- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
Қазақ әдебиетінің тарихы 3 том бойынша:
Тәтіқара жыраудың тағы бір өлеңі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабуылда сипаттайды. Бұл жырды кезінде Ш.Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізге жеткен шағын үзінді Шоқан аудармасының дәлдігін көрсетумен бірге , екеуінің негізінде шындық оқиға болғанын анықтай, айқындай түсді:
...Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнтысты.
Жау жағадан алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ.
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентейін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыр қалмақ қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда.
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда.
Осы кішкене ұзіндіден ұрыс даласының көп шындығы нақты елес береді, ақын өзі кқрген, нақ ортасында болған майдан көрінісін оның барша кейіпкерлерімен, олардың әрқайсысына лайық қимыл-әрекетімен дәл бейнелейді. Мұны жырау сөзінің құдіреттілігі, күштілігі, пәрменділігі ретінде атауымызға болады. Ұрыс даласын, батырлар қимылын ақын батырлар жырындағы белгілі дәстүр негізінде бейнелейді.Соның өзінде жыраудың өзіндік сөздік нақышын аңғару қиын емес.
М.Мағауин «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» еңбегі бойынша
Тәтіқараның Шоқан тәржімалаған жыры да осындай жағдайда айтылған. Абылай бастаған қазақтар саны көп, күші басым қытай іскерлерімен табан тіреп ұрыса алмай, шегінуге мәжбүр болады. Жауынгерлердің еңсесі түсіп кеткенін көрген Тәтіқара бір жағы күйінішпен, бір жағынан жұрттың рухын көтеру үшін табан астында суырып салып, жырлап қоя береді.
Осының қарсаңында ғана ойрат империясын оп-оңай бағындырып алған қытайлар 1756 жылы қазақ жеріне енеді.Абылай екі рет ұрысып, екеуінде де жеңіліске, ұшырайды.
Айтылмыш жырдың түпнұсқасы біздің заманымызға жеклеген үзінділер түрінде жеткен.
«Кебеже қарын, кең құрсақ
Артық туған Абылай
Көтере көр бұл істі :
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнтысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ.
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентейін Олжабай
Оны да мен ер көрдім,
Оқ жіберіп ұрысты».
