Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер

«Ел бастау қиын емес»

ел бастау қиын емес

қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

шабатын жерден ел табылады

шаршы топта сөз бастаудан қиын көргем жоқпын.

«Қара құлам жүйрік деп»

Қара құла арыса,

Майы қалың бесті артық.

Баласы жоқ қатыннан,

Лақтаған ешкі артық.

Жалғыз туған жігіттен

Сырым тіккен тал артық.

Жарлы болған жігіттен

бесіктегі бала артық.

«Ай не болар күннен соң»

Доңғалақ арба жүре асмас,

Қос арысы сынған соң.

Жігіт жақсы бола алмас,

Алғаны жаман болған соң.

«Ай заман-ай,заман-ай»

Арғымақтың жалы жоқ,

Жабылар жалыменен ттеңелер.

Жақсылардың малы жоқ

жамандар малыменен теңелер.

«ежелгі дос жау болмас»

Ежелгі дос жау болмас

Шірнеуіште хаты бар.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Көңлінде кірдің таты бар

Ежелгі дос жау болмас,

Айтысқан оның серті бар.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Көңлінде тұтқыр кірі бар.

«Рулының оғы қалса табылар»

Әкелі бала жау жүрек,

Әкесіз бала сұм жүрек.

әкелі бала жау жүрек ,

жиын болса барады

«Жар басына қонбаңыз»

Жар басына қонбаңыз,

дауыл соқса үй кетер.

Жатқа тізгін бермеіңз,

Жаламенен бас кетер.

Жаманмен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа серт етер.

Сыпайы сырын білдірмес,

ақырын ғана бүлк етер.

«Көкте бұлт сөгілсе»

Көкте бұлт сөгілсе,

Көктеп болмас не пайда

Көкіректен жан шықса

Қайтып келмес не пайда.

Дін пұсырман болмаса,

Тіл пұсырман не паййда.

Қызда қылық болмаса

құр шырайдан не пайда

87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.

Динамикалыққимыл әрекетке толы экспрессвті жолдар Бөгембайдың басқыншыларға қарсы халық күресінің тарихында алатын орнын ойып алып көрсетеді.Толғауда жоқтау,мүдіру жоқ,бір тыныстан туған тутас туынды.мұнда автордың өзі мүлдем сырт қалады да,бар ықылас тілек жырланып отырған обьектіге ауады.Батырдың өлімін естірту арқылы өмірді жырлайды.

Ерікті аралас ұйқасты 7-8 буынды жыр түріндегі бүтін тиаданың тұла бойында бір тармақ үнемі үстемеленіп,қайталанып келеді.Жырау Абылай ханның басынан «талай істер»өткенін. «үргеніштен мұнда келгенін», «күндіз түйе баққанын», «еш малшыға қосылмай,қара жерге отырмайтынын» айта келіп, «ұмыттыңба соны Абылай деп» бір түйіп тастайды

88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар

Мысалы : «Еңсегей бойлы ер Есім» толғау 7-8 буынды жыр ағымы үлгісінде келеді..Көкемдік құралдарға онша бай емес,көбіне кө қолданылатыны—ТЕҢЕУ.

Менімен ханым ойнаспа

Менің ерлігімді сурасаң

Жолбарыспенен аюдай

Өрлігімді сурасаң

Жылқыдағы асау тайыңдай

Зорлығымды сурасаң

Бекіре менен жалындай

Беріктігімді сурасаң

Қарағайменен қайыңдай

Көуші едім,есім хан

Ханымды-күнім,сізді- айымдай

Осы өлеңде қолданылған теңеу-эпитеттері жарасымды,қазақы пиғыл,қазақы психология.