Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

2.Бөлек қаржылық есептіліктердегі еншілес, бірлесіп бақыланатын және тәуелді ұйымдарға инвестициялардың есебі.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы. Шоғырландыру процедуралары. Еншілес, бірлесіп бақылатын және тәуелді ұйымдарға инвестициялардың бөлек қаржылық есептіліктердегі есебі

  1. Бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігіне оның барлық еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі кіргізілуі тиіс.

2. Бас ұйым еншілес ұйымдары арқылы компанияның дауыс беру құқығының жартысынан астамына ие болған жағдайда, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін айқын көрсететін айрықша жағдайлардан басқа кезде бақылаудың болуы көзделеді.

Ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеу кезінде активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығыстардың бір текте баптарын қосу арқылы бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігін біріктіреді. Шоғырландырылған қаржы есептілігі біртұтас экономикалық ұйым ретіндегі топ туралы қаржы ақпараты секілді болу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:

а) бас ұйымның әрбір еншілес ұйымға инвестицияларының баланстық құны және бас ұйымға тиесілі әрбір еншілес ұйым капиталының бір бөлігі алынып тасталады (қараңыз, 3 ХҚЕС, онда бірігу нәтижесінде пайда болатын кез келген іскерлік бедел-абыройды есепке алу тәртібі қарастырылған);

б) есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған еншілес ұйымдардың пайдасындағы немесе залалындағы азшылықтың үлестері айқындалады;

және

с) шоғырландырылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі азшылық үлестері бас ұйым акционерлерінің капиталынан бөлек көрсетіледі. Таза активтердегі азшылық үлесі мыналардан:

1) 3 ХҚЕС қаржы есептілігіне сәйкес есептелген бастапқы біріктіру күніндегі осы азшылық үлестері сомасынан;

2) бірігу күнінен бастап болған капитал өзгерістеріндегі азшылық үлесінен тұрады.

Еншілес компаниямың акциялары сатып алынған уақыттағы шоғырлану процесіне бірнеше кезең кіреді:

1. Бас және еншілес компаниялардың активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталының ұқсас баптарын жол сайын қосу, қосындылау;

2. Топ ішіндегі есептеу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек-алашақты жою жөніндегі түзету жазбаларын жасау;

3. Еншілес компанияларға салынатын инвестициянын баланстық құнын және бас компанияның еншілес компанияның өзіндік капиталына тиісті қатысу үлесін шығару жөніндегі түзету жазбаларын жасау;

4. Бас компанияға тиесілі емес еншілес компанияның өзіндік капиталындағы азшылық үлесті анықтау;

5. Бас компания еншілесінің акцияларына инвестиция салғанда, баланстық құнынан артық шығын шамасын анықтау;

6. Еншілес компанияның активтері мен міндеттемелерінін құнын ағымдағы нарықтық құнға дейін меншікті капиталға еншілестің тиісті қатысу үлес мөлшеріне арнап тузеу;

7. Іскерлік бедел шамасын (іудвилл) анықтау.

  1. Хқес 11 мақсаты мен қолдану аясы

  2. 11-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IAS 11) «Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар»

  3.  

Мақсаты

                Осы Стандарттың мақсаты құрылысқа жасалған келісімшарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылысқа жасалған келісімшарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай келісімшарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі. Сөйтіп, құрылысқа жасалған келісімшарттар есебіндегі басты мәселе құрылыс жұмыстары жүргізілген есепті кезең жөніндегі келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды бөлу болып табылады. Пайда мен шығын туралы есепте табыстар мен шығыстар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығыстар ретінде танылуы тиіс болған кезін анықтау үшін осы Стандарт қаржы есептілігін даярлау мен тапсыруды Концептуалды негізінде[1] белгіленген тану өлшемдерін пайдаланады. Ол сондай-ақ осы өлшемдерді қолдану жөнінде іс жүзіндегі нұсқаулар береді.

Қолдану аясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]