- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
С. Мұқанов Бұқар шығармашылығының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырларй сол кездегі саяси әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол:"Бұқардың шығармаларын азаматтық, саяси мотив терең әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы ды" –дейді.
Бұқар Абылайдың сясатын жақтайды . сондықтан да ол әміршісі күшті болуын тілейді. Абылай хандығының нығаюы, хан үкіметінің берік болуы үшін күреседі. Бұл жолда ол тіпті ханның тұрақты армия жайын ойлауын, әскери аристакратия өкілдері, нақты феодалдар мен әлеуетті батырлардың үнемі өзіне жақын, ұрыс соғыстарға сай ұстауын қалайды.
Бұқар тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұрама" атанған қатерлі заманда қазақ еліне басын құрап , қалмақ басшыларына қарсы күресті ұйымдастыра білген Абылай ханды халық тәуелсіздігін қорғап қолған көсемі даңқты қолбасшысы ретінде сипаттайды.Бұқар өз жырларында Абылайдың сол тұстағы орасан зор еңбегін жоғары балай отырып, халық арманын ақтаған батыр қолбасшысының мақтан тұтарлық әдеби бейнесін жасауға зер салады.
Алайда бұқар жырау Абылай ханның барлық іс әрекет, ішкі тысқы саясатын түгелдей қоштап , мақұлдап, бас изей бермеген. Хан үлкен елдік мәні бар ірі саяси мәселер төңірегіндегі айтылған келелі кеңес, толғамды ақылға көнбеген кезде, ол Абылайдың бүгінгі өмірі мен кешегі қиыншылықты бастын кешкен азапты күндерін әдейі шендестіре, қарама қарсы қойып толғайды. Мұндай сәттерде жырау оған ешкім батып айта алмайтын ащыда ауыр шындықты бүкпесіз бетке айтып, тартынбай сөйлейді."Атаң тексіз құл, анаң түркменнің төріндегі күң, өзің жалаң аяқ жар кешкен арқар ұранды жат едің, момын елге келіп бек болдың"дейтін батыл айыптауға дейін барады.Бұқар Абылай бейнесіне әр қырынан келіп, оның шындыққа сай тұлғасын өрнектемек болады. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әр алуан саяси қызметі мен саналы өмірін оның жас мерзіміне орай кезең кезең бөліп ой таразысымен екшеп саралау, жинақтап қорыту үлгісінде келеді.
№41. Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты.
Жиембет – XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардары. Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын «Алдаспан» жинағында жан-жақты талдай келіп: «Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердіңайтуынша, Жиембеттің арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам.
Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректержоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден,халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жыраужайында біраз мәлімет ала аламыз.
Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы», – десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған.
Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды:
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім!
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін –дейді.
Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде
де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы-жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын.
Жиембеттің Есім ханға шалыс келуі бір себептен Асан қайғыдан тамыр тартқан дәстүр жалғастығы сияқты. Ол – Асанның Әз-Жәнібекке айтты дейтін кең толғамы, терең пәлсапалық дүниесі. Жиембет Асан қайғының сол толғауларының түрі мен мән-мазмұнын дамыта түскен. Жиембеттің жоғарыда сөз еткен «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты. Өйткені, жырау:
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға,
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не дейсің, –
деп, ханға ауыр салмақ сала отырып, сол салмақты көтеретін жөні бар екенін детереңнен қозғап айтады.
Алайда, азуы алты қарыс ақын ары қарай тарата, тармақтата толғайды. Ол:
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?! –
деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір- қасиетінің қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, «көп қорқытады, терең батырады» деген, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға дөң айбат та көрсетіп қояды.
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай,
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды – күнім, сізді – айымдай, –
деп толғаған Жиембет жырау өрлігіне сүйсіне түсесің. Жыраудың осы өлеңде қолданған теңеу-эпитеттері жарасымды, қазақы пиғыл, қазақы психология. Ол өзінің ішкі-сыртқы портретін айнытпай салып тұр... Бір жағынан Есім ханға жырау ешкімнен сескенбейтін жаужүрек екенін, тіпті тұрысатын жерінде «жолбарыс пенен аюдай» ерлігі бар екенін де ескерте кетеді. Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім – ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен, енді Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Бұл туралы «Жақсы үгітте» былай делінген:
«Бұрынғы достық дұшпандыққа душар болды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауыз-ауызбенен айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын». Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз. Көк аспан қақырап, қара жер қақ айрылып кетсе де, көкірегіндегісін жасырмай бетке айту – шынайы ерліктің нағыз кісіліктің ісі екені түсінікті. Тымырайып кек сақтау, үндемей аңысын аңду, ішінде иті өліп жатудан оңбаған тірлік бар ма, одан асқан зұлымдық бар ма?! Жырау бұл жолды қаламай, ақиқатын сардита айтқан.
Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын- туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі-жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауынан білеміз, ол:
Мені өлсе құнсыз кетер деймісің,
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай.
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес,
Менің ер екенімді көргенсің,
Әзілдеп бірге жүргенсің.
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің,
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ, –
деп, ақын тіпті Есім ханмен сырлас-мұңдас болып бірге жүріп, біргетұрғанында жан-жақты сөз етеді.
Жырау өзінің талай-талай қанды шайқаста көзсіз ерлік көрсеткенін, жайшылықта жанына жалау, қолтығына демеу болып, бір туып, біте қайнасқанын да тереңнен толғайды. Ол «мен кісіден көрген ізгілігімді жақсылықпен қайтаратын адаммын, сен де бір кездері менен мол сыбаға алып едің, соны ұмыта көрме» дей келіп, ары қарай сонау бір алыстағы, ұмыт болып кеткен ескі «жараның» аузын ашып, ханның сасып, қарашаның қашқан, жаудың мысының басқан кезін нақты, шебер суреттейді:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің,
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханыша,
Қалада тұрып жылаған...
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Тіпті хан басымен «соқыр бурыл байталға» ер-тоқым, айыл-тұрмансыз мінгеніне дейін тәптіштеп, қорықпай-үрікпей салмақты сөз саптайды. Бұл – бұл ма, одан әрі Жиембет іс-әрекетін тереңдете, әріден қозғап, ханға зіл тастай отырып, оны екіншілей көрмеске, онымен мәжілістес, сұхбаттас болмасқа серт бергендей шымырлата, буырқана, ашына жырлайды:
Қайрылып қайыр қылуға,
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман.
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырсын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнім көрермін.
Жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, құдай тәубасын аузына келтіргендей.
№42. Бұқар жырау шығармашылығының зерттелуі.
Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20-30-жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Алғашқы жариялануы дегенде, біз, ең алдымен, «Таң» журналында басылған жырларды айта аламыз. Мұнда жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер тұтқан», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ей, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», «Ханға жауап айтпасам» атты бір топ өлеңдері жарык көрді.
Бұқар шығармаларын жариялауда С. Сейфуллин үлкен еңбек етіп, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинағына жыраудың «Ай не болар күннен соң», «Керей, қайда барасың?», «Жал, құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Қалданменен ұрысып », «Атам болған жиырма бес», «Құбылып шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» атты толғауларын бастырғаны мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әр түрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келді.
Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде «Алдаспан» жинағында басылды. Бұған оның үлкенді-кішілі 49 толғауы енді. Алайда, Бұқар шығармаларының бізге жеткен асыл үлгілерін айтқанда, ең алдымен, белгілі фольклорист Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімін атауға тиіспіз. М. Көпеев жырау туындыларын ертеректе көне көз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатынды. Сол себепті Бұқар шығармаларын сөз еткенде, біз сол М.Көпеев жазбаларын түпнұсқа ретінде негізге алуға тиіспіз.
Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану мәселесіне келсек, оның Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин қорында сақталып, кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай-ақ, бір-екі толғауының Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында жарық көргенін айта аламыз («Ханға жауап айтпасам», «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай»). Бұқар творчествосын танып-білуде, әдебиеттегі орнын белгілеп, бағалауда әр тұста әр алуан пікір таластары болып келді. Кейбір зерттеушілер оған «Сарай ақыны», «Орда ақыны» деген ат қойып, феодалдық салт-сана мен Абылай ханның жыршысы деп теріс бағаласа, енді бір топ әдебиетшілер жыраудың үстем тап жыршысы бола тұрса да, өз туындыларымен сол тұстағы ірі саяси- әлеуметтік мәселелерге үн қосып, дұрыс бағыт ұстағанын айтты, мұнымен бірге XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінде жырлары бірден-бір өз атымен сақталып қалған жырау екенін баса көрсетіп, оны сол дәуірдегі әдебиеттің басы деген тұжырым жасады. Бұған белгілі жазушы-ғалым М. Әуезов басқарып өткізген 1959 жылғы әдеби-теориялық конференция көп әсер етті. Соның нәтижесінде Бұқар жырау да біршама дұрыс бағаланып, әдебиеттегі өз орнын алды.
Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады. Ол өзінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оқу кітабында Бұқар туралы «Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройды ханмен қатар үлеседі. Өзі хан қасына жуан рудың – Арғынның қосқан «табан шөңгел биі» болуға лайық... Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, соның орталық елі, жуан бел руы – Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады... Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», – дейді. Бұны бір ғана Бұқар емес, жалпы жыраулық поэзияның табиғатын ашуға жол салатын ғылыми ұстамды пікір деп айта аламыз. Тек зерттеуші заман ағымына сай мәселеге таптық тұрғыдан келуге мәжбүр болған.
С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол:
«Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.
Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалай келіп, ол өзінің дидактикалық толғаулары арқылы өмірге ескілік мұнарасынан қараса да, сол кезеңдегі әлеуметтік шындықты тап басып сипаттай алады деп жазады. Ал, Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден- бір көшбасшы ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б.Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз.
Белгілі фольклорист Н. С. Смирнова Бұқар творчествосына арналған көлемді зерттеулерінде оның импровизаторлық өнерінің ерен қуаты мен демократиялық тенденциясының нығая түсу ерекшеліктеріне, сондай-ақ, соңғы шығармаларында халықтық ұғымның әлеуметтік терең сипатқа ие болып отыру жәйтіне айрықша мән береді.
№43. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктері.
Жыраулар қаруланған көркемдік әдістердің дені – көне, ескі түркілік.
Жыраулар троптардың сан түрін қолданады, алайда, бұлардың ішінен ең көп пайдаланатыны – параллелизмдер. Әдебиет теориясы мамандарының айтуынша, параллелизмдер – қай халықтың поэзиясында болмасын ұшырасатын көркемдік әдістердің ең көнесі.
Жыраулар психологиялық параллелизмдерді өздерінің көңіл-күйлерін білдіру үшін, немесе өмірде кездесетін белгілі бір құбылыстың мәнін түсіндіру үшін пайдалады.
Мәселен, Шалкиіздің:
«Жауынды күні көп жүрме –
Жар жағасы тайғақ-ты!
Жаманға жақыным деп сыр айтпа –
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! –
Деген жолдарында жетесіз жанға сыр айтудың қажетсіз, тіпті зиян екенін ұғындыру үшін оған табиғатта кездесетін жай – жауынды күні жардың жиегімен жүрген адамның тайғанап құзға құлайтынын параллель етіп алады.
Жыраулар туындыларында ассонанс әдетте а әрпінің қайталануы арқылы жасалады. Бұл заңды да. Жырау поэзиясы көп реттерде жаугершілік поэзиясы, жырау өлеңдерінің рухы – ерлік, өр ұран. Мұндай өршіл рухты басқа дауысты дауыстылардан гөрі а дыбысы әсерлірек береді.
«Арқаның құба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып» (Шалкиіз)
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Алыста дәурен сүрермін!» (Жиембет)
Ал аллитерация негізінен қатаң дауыссыздар арқылы жасалады:
«Соқса бір жілік сындырған,
Көк қоянның қос құлағын тұндырған,
Көгілдірдің жез қанатын сындырған
Тегеурінді болат темірдің
Тегеуріні өзіңсің.
Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі – өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашқы сөздердің басқы буындарының қайталануы. Бұл қайталаулар – толғаудың құлақ күйі іспеттес.
«Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт...»
«Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер.» (Қазтуған)
«Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен...»
«Сере, сере, сере қар...» (Доспамбет)
№44. Жыраулар поэзиясының даму кезеңдері.
Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды.
Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды.
Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердіңерекшеліктерінашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі –толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет.
«Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен өзара астасып жатыр. Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш.Уәлиханов және В.В.Радлов, Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар.
Сөз болып отырған біз білетін екінші кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық, сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, кешегі мен бүгінгі өмірді, өз басынан кешкен әр алуан ерлік пен қиыншылық сәттерді өзара салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген әлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық мәнге ие болып отырады. Айталық, Қазтуған өзінің «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты белгілі толғауында атасы Сүйініш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін болып түскен құтты қонысы – айдынды Еділін еске алып тебірене толғайды. Бұл – өз елін, өз жерін беріле сүюдің әдемі үлгісі деуге тұрарлықтай асқақ жыр.
Ал, Доспамбет толғауларында осы сүйіспендік сарын бастан кешкен өз өмірін еске түсіру түрінде келіп, өскен ел, туған жерге деген ыстық махаббатпен өріледі. Жырау өзі есейіп, ер жеткен оттай ыстық ата-мекенін сыртқы жаудан қорғаудан артық мақсат жоқ деп санап, бүкіл күреске толы өмір жолын еске ала жырлайды.
Доспамбет толғауларындағы секілді асқақ әуен, айқын мұратты сипаттау кейде жыраудың өз бейнесін өзі жасау талабымен ұштасып отырады. Мұндай құбылыс біздің әдебиетімізде бұрын-соңды ұшыраса қоймаған жәйт. Айталық, Қазтуған жырау «мұздай үлкен көбелі екі шекесін» айтумен шектеліп қалмай, өзінің «сұлтандайын жүрісті», «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы», «буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» екеніне дейін қалдырмай тәптіштеп суреттейді. Мұндай өзінің елден ерек қасиеттерін кейде көтеріп, кейде бәсендете айту ара-тұра Шәлгез (Шалкиіз) жырларынан да ұшырасады. Ол – әдебиетімізде енді ғана туып, орныға бастаған толғау жанрының өркендеп дамуына ерекше үлес қосқан жырау.
№45. Жыраулар поэзиясындағы Есім хан бейнесі.
Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы», – десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған.
Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды:
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім!
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін –дейді.
Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде
де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы-жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын.
Марғасқа ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүріпті. Ал, осы атақты Ер Есім жайлы Қазанғап Байболов үлкен дастан жазған. Ол жыр Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында (№513) сақтаулы. Осы аталған еңбекте Ер Есімнің қазақ халқын қырық жыл бойы басқарып, белдеуінен тұлпары кетпегені, білегінен қылышы түспегені, өмірінде бел шешіп тыныш ұйықтамағаны жан-жақты айтылыпты.
Есім ханның үлгілі істерін талай тарихшылар жазған да, айтқан да шығар,
бірақ ол туралы XVII ғасырдағы Марғасқа толғауы ерекше бағалы екені даусыз. Өйткені, ол айбынды ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғанға ұқсайды.
Ғалым-жазушы М. Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті: «XVII
ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған хан «Еңсегей бойлы Ер Есіммен» байланыстырылады.
Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімнің жолына кесе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Тәшкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім жорықтан орала салысымен Тәшкентті шауып алып, Қатағандарды қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның өзін өлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша 1627 жылы болған. Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған».
Мінгені Есім ханның ала белді,
Бойында Шідертінің қара көрді.
Көрінген сол қараны кертағы деп,
Аттарын шідер салып қоя берді.
Есім ханның тобы алыстан көрінген жау жасағын аңдармен шатастырыптағы да алдауға түседі, әрі баспанасыз, әрі азық-түліксіз он күн бой құланжортпас қу медиенде ауыр қиыншылықтарды бастарынан өткереді. Есім ханжасақтарына: «Азаматтар, шоралар, біз бүйтіп жатпайық. Мен жортар аттыңонкүнге баратын жеріне бір күнде барамын. Маған еругіе жарайтының бар ма?» –дейді. Хан он күндік жолды бір күнде жүре алмаса да, оның бұл сөзі еңсесітүскен сарбаздардың рухын көтереді.
Есім хан айтқанындай Ташкентті бір-ақ түнде қолына қаратады. У-шусыз Тұрсын ханның ордасын басып алады. Міне, осы кезде Есім хан жасағының ішіндегі өткір, бір бет ақын Марғасқа:
Ей, Қатағанның ханы Тұрсын
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың!
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңде келіп тұр,
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды[118,103б], –дейді. Осы бір түйіп айтылған өлең жолдарынан ақынның өжеттігі, халқына деген қамқорлығы айқын көрінеді.
Марғасқаның бізге жеткен қысқа өлеңінде батырлық сарын басым. Жалғыз
Марғасқа емес, Марғасқаға дейінгі және одан кейінгі біраз жыраулар жайында осыны айтуға болады. Бүкіл бір шаһардың ханы Тұрсын ханның алдында Марғасқаның қынаптан суырған қылыштай өткірлікпен:
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың!
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың! –
деуі кездейсоқ емес еді. Мұндай сөзді айту тек Марғасқа сияқты жүрек
жұтқан жыраудың ғана қолынан келген.
№46. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігі.
Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады.
В.В.Радлов жырды шумақа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды – жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай-ақ, ол қазақ жырының көнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе, сондағы аллитерация, акростих және ішкі ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», – дейді. Сөйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов пен В.В. Радловтан бастап В.Жирмунский, X.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.С.Смирнова, З.Ахметов, X.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Е. Тұрсынов, Қ.Айымбетов зерттеулерінде де түгелдей мақұлданған. Бұлардан Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, З.Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір, көрегендік қасиеттерін де баса көрсетеді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», – деп ой түйсе, Ә.Марғүлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған», – деп жазады.
Ал, З.Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар творчествосының жанрлық ерекшеліктері өзгеше. Олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі – толғау арқылы айтып таратқан. «Жырау» сөзінің көне мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым өзгерген, жаңа мағынасында қолданыла бастады», – дейді. Бұл айтылған пікірлердің жыраулық поэзияның табиғатын ашып танудағы мәні айрықша. Дегенмен, жыраулар творчествосының өзіндік белгілері қандай, бұлар табиғаты жағынан әдеби түрдің қайсысына жатады, мұның жанрлық белгілері қандай деген тәрізді аса күрделі мәселелер әлі күнге дейін арнайы қарастырылып, өз шешімін әлі де толық таба қойған жоқ. Біз осыған орай жыраулық поэзияның Абай іргесін қалаған жазба әдебиетке келіп жалғасудағы тарихи үлесін елеулі деп айта аламыз. Жыраулар импровизация дәстүрінің бірден-бір негізін қалаушылары ғана емес, сол жанрдың ғасырлар бойы жалғаса дамып, тұрақтап ірге тебуіне де айтарлықтай еңбек сіңіріп келді. Осы тұста Ә.Тәжібаевтың: «Жырау – сөз жоқ ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады.
Ал, жыраулық – ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы», – деп, жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде алып қарастырады. Ал, Ә.Марғұланның көрсетуінше, жыраулар эпикалық жырды бірден-бір жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі өкілдері. Бұл пікірді Ә.Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып: «Ертегі, ұсақ салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың үлесінде болған», – дейді.
