- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
Шалдың өзінше біршама көңіл бөлген тақырыптары бар. Ол-адам өмірі, өмірдің мәні, фәни мен бақи , дін мәселесі.
Адам өмірін жас кезеңдеріне байланысты суреттеу- түрік халықтаоы поэзиясында Хожа-Ахмет Яссауи заманыныһан бері келе жатқан әдіс. Шал да бұл тақырыпқа бірнеше өлең жазған, олардың көпшілігі ақынның қартайған, бойынан қуат кетіп, ауру болып ұзақ күнді төсекте жатып өткізген кездерінде туғанға ұқсайды. Бұл шығармалардың характерлері әр алуан. Кейбіреулері: «Елу-елдің жасы, жетпіс-оттың басы, сексен-шоқтың қасы»,-деген сияқты бірер шумақ тақпақты сөздер де, кейбіреулері адамның туғанынан өлгеніне дейінгі өмір жолын тұтас қамтитын ұзақ өлең.
Ақынның ерекше қызыға қарап, көзі жасаурай жырлайтыны-қайғысыз, қамсыз, бұ дүниенің күйкі, күйбең тірлігінен аулақ сәби шақ.
«Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірі берген несіптемін,
Алты жаста қайыңның тозыңдаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозаңдаймын,
Он жасымда сүт емген қозыңдаймын.
Сегізде бала болып ойнап едім.
Тоғызда тайлы суға бойлап едім»
«Он бес деген жасым ай,
Жарға ойнаған лақтай..»
Бұдан соң тұрған белдер-бозбалалық, жігіттік дәурен, қазақтың халық өлеідерінде дәріптелетін қайтып келмес жиырма бес, жігіт ағасының жасы отыз, отыз бес.
«Жиырма деген жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай
Отыз деген жасым-ай
Таудан аққан бұлақтай»
«Жиырмада құрып өттім жігіт салтын,
Ойламай ешнәрсенің алды-артын
Бар болса елде сұлу менікі деп
Болмапты ешнәрседен сонда парқым..»
12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
Көтеш ақын дәнекерлік қызметі ерекше. Ол ежелгі жыраулық поэзияның үлгісінде де, жаңаша да өлең шығарып, бір жағынан, дидактикалық мазмұндағы не жақсы, не жаман, алдамшы дәулет пен жалған өмір туралы толғаса, екінші жағынан, тұрмысқа, салт-сана мен әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды да жырлайды. Көтештің шығармашылығынан бастап қазақ өлеңінің формасына да өзгеріс енеді. Ол байырғы жыраулық поэзиядағы формалық еркіндікті шектей бастайды, яғни ерікті шумақ, еркін ұйқас, еркін бунақтар бірден жойылмағанымен, ығысуға мәжбүр болды. Бұрынғы толғауларға тән тирадалық еркін құрылыммен қатар 4 тармақты шумақ қолданылады. Тіпті бірте бірте толғаудың орнына 11буынды қара өлең формасы орнығады, ертеден келе жатқан 7-8, кейде одан да көп буыннан тұратын тармақ енді міндетті түрде 11 буыннан құрылатын болады.
Көтеш - өлеңді кез келген жерде айтып тастап жүре берген, осы сөздің толық мағынасындағы импровизатор ақын болды дедік. Сондықтан да оның аузынан шыққан жырлардың дені ұмытылған. Алайда, біздің дәуірімізге жеткен шығармаларынан-ақ Көтештің XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінде өзінің орны бар ақын екендігі көрінеді.
13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
Доспамбет жайындағы бір әңгімені В. Радлов Қырымды қоныстанған ноғайлардың жазып алған. «Азауда Доспамбет аға болған (аға-ханға жақын феодалдардың титулы), ондан басқа отуз екі аға болған, әпчі де батырлардан болған», деп басталады бұл шағын хикая. Бұлар бір күні жорыққа аттанады. Бірнеше күннен соң көп әскерге кездеседі. Басқа ағалар қашайық дегенде Доспамбет: «Қашмақ болмас, алла не көрсәтсә шуны көрәрбіс»,-деп ұрысқа кіріседі. Бұл күресте Доспамбет жауды жеңіп шығады. Доспамбет өлімі бұл соғысқа қатысты болмайды оның өлімі соғыс кезінде қалып кеткен қамшыны деп болады. Басқа ағалар барма артыңа деседе, Доспамбет көнбейді. Менің қамшым өрімі пілдің қайысы, бүлдіргесі бұлан терісі, орамы алтын деп айтады. Сол сәтте жау әскерлері Доспамбетті өлтіреді.
