- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
Ә.Дербісәлин"Әдебиет туралы толғаныстар"
Мәшһүр бабамыздың ұлт алдындағы сіңірген үлкен еңбектерінің бірі-оның ХҮІІІ ғасырдағы ұлы перзенттеріміздің бірегейі-Бұхар Жырау мұраларын ұрпаққа жеткізуі еді. М.Көпеев Бұқар өлеңдерін 120-150жылдан кейін жазып алды.Бұхар жыраудың ел ауызында сақталған ,бағзы замандарда қағаз бетіне түскен асыл жәдігерлерін алтынның ұнтағындай шашпай-төкпей,ерекше ықтиятпен жинап,керек жерлерінде ғұламалық зердемен түсініктемелер беріп отырды.
Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Найман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, ақындар туындыларын қағазға түсірген.
Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б..
Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі;Осылардың ішінде ерекше орын алған 40-қа жуығы ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары. Мәшһүр Жүсіптің жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады.
Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп толғаудың,ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге болады.
Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.
Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы;
Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;
Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
22-сұрақ.Бұқар мен Үмбетей жыраулардың достық қарым-қатынасын білдіретін жыр.
Ө.Күмісбаев."Терең тамырлар"
Үмбетей мен Бұқар дос болыпты деген сөз бар.Бірде Бұқардың үйіне барғанда әйелі оң шырай танытпаған.Сонда Үмбетей өкпелеп өлең шығарып кетіпті."Бұқарға"деген өлеңін со жолы айтыпты деседі.Бірақ бұл әңгіменің шындыққа қанша жанасатынын әлі де дәлелдеуге тиіспіз.
"Бұқарға " өлеңінде Үмбетей фәлсафа айтып келіп, мәселені әйел жайындағы түйінмен тәмәмдайды.Өзіне сауал қояды да, жауабын өзі береді.Түйенің, биенің, адамның, жаманның қандай болатынын нақты сөздермен келтіреді.Тұрмыс фәлсафасын тартымды береді.
Үйіңдегі ұлың жаман болса
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатының жаман болса
Қаңтардағы мұзбен тең,-
дейді жырау арнауында.Мұнда ұлдың жақсы, жаманы сын таразысына түседі.Әйелдің нашарын "Арқаңа артқан тұзбен тең"дейді.Жалаң өкпе ғана емес, өрелі ой тастай келеді.Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін тілеген кісінің келбетін елестетеді жырау, қонақ-ырыс, күндіз-түні есігің ашық болсын дейді.Үйіне барғанда оң шырай бермеген Бұқардың әйеліне мін тастайды.
...Бәйбішең аю болса аса алмассың
Қарау болса әй деуге бата алмассың
Мейманға отың басы болса суық,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың,-
деп, есіктен шығып жүре беріпті деседі жырау.Бұған Бұқар сынды ақын жауапсыз қала ма.Әлде сол мезетте, әлде сәл кейінірек жауабын айтыпты.Ақындардың әйел заты хақындағы пікірлері бір жерден тоғысады. "Жаман қатын" тіркесі Бұқарда үш мәртебе қайталанады, бірақ одан ойдың көркемдігі өсе түспесе кемімейді.
Жабыдан айғыр салсаңыз
Жауға мінер ат тумас
Жаман қатын алсаңыз
Топқа кірер ұл тумас
деген Бұқар жауабы мақал-мәтелге айналып, ажарлы айдынды сөз жасады.Үмбетей Бұқардың жеке басын жоғары сыйлай тұрып, жанына лайықты жары болмағанына қынжылады."Тоты құс жарқанатқа пенде бопты.Бұқарым, айтар мінім осы-ақ"-деп үйінен күйзеліп шығады.
23-сұрақ.Тәтіқара ақынның "Қамыстың басы майда, түбі сайда"өлеңінің шығу тарихы
М.Мағауин "Ғасырлар бедері"
Жұртшылық санасындағы Тәтіқара-қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы,өз отандастарын басқыншылармен қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын,жортуыл кернейшісі.Ақынның туып өскен жері-қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданының территориясы.Алайда ақынның саналы өмірі түгелдей дерлік Абылай ханның төңірегінде өткен сияқты.
Бірде Абылай ханның жортуылда жолы болмапты.Өкшелеген жаудан құтылуға айналғанда алдыдан өткел бермес тасыған өзен кездеседі.Жұрт ұйлығып қалыпты.Бәріне де харап болу қаупі төнеді.Сонда Тәтіқара суырылып шығып:
"Қамыстың басы майда,түбі сайда
Жәнібек Шақшақұлы болат найза
Алдыңнан су,артыңнан жау қысқанда ,
Ер жігіттің ерлігі осындайда .
Бөкейді айт Сағыр менен дулаттағы
Дәріпсәлі,Маңдайды айт қыпшақтағы
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменалы керейде ер Жабайды айт",-
дегенде, аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастапты.Бұлардың артынан қалың қол да еріп, судан аман өтіпті.
24-сұрақ.Үмбетей жыраудың Бөгенбай батырға арналған толғаулары.
С.Қасқабасов "XV-XVIIIғасырлардағы қазақ әдебиеті"
XVIIIғасырдағы қазақ әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосқанжырау-ҮмбетейТілеуұлы.Даңқы шартарапқа жайылып абыз жырау атанған шағында Үмбетей әйгілі "Бөгембай өліміне"деген реквием іспетті жоқтауын және "Бөгембай өлімін Абылай ханға естіртуін" шығарады.Үмбетей мұрасының ішінде шоқтығы биік, ерекше көзге түсетін шығармасы да осы -Бөгембай батырдың өліміне байланысты екі шығармасы.Ежелгі дәстүр бойынша даңқты қолбасы немесе ардақты адамның қаза болғанын халыққа, әсіресе ханға естіртудің өз рәсімі болған.Мұндай суық хабарды әміршіге тек аса көрнекті әрі беделді , елдің құрметіне бөленген абыз жырау немесе шешен би, яки ауызы дуалы ақын естірткен.Еліне еңбегі сіңген батырлар мен хандардың, ұлы қайраткерлердің жоқтауын ең алдымен ресми түрде атақты ақын-жырау шығарған.Міне осы екі бірдей функцияны яғни Қанжығалы қарт Бөгембайдың қазасын естіртуді, әрі оны жоқтауды Үмбетей атқарған, ал бұл- жыраудың асқардай таланты мен күллі қоғам алдындағы ерен еңбегін, таудай биік беделін құрмет тұту еді.
"Бөгембайдың өліміне"-сыртқы формасы жағынан жоқтау, тіпті реквием десе де болады.Ал мазмұны жағынан бұл шығарма-Бөгембай батырға арналған гимн.Мұнде Бөгембай-шынайы батыр,күллі халықтың сүйікті қаһарманы ретінде бейнеленеді.
"Бөгембай өлімін Абылай ханға естіртуі"-дәстүрлі осы жанрдың арнасынан бөлек.Түпкі мағынасына үңілсек, бұл-батыр мен ханның ел тағдырындағы ролі мен маңызы, әміршінің мемлекет өмірінде алатын орны туралы, дәлірек айтқанда, Абылай ханның заманы жайындағы кең диапазонды толғау.
