түскен төрт кітап
«Енжіл» атты кәләмда
Егер шүршіт келмесін
Егер шүршіт қаптаса
Алып бір жейді ақтарып
Көмулі көрден денеңді»,-дейді Бұқар.
Өздерімен көршілес қалмақтардың кебін киюден қорыққан жырау:
«Шүршіт келсе Сырға көш
Ішетұғын суы бар»- дейді. Әрине, бұл тек бассауға ғана. Сондықтан басқыншыларға қарсы тұрудың қиындығын білмегенмен де Бұқар жау бетіне айбар болар бірден-бір амал-ел бірлігі екендігін айтып, жұрттың ынтымақты, ауыз бірлікті күшеіту керектігін насихаттайды.
