Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз

Аллитерация (лат allitera-дыбыстас) дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тәлдә ажарлап,сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл

мысалдар: Қазтуған «салп-салпыншақ анау үш өзен»

жабағалы жас тайлақ

Жардай атан балған жер,

жатып қалып бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең.

Доспанбет жырау:

Тоғай,тоғай, тоғай су,

тоғай қондым,өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

топ бастадым,өкінбен

Шалкиіз жырау «би темірге бірінші толғауы

сен алтынсың-мен пұлмын,

сен жібексің мен-жүнмін

сен сұлтансың-мен құлмын,

сен сұңқарсың -мен құмын

Ақтамберді жырау

Жағалбай деген ел болар

Жағалтай деген көл болар

Жағалтайдың жағасы

Жасылда байтақ ну болар

Балпаң,балпаң кім баспас,

басарға балтыр шыдамас

Баиырмын деп кім айтпас

барарға жүрек шыдамас

Бұқар жырау «айналасын жер тұтқан»

Құландар ойнар қу тақыр

қурай бітпес демеіңз

қурай бітпес құба жон

құлан жортпас демеңіз

Құрсағы жуан боз бие

Құлын салмас демеңіз

Қулық туған құлаша

Құрсақтанбас демеңіз

Ассонанс дауысты дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап,сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл

Асан Қайғы: «Қырында киік жайлаған»

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойыңды,

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың

Ойылдан елді көшірдің

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

екі семіз қолға алып,

ерлер жортып күн көрген

еділ деген қиянға

еңкейіп келдің тар жерге

90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар

Сөйтіп, жыраулар,көбінесе өзініңкөріпкел,болжағыштықдана кемеңгерлңк қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда кеңес сурар ақылгөй жыршысы,салауатты биі болғанын көреміз.Бұған дәлел ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе,яки Баяндур хан,Ұлық жыршымен Шыңғыс ханнан бастап,бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс,Асан Қайғы мен Жәнібек,Шәлгез бенБи Темір,,Жиембет пен Есім ,Бұқар мен Абылай хандардың іс әрекет,қарым*қатынастарын атай айтамыз.Бул туралы кезінде «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда,ең алдымен,сөз тапқыш,,өткір деген суырылған шешенннен,судырлаған ақынннан алатын.Булардың саяси салмағы зори болғандықтан,аузынан шыққан сөзде олқы болмауы тиіс.Көлденең кісі мін таба алмайтындай,қоржындай ауыр,оқтай жұмыр,өтімді болуы керек.Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып,ел меңгеру жолындағы саясат адамдары болғандықтан,көпке айтқан сөздерінің бәріел мұңына,ел қамына арналғансөздер болады» -деп М Әуезов.

Мысалы Асан Қайғының «Ей хан мен айтпасам білмейсің» толғауында. Отарлау мен бодандықтың неге ікеліп соғатынына дейін нақтылапашып айтып береді.Мұнда ол бұрыннан таныс шортан мен қарағайды шешімі зор түйінді бейне ретінде алып суреттейді:

Бұдан кейін қилы-қилы заман болар

Заман азып,заң тосып жаман болар

Қарағайдың басына шортан шығып

Балалардың дәуоеніт тамам болар

Ол күнде қарындастан қайыр кетер

Ханнан –күш,қарағайдан шайыр кетер

Ұлы,қызың орысқа бодан болар

Қалың ел,есіл жұртым сонда не етер

Бұқар жыраудың:

Сөйлетпей ұрар ұртына

Бауыздамай ішер қаныңды

Өлтірмей алар жаныңды

Қағазға жазар малыңды

Есепке салар барыңды

Еліңді алар қолыңнан

Әскер қылар ұлыңнан

Тексізді төрге щығарып

Басыңа ол күн туғанда

Теңдік тимес құлыңнан

Болмай қалмас артыңнан

Естісең мына қартыңнан

Атты толғауыда болжал толғаудың ерекше үлгісін көрсетпек.Сонымен қатар «Абылай ханның қасында» «ханға жауап айтпасам» «Он екі айда жаз келер»атты болжал толғаулары бар

Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып,көбінесе заман дәуір,өткен мен елешек,адамгершілік,жақсылықпен жамандық жайындаойлар,болжаулар,қағидалы сөздер айтып отырған»