Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

5.Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау.

Ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) бағалау

15               Ұйым сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегере отырып, ең азқаржылық жағдай есебі немесе әділ құны бойынша бағалауға тиіс.

15А            Ұйым иелерге таратуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) оның қаржылық жағдай есебіқұнының және тарату[4] шығындарын шегергендегі әділ құнының ең азымен бағалайды.

16                Егер таяу арада сатып алынған актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретіндегі жіктеу талаптарына жауап берсе (11-тармақтықараңыз), онда 15 - тармақты қолдану активті (немесе шығаруға арналған топты) бастапқы таныған кезде, егер ол осылайша (мысалы, өзіндік құны бойынша) жіктелмеген болса, қаржылық жағдай есебі құнның және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азымен бағалауға әкеледі. Сөйтіп, егер актив (немесе шығаруға арналған топ) бизнесті біріктірудің бір бөлігі ретінде сатып алынса, онда ол сату шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша бағалануға тиіс.

17                Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда ұйым сату шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс.

18                Активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде тікелей бастапқы жіктеу алдында активтің (немесе топтағы барлық активтер мен міндеттемелердің) қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-ына (IFRS)  сәйкес бағалануы тиіс.

19                Шығаруға арналған топты бұдан әрі қайта бағалаған кезде осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез келген активтің немесе міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны қолданылып жүрген ХҚЕС-қа (IFRS)  сәйкес сату шығындарын шегергендегі шығаруға арналған топтың әділ құнын қайта бағаланғанға дейін бағалануға тиіс.

6.Шартты міндеттемелер, шартты жағдайлар, қаржылық есептілікте ашып көрсетілуі.

Шартты міндеттемелер

Компания шартты міндеттемені мойындамауға тиіс.

Шартты міндеттеме, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайды қоспағанда, 86-параграфтың талаптарына сәйкес ашылады.

Компания міндеттеме бойынша ортақ жауапкершілік атқарған жағдайда, басқа тарап міндеттемелердің бір бөлігін жойса, ол шартты міндеттеме болып есептеледі. Компания, сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкін міндеттемелердің бір бөлігінде бағалау міндеттемелерін таниды.

Шартты міндеттемелер бастапқыда күтілгендей дамымауы мүмкін. Сондықтан экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігінің пайда болуын белгілеу үшін олар үздіксіз бағаланады. Егер болашақ экономикалық пайданы шығару бұрын шартты міндеттеме ретінде қарастырылған бап бойынша қажет болатыны мүмкін болса, онда бағалау міндеттемесі ықтимал өзгеріс болатын кезеңдегі қаржылық есептілікте танылады (сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]