- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
1.Бір ханымның қамы үшін жүрдім саяқ,
Не қыламын бұл малды жаннан аяп.
(саяқ-үйірге қосылмаған жылқы)
2.Атадан ұл тусын, ұрпақ жолын қусын.
75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
Шал поэтикалық сөздің дәмін, тамырын дәл, анық тауып айтады, шабыт диапазонының кеңдігі айшықты, ажарлы табысқа жетелейді. Қазақтың он бір буынды қара өлеңінің құдіретін Абайдан бұрын танытқан қарт шеберлердің бірі осы Шал. Шығармаларының дені он бір буынмен жазылған, жеті-сегіз буын арагідік ұшырайды. Әлгі балталаса берілмес берік ұйқас осы Құлекеұлында.
Шалдың поэзиясы он бір буындық өлшемнің мүмкіндігін мол пайдаланған. Шал болса, сол сол халықтық поэзияның қолтығынан шыққан адам. Теңеу, тұспалдауы, метафора, символ секілді бейнелеу құралдары да соны паш етеді. Редифтік рифмалардың ұшырасатындығын да айта кеткен жөн. Кейде тармақтың аяғы өзара ұйқасады. Бір мысал келтіре кетелік:
Басеке, мал жануар басқа бітер,
Қына шөп секілді ол тасқа бітер.
Үйіңнен ит жаланып шықпайтұғын
Өзіңдей жатып ішер насқа бітер, - дегенде «басқа, тасқа, насқа» сөздері «бітер» етістігімен біте қайнасып, әуезді ұйқас жасаған.
Қай кезде де өңін жоғалтпас Шал ақынның фәлсафалық тұжырымдары мен ұтымды ұйқасын былай қойғанда, тапқыр теңеулеріне тәнті боласыз.
Ай нұрланар аспанда толған сайын,
Пенделер үміт етер болған сайын,
Ашу-пышақ болғанда, ақыл – таяқ,
Сол таяқ кемімей ме жонған сайын.
Мәнерлі, әсерлі шумақтан ғибадаты кең ой түйесіз. Кәрінің өлімін соққан дауылдың тынғанына теңесе, жастың өлімі сынған бәйтерекпен парапар дейді:
Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе – бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіттер, жас уақытты бос өткізбе,
Тағдыр деген көзді ашып –жұмғандай-ақ.
Ағайын арасы , ел-жұрттың татулығын аңсаған ақын, сол бірлікті қаз-қатар тізіліп тұрған отыз екі тіспен салыстырады:
Ағайының көп болса,
Бірлігі оның берік болса,
Жамандық жер кез келсе,
Бір-біріне сеп болса,
Бүтін тұрған бұзылмай
Отыз екі тіспен тең.
Келесісі: Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең. Шешен жігіт дүрмен тең, Имансыз көңіл кірмен тең.
Ақылы жоқ надандар, Іс бітірмес жамандар Жүз болса да бірмен тең.
Он бес деген жасым - ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырма деген жасым - ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыз деген жасым-ай,
Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасым - ай,
Қырымға да көз салған.
Байлаулы тұрған құр аттай.
76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
ХVІІ ғасыр ақындарынан әдебиет әлемінде мәлім жыраудың бірі Жиембетке тете Марғасқа жырау Есім хандығының соңғы кезінде өмір сүрген. Есім ханның жоғын жоқтап, жорықтарында бірге жүріп, хан сарбаздарының көңілін көтеріп жыр шерткен. Марғасқаның өмірі мен ақындығы туралы әзірше мәлімет өте аз. Ғалым Мұхтар Мағауин Марғасқаны Есім ханмен бірге Ташкент бегі Тұрсын мен Шанышқылы ханы Қатағанды шауып жазалаған ерлерден санаған. Яғни, ол Есім ханның 1627 жылы Ташкентті басып алу оқиғасына қатынасқан сарбаздарының бірі болған көрінеді.
Бізге Марғасқа жыраудың бір ғана қысқа толғауы жеткен. Бұл толғау Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет институтының қолжазбасынан алынып, 1967 жылы «Ертедегі әдебиет хрестоматиясына» енгізілді. Ол төмендегідей:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!
Тұтқиылдан шауып, бейқам жатқан жауды қолға түсірген кезде озбыр сатқын Тұрсынға жырау айтқан үкім — осы. Асылы, Есім ханның халық алдында беделінің артуы осы оқиғаның жеңіспен аяқталуы болса керек. Ерлер мен хандар елде жоқта жазықсыз, панасыз халықты шапқан Тұрсынға жазасын бергені үшін халық Марғасқадай даңқты жырауы арқылы Есімге алғыс айтқанға ұқсайды. Әрине, Марғасқаның жырлары көп болған. Ел есінде жүрсе де, біздің қолымыз жетпей жатқаны да бар шығар.
Марғасқаның Есім ханның өмірі мен ерлік істерін баяндайтын «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырды жеткізушілердің бірі болғандығы мәлім.
Мұнда тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Бұл оқиға халық санасында үлкен із қалдырған. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша, 1627 жылы болған. Аталмыш жырдан Марғасқаның от тілді, өжет, аса талантты ақын екендігі аңғарылады. Жырау шығармалары халық әңгімелерінде айтылатындай шынында да Марғасқаның жауынгер, жорықшы ақын болғандығын көрсетеді.
