Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

25.Байланысты тараптармен қарым-қатынастар және операциялар.

Еншілес, тәуелді, бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция мына екі әдістің біреуімен ескерілуі керек:

а) үлестік қатысу әдісімен – инвестиция сатып алу сәтінде табыс ретінде танылатын кірістер мен шығыстар туралы есеп берудегі тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтер өзгерісіндегі инвестордың мойындаған үлесі бойынша олардың құнын одан әрі арттыратын сату құны бойынша көрініс табады;

ә) құндық әдіспен – инвестиция сатып алу сәтінде сату құны бойынша көрініс табатын есеп әдісі. Инвестициядан түсетін табыс инвестордың кіріс және шығыс туралы есебінде сатып алған күннен кейін пайда болған шаруашылықты серіктестікте жиналған таза табыстың жалпы сомасынан тиесілі дивидендтер көлемінде танылады.

3-Деңгей

1.Сатып алынатын ұйымдардың шартты міндеттемелері.

1. Бақыланатын активтер мен қолдағы міндеттемелер;

Өтелген шығыстар және бірлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе қызметті өткізудің нәтижесінде алатын табыстағы өзінің үлесі.

Мынаны айта кету керек, жеке қаржы есептемені жасау барысында бірлескен қызметтің қатысушысы өзі бақылайтын активтер мен міндеттемелерді, бІрлескен қызметтің нәтиже-сіндегі өтелген шығыстар мен табыстар үлесін мойындайды (таниды). Сондықтан да шоғырландырылған есеп беруді жасау барысында түзету мен біріктіру бойынша басқа да операциялар қажет болмайды.

Бірлесіп бақыланатын активтер

Бірлесіп бақыланатын активтер формасында ұйымдастырылатын бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесінде мыналарды тануы керек:

  1. Бірлесіп бақыланатын активтердегі өз үлесін;

  2. Қолдағы кез келген міндеттемелерді;

  3. Бірлескен кәсіпорынға қатысты қолдағы міндетгеме- лердегі өз үлесін;

  4. Өткізуден түскен табысты немесе бірлескен кәсіпорын өтеген шығыстардағы өзінің үлесімен бірге бірлескен кэсіпорын өнімдеріндегі өз үлесін пайдалану;

  5. Бірлескен кэсіпорындағы өзінің үлесіне қатысты өтелген шығыстарды.

Активтерді бірлесіп бақылау формасында үйымдастырылған бірлескен кәсіпорын қатысушыларға бөлінетін және қатысушылар бірлесіп өтейтін шығыстардың дербес есебін ұйымдастырады.

Бірлесе бақыланатын кәсіпорынға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы – ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдайКөптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, кәсіпкерлер мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады.

2.Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы.

  1. оның барлық еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі кіргізілуі тиіс.

2. Бас ұйым еншілес ұйымдары арқылы компанияның дауыс беру құқығының жартысынан астамына ие болған жағдайда, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін айқын көрсететін айрықша жағдайлардан басқа кезде бақылаудың болуы көзделеді.

Ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеу кезінде активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығыстардың бір текте баптарын қосу арқылы бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігін біріктіреді. Шоғырландырылған қаржы есептілігі біртұтас экономикалық ұйым ретіндегі топ туралы қаржы ақпараты секілді болу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:

а) бас ұйымның әрбір еншілес ұйымға инвестицияларының баланстық құны және бас ұйымға тиесілі әрбір еншілес ұйым капиталының бір бөлігі алынып тасталады (қараңыз, 3 ХҚЕС, онда бірігу нәтижесінде пайда болатын кез келген іскерлік бедел-абыройды есепке алу тәртібі қарастырылған);

б) есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған еншілес ұйымдардың пайдасындағы немесе залалындағы азшылықтың үлестері айқындалады;

және

с) шоғырландырылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі азшылық үлестері бас ұйым акционерлерінің капиталынан бөлек көрсетіледі. Таза активтердегі азшылық үлесі мыналардан:

1) 3 ХҚЕС қаржы есептілігіне сәйкес есептелген бастапқы біріктіру күніндегі осы азшылық үлестері сомасынан;

2) бірігу күнінен бастап болған капитал өзгерістеріндегі азшылық үлесінен тұрады.

Еншілес компаниямың акциялары сатып алынған уақыттағы шоғырлану процесіне бірнеше кезең кіреді:

1. Бас және еншілес компаниялардың активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталының ұқсас баптарын жол сайын қосу, қосындылау;

2. Топ ішіндегі есептеу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек-алашақты жою жөніндегі түзету жазбаларын жасау;

3. Еншілес компанияларға салынатын инвестициянын баланстық құнын және бас компанияның еншілес компанияның өзіндік капиталына тиісті қатысу үлесін шығару жөніндегі түзету жазбаларын жасау;

4. Бас компанияға тиесілі емес еншілес компанияның өзіндік капиталындағы азшылық үлесті анықтау;

5. Бас компания еншілесінің акцияларына инвестиция салғанда, баланстық құнынан артық шығын шамасын анықтау;

6. Еншілес компанияның активтері мен міндеттемелерінін құнын ағымдағы нарықтық құнға дейін меншікті капиталға еншілестің тиісті қатысу үлес мөлшеріне арнап тузеу;

7. Іскерлік бедел шамасын (іудвилл) анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]