- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
Бұл жырдың түпкі мағынасына үңілсек ,бұл -батыр мен ханның ел тағдырындағы рөлі мен маңызы,әміршінің мемлекет өмірінде алатын орны туралы, дәлірек айтқанда, Абылай ханның заманы жайындағы кең диапазонды толғау. Осы толғауында Үмбетей -нағыз абыз, шындықты тайсалмай айтатын азулы жырау. Ол болмыстың күйкі тіршілігінен әлдеқайда жоғары тұрған әрі Абылайдың күллі өмір жолын, оның сарбаздарының тыныс-тіршілігін әлдеқайда жоғары тұрған әрі Абылайдың күллі өмір жолын, оның сарбаздарының тыныс-тіршілігін бүге-шүгесіне дейін біліп, бәрін қырағы көзбен шолып отырған дана қарт. Оның статусы өте биік, ол ханмен тең тұр, тіпті кей кезде одан да жоғары көрінеді. Оның дауысы зор, үні сенімді, әрі қатты, өйткені ол ел туралы, елдің ырысы, тіпті ханның өзі жайында, мемлекеттің тағдыры жөнінде ойлайды, қам жейді. Үмбетей өктем сөйлейді. Ол Абылай тұсындағы қалмақтармен болған ірі шайқастарды еске түсіріп, сол ұрыстарда жанқиярлықпен соғысып, дұшпанды жеңу шешуші үлес қосқан батырларды атайды да «ұмыттың ба соны,Абылай?» деп, ханға қайта-қайта сұрақ қойып, оның жадын жаңғыртып отырады. (С.Қасқабасовтың «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінен)
Бұл жырда ханнан гөрі қауым мен батырдың бейнесі молырақ сипатталады. Толғау еркін, төкпелі сарыннан туған, таудан құлаған сарқырама су үніндей әсерлі естіледі. «Бөгембайдың ерлігін жырлау өзінің алдыңғы сарқылмасөз өнері -ауыз әдебиеті дәстүрлері негізінде суреттейді. Батырдың батырлық қимылын тану да, бейнелеуде дебатырлар жырында қалыптасқан негізгі өлшемдер мен көркемдік тәсілдерге сүйенеді. Соған қарамастан асрыа әсірелеу де, қиялдағы батыр бейнесін жасау талабы да байқалмайды. Керісінше өмірде болған адамның ісі оны тікелей көрген адамның көзімен өлшеніп бағаланады, суреттеледі. Соның нәтижесінде толғаудан елін жаудан қорғаған қайсар ер, қайтпас батырдың өр бейнесін көргендей боласың.Үмбетейдің «Бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі» де осы деңгейдегі толғау. Жырау Бөгембай сияқты батырлардың Абылай тұсында өмір сүруін Абылайға «Тәңірім берген үлкен сый» деп бағалайды, суреттейді. Бұқар толғауы сияқты мұнда да Бөгембай ел қорғаны -батыр ретінде көрінеді. Сөйте тұра осы толғауға тән сипат -адамдық, жылылық пен сыршылдық. Бұл кейіпкер басынан емес, автордың кейіпкерге қатысынан көрінеді. (Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том бойынша)
51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
Жыраудың философиялық дидактикалық сарындағы толғау жырлары сақталмаған. Біздің түсінігіміздегі Үмбетей бейнесі Бөгембай батырдың есімімен байланысты. Жыраудың даңқын шығарған да осы туындылары. Үмбетейдің Бөгембайға қатысты екі ұзақ жыры бар: мұның біріншісі Бөгембайды жоқтау да, екіншісі Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту. Қанжығалы Бөгембай батырдың аты кімге болмасын жақсы таныс. Ол Жоңғарға қарсы күрестің қаһарманы, әлуетті батыр, атақты қолбасы, еліне еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі. Үмбетей даңқы әкесі Алатаудай Ақша батырдан асып болат туған Бөгембайдың өшпес образын жасады.
«Баян Аула, Қызыл тау,
Абыралы, Шыңғыс тау
Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ
Арасы толған көп қалмақ
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың,
Ақ Шәуліге қос тігіп,
Қабанбай мен Бөгембай
Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың». Осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден соң Жоңғар тауларының шыққан ойрат тайпалары басып алған қазақтың байырғы мекендері болатын. XVIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде қазақ қолының басында жүрген батырлардың бірі Бөгембай еді. Тек бұл ғана емес, Бөгембай – Жоңғарға қарсы күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге ұшырап, Сайрам, Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айрылғанда, Ақтабан шұбырындыға ұшырап, атамекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі шайлықпаған санаулы ерлердің бірі еді. Бұл кезде Бөгембай қалмақтарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәт мәмлеге келіп, бас қосып, жоңғарға қарсы соғысты қайта ашқанда, ол алдыңғы сапта шапты. Қазақтардың 1728, 1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бөгембайдың атқарған рөлі ерекше. Бөгембай дүниеден көшкенде Үмбетей жырау көзінің жасын көл қылады, батырдың өлімін аза тұтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып, марқұмды мадақтайды. Бөгембай қабірінің басында жоқтау жырын айтқан соң, жырау батырдың аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады, ел сүйіктісінің өлімін хабарлайды.Бұл жыр естірту түрінде келеді.Жырау алдымен Абылайдың өз басынан өткен ауыр күндердің жайынан толғайды. Бұдан соң қуанышты күндерге келеді, жеңісті жорықтарды, батырларды мадақтайды. Дүниенің аумалы төкпелі екенін, өлімнің артынан қуаныш болатынын, батыры өлсе, оның орнына тағы бір батыр туатындығын айтады. «Ей Абылай, Абылай
Сөзімді тыңда тағы да ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен,
Дөмпеш таудай басы үлкен,
Жасыңда болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде
Қайрылмас қаза келгенде
Батырың өлді Бөгембай» ұзақ жырдың түйіні осында. Қаралы хабарды естіртті, азалы адамды жұбатады, көңілін бекітеді, тамаша жыр батамен, тілекпен, халыққа бақыт, береке, тыныштық тілеумен аяқталады.
52. Бұқар жыраудың болжал толғаулар Ақын бірауызды, ынтымағы күшті елді осылай армандап, сондай елдің ғана болащағы мол болатындығына сенім білдіреді. «Ағайын тату болса, жат жанынан түңілер» деген халық мәтелін қоштай сөйлеп, ол тату – тәтті өмірді аңсайды.
Жақын жерден шөп жиса,
Жердің сәнін кетірер,
Ағайынның аразы, -
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы, -
Ауыл сәнін кетірер.
Бұқар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы – жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты Бұқар елімен бірге кешкен. Ол, әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшылармен бірге, ақылшы, үгітші боп белсенділік көрсеткен. Абылай Бұқармен осы тұста қатты санасқан. Орыс патшалығымен соғыспақшы болған Абылайға және оны жақтаушыларға Бұқар жырау қарсы болады. Соғыс ел тыныштығын бұзатын әрекет, хан мен оның шашпауын көтерушілердің тасқандығынан туған желіктің нәтижесі деп біледі де, ханның да, батырдың да жер-жебіріне жетеді. Ел аузында Бұқардың сөзінен кейін Абылай жорыққа аттанбай, қолын тарқан деседі. Абылай туралы жазылған зерттеулерде оның дипломат адам болғанына ерекше тоқталады. Жоғарғы сөздерге қарағанда Абылайдың тыныштықты көздеген саясаттарының бір тамыры Бұқарда жатқанға ұқсайды.
Бұқардың орыспен соғысуға қарсы болушылығы өз кезінде алыстағыны болжампаз адамның бірі болғандығын көрсетеді. Бұқар пікірінің дұрыстығын сол кездегі өмір шындығы қолға таяқ ұстатқандай дәлелдейді.
Бұқар айтқан «орыспен соғыспай» тату тұру сол кездің өзінде-ақ елі үшін зор пайдасының бір көрінісі осы тәрізді болатын.
