Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

66. Асан қайғы афоризмдерін талдау

  1. Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Сабырлық туралы

  1. Бұл заманда не ғаріп,

Жақсыларға айтпаған,

Асыл шырын сөз ғаріп.

Мемлекет, қоғам, заман туралы

  1. Әділдіктің белгісі- біле тұра бұрмаса,

Ақылдының белгісі- өткен істі қумаса.

Әділдік туралы

  1. Есеніңде- тіріңде бір болыңыз бәріңіз.

Ынтымақ- бірлік, татулық туралы

  1. Ғылымның қандай пайдасы- білместі жолға салмаса.

Ғылым- білім туралы

  1. Еділ бол да, Жайық бол- ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе- жаныңды аяп тұрыспа.

Тәлім- тәрбие туралы

  1. Көлде жүрген қоғыр қаз,

Қыр қадірін не білсін.

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін.

Санасы жоқ жамандар

Ел қадірін не білсін!

Қадір- қасиет туралы

  1. Көшіп- қонып көрмеген- жер қадірін не білсін,

Көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген,

Ақылыңа көнбеген- жұрт қадірін не білсін.

Қадір- қасиет туралы

  1. Мінезі жаман адамға- енді қайтіп жуыспа,

Тәуір көрер адаммен- жалған намыс қуыспа.

Мінез- құлық туралы

  1. Арғымағын жамандап- тұлпар қайдан табарсың,

Тұйғыныңды жамандап- сұңқар қайдан табарсың.

Қанағат- рахым туралы

  1. Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,

Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Бақыт туралы

  1. Күніңде өзім болдым деп- кең пейілге таласпа,

Артық үшін айтысып- достарыңмен санаспа.

Тәлім- тәрбие, өсиет тағылым жайлы

  1. Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз сөз бастама,

Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.

Тәлім- тәрбие, өсиет тағылым жайлы

  1. Қадірін жеңге білмесе- бой жеткенмен қыз ғарііп,

Замандасы болмаған қария болар шын ғаріп.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

  1. Надандықтың белгісі- тілін алмау білгеннің.

Надандық, ақымақтық туралы

  1. Шамаңша шалқып жүре бер- қабірге әзір қоймаса,

Артыңда қалар атақ жоқ, тіріде даңқың болмаса.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

67-сұрақ. Асан Қайғы “Әй,хан мен айтпасам білмейсің”

Бұл толғау 7,8,9 буынды,2 бунақты,50 тармаққа құрылған.Ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы,егіз ұйқас,кезекті ұйқас. толғау 6 тирададан тұрады.

Эпитет: құладын құс,хандық жора,ақ шортан.

Метафора: асқан батырсың

68-сұрақ. Қазтуған жырау “ Мадақ жыры”

Бұл толғау 7,9,13 буынды,2 бунақты,17 тармаққа құрылған.Бұл толғауда ұйқастың қара өлең,егіз,шұбыртпалы ұйқас түрлері кездеседі.

Эпитет: қызыл тіл,қасты орда

Теңеу: мұздай

69-сұрақ. Қазтуған “Алаң да алаң,алаң жұрт”

Бұл толғау 7,8,9 буынды,2 бунақты,34 тармаққа құрылған.2 тирададан тұрады.

Эпитет: ақала ордам,сары жүн,жас тайлақ

Теңеу: қарғадай,жардай,бұзаудай,тоқтыдай,тайдай,қойдай.

70-сұрақ. Шалкиіз “ Би Темірге бірінші толғау”

Бұл толғау 7,8,9 буынды,2 бунақты,87 тармаққа құрылған.Бұл толғауда ұйқастың кезекті,егіз,аралас ұйқас түрлері кездеседі.Толғау 5 тирададан тұрады.

Метафора: арабы торым,алдаспаным өзіңсің,бармай тапқан қағбамсың,семіз торыңмын,Сен алтынсың-Мен пұлмын,Сен жібексің-Мен жүнмін,Сен сұлтансың-Мен құлмын,Сен сұңқарсың-Мен қумын.

Эпитет: сары бел,тобылғының берегі,берен,жемсауыңа.

Теңеу: телегейдей

71-сұрақ. Шалкиіз поэзиясындағы сырлы,дана афоризмдер.

"Би Темірге бірінші толғауы"

1.Ақылсыз достыдан,Ақылды дұспан артық-ты.

2.Жоғары қарап оқ атпа,Жуық түсер қасына.

3.Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,Күндердің күні болғанда,Сол жаман айғақ болар басыңа.

"Жақсының жақсылығы сол болар"

1.Жақсының жақсылығы сол болар,Жаманменен бас қосып,Сөйлемекке ар етер.

2.Ғаділ төре ел бастар,Батыр жігіт қол бастар,Шешен адам сөз бастар.

"Шағырмақ бұлт жай тастар"

Бір жақсымен дос болсаң,Азбас,тозбас мүлкі етер,

Бір жаманмен дос болсаң,Күндердің күні болғанда,Жемле ғаламға күлкі етер.

"Асқар,асқар,асқар тау"

Ағайынның ішінде,

Бір жақсысы бар болса,

Қоңқалаған көп жаман,

Сол жақсыны көре алмас.

"Жапалақ ұшпас жасыл тау"

Жақсылардың өзі өлсе де сөзі сау,

Ойлап тұрсам жаманның,

Жалаңдаған өз басына тілі жау.

72-сұрақ.Доспамбет “Айналайын Ақ Жайық”

Бұл толғау 7,8 буынды,2 бунақты,25 тармаққа құрылған.Бұл толғауда ұйқастың шалыс ұйқас түрі кездеседі.

Эпитет: қара бұлан,боз орда,ақ балта,алты құлаш,сайгез оқ,қара саба.