Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.

Бұл толғау 25 тармақ,4 тирададан тұрады.Толғаудағы көркемдегіш құралдар.

Метафора-ақсұңқар құстай түледі,

Теңеу-кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау

Синекдоха-үш жүздің баласын

б ір баласындай көрмеді.

Бұл толғауда ұйқастың ерікті,егіз,қара өлең ұйқас түрлері кездеседі.

82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз

Бұл өлең 4 шумақтан тұрады.Өлеңнің көркемдегіш құралдары

Теңеу-бұрала біткен емендей

Бұл өлеңнен кезекті ұйқас,шалыс ұйқас,қара өлең ұйқас түрлері кездеседі.

Жауқашарға деген өлеңі Бәкеге арнауының жалғасы іспеттес.Жалпы екеуі біртұтас дүние болуы мүмкін.

Кісіні көрсең есікке

Жүгіре шық кешікпе

Қарсы алмасаң мейманды

Кесір болар несіпке,- деп жырау мезгілсіз келген қонаққа да қуанады.Бұл-әрі батыр,әрі ақынның ғана аузынан шығатын сөздер.

83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.

Үмбетеймен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық,сойқанды тоғыз ұлы болады.бір жолы бұлар өздерімен ағайын-көрші ауылға барымтаға шығып,үйірге сап жүрген бураларын әкеп сойып алады.Екі атаның арасында дау туады.Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі.Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп Бәкеге деген өлеңін айтыпты.Әрине,бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек.Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті ойларынан ешнәрсе шығармаған,өзі өмір сүрген ортаның ғана жағдайын жырға тиек еткен.

Жырау тоқымы кеппей топтанып,ел тонауға аттанып жүрген тоғыз тентекті сынға алады.Оларға араша түскен Бәкеге не бетіңмен қорғайсың Жауқашардың тоғызын деп,озбырларды,әділеттілікке,адамдыққа шақырады.Жақсы ұл мен жаман ұлдың айырмашылығын сынайды.

84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.

Бұл арнау 22 тармақ,4 тирададан тұрады.Бұл арнау негізінен нақыл-өсиет түрінде жазылған.мысалы,

Баласын мақтар бас жаман

Қатынын мақтар қас жаман

Алыстағы дұшпаннан

Аңдып жүрген дос жаман.

Өз малын кізнеген

Кісі малын іздеген

Түбінде өз малына ие болмас.

85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз

Бұқар жыраудың «ханға жауап айтпасам» атты толғауын халық тағдыры мен оның болашағынжырлаған әлеуметтік-қоғамдық мәнімен де,айтар сөздің бас аяғы тұтас табиғи бірлігімен де,сипаттаудағы көркемдік бейнелеу,шеберлік тәсілдерімен де,өзге жырларынан жеке дара тұр дей аламыз.Асан Қайғы жырыда ,оны бұқар жыраудың шешкші де кешегі заманда ашықтан ашық бүкемеленіп, жарияланбай келді.сондықтан бүгінгі тәуелсіздік дәуірде мұндайтарихи асыл туындыны бұзбай жармай беруді жөн көріп отырмыз.Бұқар жырау осы әйгілі жырын:

Ханға жауап айтпасам .

Ханның көңілі қайтады

Қандарына жауап бермесем

Халқым не деп айтады?

Хан Абылай Абылай

Қайғылы мұндай хабарды

Сұрамасаң не етеді

Сұраған соң айтпасам

Кісілігім кетеді—

Деген кішігірім кіріспемен бастап,бііртіндеп негізгі мәселеге қарай ойысады

Енді айтайын тыңдасам

Маған қаһар қылмасаң

Қарағай судан қашып

Шөлге біткен бір дарақ

Шортан суға шыдамсыз

Балықтан шыққан бір қарақ

Ойлама шортан ұшпас деп

Қарағайға шықпас деп

Күнбатыстан бір дұшпан

Ақырда шығар сол тұстан

Өзі сары көзі көк

Бастығының аты поп

Күншығысқа қарайды

Шашын алмай тарайды

Құдайды білмес діні жоқ

Жамандықта еш міні жоқ

Осы сынды бір кәпір

Аузы басы жүн кәпір

Жаяулап келер жұртына

Жағалы шекпен кигізіп

Балды май жағар жұртыңа

Жемірлерге жем беріп

Ел қамын айтқан жақсыны

Сөйлетпей ұрар ұртына

Бауыздамай ішер қаныңды

Өлтірмей алар жаныңды

Қағазға жазар малыңды

Есепке салар барыңды

Еліңді алар қолыңнан

Әскер қылар ұлыңнан

Тексізді төрге щығарып

Басыңа ол күн туғанда

Теңдік тимес құлыңнан

Болмай қалмас артыңнан

Естісең мына қартыңнан

Өзіміз айтқандай Бұқар толғауларын шартты түрде 4 топқа бөлген болатынбыз.Бұл жыры Бұқар жыраудың отаршылдыққа арналған болжау толғауы болып келеді.Асан Қайғының толғауымен ұқсас келеді.Бұқар бұл жерде ресейлің қазақтарды отарлауын болжап ханға айтқаны болып отыр.Бұқар ресейге қазақтың быраз бөлігін қосқанда солтүстік жерлерге өз шептерін өз бекіністерін салғанынан бұқар бұның арты орыстардың отарлау саясаты болатынын бірден аңғарған болатын. Айтқандай орыстар өз ойын іске асырып отарлау саясатын жүргізді.