Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

8.Дисконттық құн түсінігі.

Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арсындағы қатынасты бейнелейтін,тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретінде мәні,оның мынадай үш қасиеттерінің біртұтастығынан байқалады:

  • Жалпыға тікелей айырбасталу формасы;

  • Айырбас құнының дербес формасы;

  • Еңбек өлшемінің заттай формасы;

Жалпыға тікелей айыбасталу формасы,оның кез келген материялдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды.Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз.Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді:толық құнды ақшалар және толық құасыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар-номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері )-номиналды құны нақтықұнан,яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды.Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туыңдайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

  1. құн өлшемі және баға масштабы;

  2. айналыс құралы;

  3. төлем құралы;

  4. қорлану және қор жинау құралы;

  5. дүниежүзілік ақша;

Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас,сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материял беру»қызметін атқарады.Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес,тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады.

Ақша айналыс құралы қызметі.Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рол атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметі.Әр түрлі жаңдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі.

Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:

  • тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;

  • мемлекетке қатысты міндеттемелер;

  • банктік несиелер,мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

  • сақтандыру міндеттемелері;

  • әкімшілік,сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

9. Хқес 2 мақсаты мен қолдану аясы.

№2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.  №2 ХҚЕС       қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.         (b)      ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады.           (b)   сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады.        3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.      Брокерлер және трейдерлер — тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Босалқылар — бұлар:   Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі;  (c)       өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны — бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]