- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
Шалкиіз:
Сен алтынсың—мен пұлмын, Сен жібексің—мен жүнмін. Сен сұлтансың—мен құлмын, Сен сұңқарсың—мен қумын.
Ақтамберді:
Сыртым-құрыш, жүзім-болат,Тасқа салсаң майрылман!
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өсермін,
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Ой, мен қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталаса да айрылман
Шал:
Мен бір шапқан жүйрік ат, Бір желіксем басылман
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяғын қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламайды ешбір нәрсе шайтан, пері.
Ашу – дұшпан, нәпсі – жау.
Көтеш:
Тәлебайдың баласы - өңшең сырттан.
Едігесіп ет жейді етті жұрттан
Үмбетей:
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Қей сорлының қатыны
Күндіз ауру, түнде сау
Арқаңа артқан тұзбен тең
Доспамбет:
Дүниенің басы-сайран, түбі-ойран.
Хан ұлы –төре, би ұлы – шора
78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
Тәтіқара - Абылай ханның тұстасы. Қалмаққа қарсы жорыққа қатысып, сол жорықтарды жырлаған ақын. Шоқан Уәлиханов Тәтіқараның кезінде ірі ақын болғандығын айта келіп, оны Абылай қолының жыршысы деп орынды ескертеді және Абылай қолының жаудан сасқан бір шағында айтқан Тәтіқара өлеңінің мазмұнын баяндап береді. Профессор Е. Ысмайылов та Бұқар мен Тәтіқараны Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шындықпен жырлаған ақындар деп көрсетеді. Соған қоса, ол Тәтіқараны өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын деп санайды. «Ер Тарғын », «Қобыланды» сияқты жырларды оқиғаның куәсі болған Сыпыра жырау шығарып, ал онан соң Үмбетей, Тәтіқаралар жырлап таратуы ықтимал дейді.
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза,
Болат найза-эпитет
Кебеже қарын, кең құрсақ
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі.
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Кебеже қарын, кең құрсақ – эпитет
Тұрымтайдай құнысты – теңеу
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмессің
Бұрылып жауды шанышқанда!
Баяндай ер-теңеу
Кеше тоқыраулы судың бойынан,
Тоқал терек түбінен,
Ніл дарияның басынан..
Тоқыраулы су, тоқал терек, ніл дария – эпитет
Дәл жиырмаға келегенде
Ақ сұңқар құстай түледі
Ақ сұңқар құстай – теңеу
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді
Бір баласындай - теңеу
79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
1.Түйе мойнын тұз кесер
Жігіт мойнын қыз кесер.
2 Арудан асқан жан барма
Жылқыдан асқан мал барма
Қымыздан асқан дәм барма.
3 Қыздың көркі құлпыда
Жігіттің көркі жылқыда
4. Балпаң-балпаң кім баспас
Басарға балтыр шыдамас
Батырмын деп кім айтпас
Шабарға жүрек шыдамас.
5. Жауыңды аяма
Жылағанды уат
Жығылғанды тұрғыз
80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
Ақтамберді жырау эпикалық жанрдың ақыны болған.Өзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін асқақ береді.
Күлдір-күлдір кісінетіп
Күреңді мінер мекенбіз
Қоңыраулы найза қолға алып
Қоңыр салқын төске алып
Қол қашырар ма екенбіз.
Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке,ерлікке үндеу,жауға батыл аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі.Тап берген жауға қарсы жігерлендіруге,алға ұмтылдыруға келгенде одан өткір үгітші,трибун кездеспейді.Ақтамберді шығармашылығындағы ең басты сарын-ерлікке,батырлыққа шақыру.
Балпаң –балпаң кім баспас
Басарға балтыр шыдамас
Батырмын деп кім айтпас
Шабарға жүрек шыдамас.
Өз заманының талабын,өз ортасының тілек,мүддесін білдірген Ақтамберді исі қазақ болып атқа қонуды,дұшпанға соққы беруді армандайды.
