Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері

Жырау шығармашылығының тақырыптық ерекшеліктерін 4 жіктейміз:

1Адамгершілік-имандылық тәрбисіне жырланаған толағаулар-Бұқар толғауларында адамзат тәрбиесіне қатысты адамшылдық және эстетикалық -этикалық мәселелерін қамтыған.Жараудың дидактикалық мазмұнындағы толғаулары өмірді тану және оны адамзатқа таныту мақсатында құрылған.Бұл толғаулары бауырлық, ізгілік, имандылық мәселелеріне тоқталған.Бұл тақырыптағы толғауларға: «Айтар болсаң Алланы айт», «Жалқұйрығы қаба деп»

2Ел бірлігі-Үнемі мемлекеттік істеріне араласып отырған Бұқар жырау елдің бірлігін, ынтымағын ерекше жырлаған жырау толғауларында қазақ еліндегі ішкі қайшылықтар, өзара руаралық қырқыстар басты мәселе ретінде көтеріледі.«Керей қайда барасың?», «Бірінші тілек тілеңіз»

3Абылай бейнесі-Қазақ тарихында ел билеген хандар мен сұлтандар елге сіңген еңбегі үшінерекше құрметпен аталады. Әдебиет тарихында тарихи тұлғасы көркем бейнеге айналып кеткен Абылай хан. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың аранау толғау ерекше. Ғалым Ы.Дүйсебаевтың мәлімдеуінше «Бұқар толғауларының жартысынан жуығын Абылайға тікелей және жанама арналған толғаулар құрайды «Ал,тілімді алмасаң», «Әй,Абылай сен 11 жасыңда», «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай» толғаулары Абылайдың ел билеу істерін жырлауға арналған».

4Отаршылдыққа байланысыты туған болжау толғаулары.- «Қилы заман», «Шүршіт келем деген сөз бар-ды», «Ханға жауап айтпасам», «он екі айда жаз келер»

54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі

Үмбетей шығармасы жырау кеңінен толғаған себепті әдепкі салт өлеңінің көлемінен шығып кеткен.Жырдан сол кезде болған тарихи оқиғалардың біразының елесін көреміз. Жырдың бас жағында Абылайдың жайы, оның «Сарыарқаны жерім деп, қалың қазақ елім деп» Үргеніштен келгендігі, алғашында Төле бидің түйесін бағып жүргендігі, ер жетіп бұғанасы қатқан соң, ойраттармен күрес дәуірінде көзге түскендігі айтылады. «Жиырма жасың толғанда,

Қалмақпенен соғыс болғанда,

Алғашқы бақыт тапқанда

Шарыштың басын қаққанда,

Қанжығаңа бас байлап,

«Жау қашты» деп айғайлап,

Абылайлап шапқанда...»

Сол сияқты Абылайдың Ташкентте қалмақ тұтқынында болуының жайы сөз етіледі. Қазақтардың сырт жауларға қарсы жасалған сәтті жорықтарының кейбірі еске алынады. Сол замандағы дұшпанды мұқатқан Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Сары Баян, Сағымбай сияқты батырлардың ерлігі мадақталады. Мұның бәрі бізге ел жадында сақталған тарихи әңгімелер мен поэмалардан да белгілі. Осыларға қарағанда Үмбетейдің Абылай және XVIII ғасыр батырлары жайындағы жырлары туғызушылардың бірі болғандығы көрінеді. «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» жырында Бөгембай атынан гөрі Абылай аты көп аталады. Жырау Абылайды идеалдық герой деп есептейді, оны мадақтайды, ал Абылай заманы ғасырдың алғашқы жартысындағы қалмақ шапқыншылықтары, үздіксіз соғыстардан соң туған тыныш заман қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған кез ретінде бейнеленеді.

«Батыры ханға сай болды,

Елің жайпақ бай болды,

Қыс қыстауы тау болды,

Жаз жайлауы көл болды

Салқын сары бел болды

Елге лайық ер болды,

Сарыарқа деп таңданып

Өзге жұрт аңсар жай болды

55-сұрақ.Шал импровизатор,төкпе ақын «Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том»

Шал ақын-ХV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі. Филология ғылымның кандидаты Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып,талдау жасайды. Бас жағында Шалдың туған жылын 12 жылға кері шегеріп,яғни 1748-1819 жылдар аралығында өмір сүрген деп есептейді.Ғалым Малдыбаевтың айтуынша «Шал 1760 жылдың төлі сияқты».М.Мағауин Шоқанның пікіріне сүйенеді. Шоқан Шалдың эпикалық дүниелер құрастырғанын ескертеді.Сонымен. Шал эпикалық генеология жасаған екен,әлі қолға ешнәрсе түскен жоқ деген сөзді Мағауинмен қоса Ғ.Әбетов қоштайды да, зерттеуші Қ.Өмірәлиев мүлдем кереғар ой білдіреді. Ал келесі дерек: «шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан айтқан XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның өлеңдері емес, XIX ғасырдың орта тұсы мен XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған өзге бір Шал аттас ақынның өлеңі » дейді. Сонда тарихта екі Шал болғандай көрінеді.Шоқан пікірін таратып айтпайды.Бірақ біздің білеріміз әдебиет тарихында бір-ақ Шал бар. Ол – Шал ақын Құлекеұлы.

Шал ақынның бізге қалған мұрасы-1000 жолға жуық. Дені баспа бетінде жарияланды, ең көбі «Алдаспанда» (Ғ.Әбетовтың есептеуінше 1348 тармақ). Ғ.Малдыбаев : «Шал оқымаған адам» десе, Ғ.Әбетов: «Шал суырып салма тәсілін ұстаған импровизатор ақын болғанымен,оның өз өлеңдерін хатқа түсірерлік сауаты да болған» деген сөз қосады. Шалдың ептеген мұсылмандық сауаты болуы мүмкін, дегенмен өлеңдерінің импровизаторлықтан туғандығы аңғарылады. Төкпе, шешен тілді, орақ ауызды кісі болғанға ұқсайды. Бізге Шал қазынасы хат арқылы емес, халық көкірегінде жатталып қалуының арқасында жетіп отыр. Себебі, Шалдың қаза болғаннан кейін 1 ғасырдан аса уақыт болғанда ғана «Он бес деген жасым-ай» өлеңі тұңғыш баспа бетін көреді.

(М.Мағауин «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет»)

Шал ақын 1748 жылы туып, 1819 жылы өлген. Ақынның туған жері – Көкшетау облысындағы Азат теміржол станциясының төңірегі.Ес білгеннен соңғы өмірі өткен жер – қазіргі Солтүстік қазақстан облысының Сергеев ауданының территориясы. Шалдың алғаш ақындық даңқы шығуы – 15 жасы еді. Шалдың бізге жеткен шығармаларының біразы-импровизациямен, экспромтпен айтылған өлеңдер.Бұл тұрғыдан алғанда Шал – ақын, ақын болғанда қазақ ұғымындағы ақын. Қазақтың бұрынғы өткен барлық импровизаторлары сияқты Шалға да өлеңмен, я қарасөзбен сөйлеу бір қисап болғанға ұқсайды. Мәселен, Шал бір үйге келсе, үй иесі әйел сабын қайнатып жатыр екен, кәрі ақынды елей қоймайды. Сонда сақалын сыйламағанға кейінген Шал табан астында:

«Сабының сақар болсын дені,келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін,

Жұрт сыйлаған басымды күлге теңеп,

Жаярмын талай жерге сені, келін», - депті.

56-сұрақ Шал ақын шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері

«Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том»

Шал өлеңдердерінің қоғамдағы теңсіздік, заман, адам жайы анық көрініп тұрады. Оның толғауларына әлі текстологиялық талдау жасалған жоқ. Бұқарды хан сарайына жақын болған жырауға баласақ, Шал халықтың кәдуілгі қарабайыр тұрмысымен етене қайнасқан, ортақол тіршіліктің мұң-зары батқан, Сұлтанмахмұтша айтқанда, «шындықтың ауылын іздеп» шыққан шыншыл да сыршыл ақын. Бұқар – қазақтың іргесі бүтін болуын көкседі. Шал – қазақтың қарны тоқ болса, бйі қайырымды, баласы тындырымды, кәрісі мейірімді болса екен деді. Бұқар – елді елдікке, ынтымаққа үндесе, Шал – шаңырақтың шырқын сақтауға, перзент сүюге, «жақсы болсаң нашардың хақын жемеуге», өзін-өзі зорға санамауға, кәріні ниетпен сыйлауға шақырады.Шалдың кедейлік туралы өлеңдері: «Кедейлік ер жігітке намыс емес», «Кедейдің үш түрі бар ойлағанға» т.б,

Х.Сүйіншәлиев: «VIII – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті»

Шал үстемтап өкілдерін ғана сынап қойған ақын емес, соған қоса, кәрі-жас, жарлы, бай демей, олардан жамандық көрсе түгел сынаған. Көптеген өлеңдерінде ел өмірін, халқының тұрмысын, шаруасын, кәсібін түгел қамтуға тырысқан. Дәулетіне сеніп,көкірексіген кердең байларды, парақор билерді, тынымсыз хансымақтарды өле жек көреді.

Шал өзінің енді бір топ өлеңдерінде жастарды ибалы, әдепті, қайырымды, білімді болуға үндеп отырған.Білім алғандар парызы-еліне,халқына пайдалы қызмет ету деп ашық айтады:

Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей,

Жарамайды қатты болу тікенектей.

Білімің болса-дағы ұшан теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

Адамның жақсылығы, сайып кегенде,оның ақылына, алған тәлім-тәрбиесіне байланысты болатынын айтады. Үй ішінің ажарлы, от басының қазығы – жақсы әйел дейді, соған орай жар таңдауға көп нәрсе байланысты болатынын ескертеді:

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқалардан жақын кісің.

Ағайынға,туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Ерге аю, балаға қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ақынның – бала тәрбиесі тақырыбына жазған өлеңдері де маңызды. «Баланы жастан» деген халық мәтелін қуаттай отырып, ақын баланы жақсылық жолында тәрбиелеуді, олардың жас шағындағы тілек-талаптарын ескеруді керек қылады. Қыз бала мен ұл балалар арасындағы өзгешеліктерді де ескеріп, оларға жас ерекшеліктеріне сай тәрбие беруді ұсынады. 15-20 жастың арасындағы қыз баланың мінез-құлқын,талап-тілегін тізбектейді:

Қыз он беске жеткенде мең тартады,

Ата менен енеге жүк артады.

Екі көзі ел көшсе төңіректе,

Шарасыздың күйінен жең артады.

Ақын бір топ өлеңдерінде – адамның қартайған шағын кәрілікті бейнелейді. Кәрілік шақты өзінше сипаттап, адамды құтқармайтын ешкімнің бет-жүзіне, дәулет-дәрежесіне қарамайтын ортақ құбылыс ретінде суреттейді. Кәрілікті ол байға да, ханға да, жаманға да жақсыға да бірдей мейірімсіз, даусыз дерт болып келетінін айтады:

Белгісі кәріліктің – кетер күшің,

Болмайды жастағыдай ешбір ісің.

Кәрілік даусыз дерт ем қонбайтын,,,

Бұған қоса ақын өлім туралы да жырлап кетеді, оның барлық тірі жанға һақ екенін айтып кетеді.Бүгін бар адам ертең жоқ екенін ескертеді.

57-сурак Бұқар жыраудың дидактикалық мазмұндағы толғаулары

«Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том»

Бұқар жырларының дидактикалық мазмұнының сипатына келсек, бұлар да өзіне дейінгі нұсқалар секілді өмірді пәлсапалық тұрғы да тану, бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп, тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соңын сөз орамы мен ұйқас үшін аз-кем түрлентіп қолдануға да, тіпті тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім. Айталық,өзіне дейінгі жыраулық толғауларда қалыпты мақал-мәтел орнына жүретін жолдар. Бұқар жырауда кейде бір-бірімен іштей жалғасып дамытыла жырланса, енді бірде толыса жаңғырып, сапалық, көркемдік мазмұнмен түрленіп те отырады. Тағы бір нұсқаларда кейінгі жол алғашқы тармақтардың анықтамасы түрінде де келеді:

Ежелгі дос жау болмас,

Шірнеуіште хаты бар.

Ежелгі дұшпан ел болмас.

Көңілінде кір-даты бар.

Ежелгі дос жау болмас,

Айтысқан оның серті бар.

Бұқар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында ашып бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың «құрсағы құшақ байлар» мен «қу таяқты кедейдің» тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Жыраудың толғауларындағы мысал ретінде айта кетсек, «Жал құйрығы қаба деп» деген толғауының өзі үлгі аларлық дидактикалық сарынға құралған деп айтсақ қателеспейміз.

« Жал құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз.

Қалың малы арзан деп,

Жаманнан қатын алмаңыз.», деп басталатын осы жолының өзі келер ұрпақты әр түрлі өмірдің қиын белестерінен қиындықсыз өтуіне үндейді.

58-сұрақ Жыраулар поэзиясындағы арнау толғаулардың ерекшеліктері

«Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том»

Толғау – әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктермен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаудың қалыптасу кезеңінің ірі өкілдері болып саналатын Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет,Ер-Шобандар сол өздерінен бұрыңғы қалыпты дәстүрлі жалғастырып дамытуға үлкен үлес қосты. Толғау жанрының ерекшелігі:

Толғау – импровизациялық дәстүрдегі дара шығармалардың үлгісі. Оның жанр ретінде қалыптасуы-15-18 ғасырларға сай келеді. Толғау әуел баста магиялық тотемдик,сипатта,табиғат құбылыстарын түсіндіру кажет.

«Толғау» сөзі «тоғаныс,толғану» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.

Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау өзі осы сөдердң толғану толғаныс деген ұғым білдіреді.

М.Мағауин «қобыз сарыны» дейтін еңбегінде толғауды екіге бөліп жіктеді.1). ойға құрылған толғау: жырау ең алдымен философ тақпақ,афоризм түріндегі келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Мысалы: Шалкиіздің «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар,асқар асқар тау», «Ор ор ор қоян», Бұқардың «Айналайын жер тұтқан», «Ай заман-ай», т.б

2). Сырға құрылған лирикалық толғау: бұл жерде негізгі жүкті көтеретін – сезім,эмоция. Бұл топтағы шығармаларда жалпы жырау поэзияна тән үгіт, насихат дидактика мүлде жоқ. Ел басындағы ауыртпалықты көрсетеді. Мысалы: Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын Шалкиіздің «Балпаң,балпаң, басқан күн», Бұқардың «Кіш қара қалмақ бүлердеі» сияқты жарларын атауға болады. Толғаудың бұл түрі эпосқа кеңінен қолданылады.

59-сұрақ Толғаудың тақырыптық ерекшеліктері (1-лекция)

Ерекешелігі – жыраудың өздері өмір сүрген кезеңдегі басты мәселелерді қозғайды:

а). Жер-су, қоныс жайында

ә). Жерді қорғау: батырлық, ерлік қаһармандық,

б). XVIII ғ тақырыптар молая түсті, яғни халықтың кім екендігі айтылды: бай,кедей, әлеуметтіктеңсіздік

в). XVIII ғ отбасы, әйел мәселесі жайында.

Тақырыптық ерекшелігі жағынан: Исмайлов та жіктеген, арнайы қарастырған: Әбілқасымов. Ол екіге бөлген:

  1. Өсиет – дидактикалық

  2. Ерлік-патриоттық

С.Мұқанов 1942 жылы 3 ке бөлген:

1) нақыл

2) ереуіл

3) тіршілік толғаулары

Толғаудың тағы бір ерекшелігі – терадалардан тұрады. Яғни ойдың құрамында аяқталған, жинақы жырдың бір бөлігі

60-сұрақ Хандық дәуір әдебиетіндегі ерлікті жырлау дәстүрі

«Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том»

Жалпы жыраулық поэзиядағы ерлікті жырлау әдісі – Тәтіқара жырау қалмақ басқыншыларына қарсы әділ күресте көзге түскен – Жәнібек батырдың тарихи ерлігін «Жәнібек Шақшақұлы болат найза» деп әрі ұтымды, әрі қысқа тұжырып сипаттаса, уақтағы Сары менен Баян батырды «Өзге батыр қайтса да бір қайтпаған» деп бейнелейді. Дәл осындай сипат оның Керейдегі Еменәлі, Ер Жабай туралы айтқан жыраулық мінездемелеріне де тән. Сонымен, жыраулық поэзияда батырлардың іс-әрекет, кескін-келбетін ерлік істерімен астастыра баяндау жүйелі дәстүрге айналған. Бұл әр алуан ерекшеліктерімен көрінсе де, осылардың бәріне тән ортақ белгілер де жоқ емес. Авторлары әрі жырау, әрі жауынгер батыр боғандықтан, бұлар өз жырларында, өзгелермен қатар өз бейнесін жасауға да мән беріп келген. Бұған Үмбетей жыраудың «Бөгембай өліміне» деген толғауы да дәлел бола алады.

Үмбетей жырау «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» деген екі жырында басқыншы жауға қарсы күресте жанқиярлық үлкен ерлік көрсеткен айбарлы батырдың асқақ тұлғасын шабыттана жырлайды. «Бөгембай өліміне» атты қысқа ғана жырда ол елі үшін туған Бөгембай батырдың заңғар таудай тұлғасы мен өшпестей ерлігін шеберлікпен түйіп сипаттай алған. Жыраудың бұл толғауы батырдың сол тұстағы ұмытылмас ерлігінің куәсі, халық махаббатының жарқын көрінісі деуге тұрарлықтай.

Үмбетей Бөгембай бейнесін толық түрде жасаса, Бұқар жырау Абылай бейнесін яғни Абылай ханның халық тағдыры шешілер жауапты кезеңде көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен жауға қарсы күресті ұйымдастырудағы орасан зор еңбегін шалқыта сипаттайды. Жырау тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған аумалы-төкпелі заманда қазақ елінің басын қосып, жоңғарларға қарсы халықтың күрестің ұйтқысы болған Абылайдың әрі батыр, әрі білгір көсем,әрі даңқты қолбасы ретінде сипаттайды.

Көтеш ақынның «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деген өлеңінен, ақын ел бірлігі мәселесіне арнайы тоқтала қоймаса да, ел наразылығының неге әкеліп соғатынын ашық аңғартып, зілмен сөйлейді.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасындағы қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді:

Арғымаққа оқ тиді

Қыл мықынның түбінен,

Аймадетке оқ тиді

Отыз екі омыртқаның буынынан

Зырлап аққан қара қан

Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.

Сақ етер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма,-деген жыр жолдарында көшпенділер дәуіріндегі еліне жан жүрегімен берілген ержүрек нағыз батыр жыраудың, ер ақынның бейнесі зерделенген.