Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

18.Әсер ету дәрежесі бойынша үлестік құралдарды жіктеу.

Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі.

Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді.

Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады.

Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.

Елеулі ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .

Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

19.Шығарылған қаржылық құралдардың бастапқы танылуы.

Мерзімдері, шарттары және есеп саясаты. Пайыздық мөлшерлеме тәуекелі. Несиелік тәуекел

Қаржылық инвестиция – бұл субъект табыс алу, инвестициялық капитал өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін активтер.

Қаржылық инвестицияны сатып алу барысында сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып құралатын сату құны бойынша бағаланады.

Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының сатушыға процентпен төленген кемтілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасындағы айырмашылықты инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді.

Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:

  • Қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.

20.Біріккен қызмет нысандары.

Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек қаржы құрылымын құруды емес, ал кәсіпкерлердің активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер өзінің негізгі құралдарын пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен қызметті кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен қызметті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан түскен түсім және кез келген бірлесе жұмсалған шығыстар кәсіпкерлер арасында өз көмегімен бөлінетін құрал көзделеді.

Екі немесе одан көп кәсіпкер нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын қызметінің мысалы бола алады. Әрбір кәсіпкер өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір кәсіпкер өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес шарттық келісімге сәйкес анықталады.

Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды:

а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді;

және

б) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін мойындауға міндетті.

Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.

Бірлескен қызметтің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады.

Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте – бірлескен қызмет мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен қызмет мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді кәсіпкерлердің бірлесе иеленуін көздейді. Кәсіпкерлер ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір кәсіпкер активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір кәсіпкер шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады.

Бірлескен қызметтің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе кәсіпкерлердің өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір кәсіпкер болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]