Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

24. Хқес 8 мақсаты мен қолдану аясы

Мақсаты

1              Осы Стандарттың мақсаты есеп саясатын таңдау жəне өзгерту талаптарын, сондай-ақ есеп саясатындағы өзгерістерді есепке алу жəне ашып көрсету тəртібін, бухгалтерлік есеп бағалаулардағы өзгерістерді жəне қателерді, түзетулерді анықтау болып табылады. Стандарт ұйымның қаржы есептілігінің маңыздылығын жəне сенімділігін, сондай-ақ осы қаржы есептілігін ұзақ уақыттан бері қолданылуына жəне басқа ұйымдардың қаржы есептілігімен салыстыруға арналған.

2              Есеп саясатындағы өзгерістерге қатысты мәселелер осы Стандартта қарастырылады, ал есеп саясаты туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар 1 Қаржы есептілігін ұсыну (IAS) ХҚЕС-ында келтіріледі.

Қолдану аясы

3             Осы Стандарт есеп саясатын таңдау жəне қолдану, сондай-ақ есеп саясатындағы өзгерістерді, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер жəне өткен кезеңнің қателерін түзетулер кезінде міндетті түрде қолданылуы тиіс.

4              Өткен кезеңдер қателерінің жəне есеп саясатындағы өзгерістерді қолдану үшін орындалатын ретроспективалық түзетулердің салыққа қатысты салдары12 Пайдаға салынатын салықтар ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес есепке алынады жəне ашылады.

Анықтамалар

5             Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген мағыналарында пайдаланылады:

Есеп саясаты - бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау жəне ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер жəне тəжірибе.

Бағалаудағы есептік өзгеріс - бұл активтің немесе міндеттемелердің қаржы есептілігі туралы есептік құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынуда активтердің жəне міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нəтижесі болып табылады жəне тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) - бұл Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары жөніндегі кеңес (ХҚЕС) қабылдаған Стандарттар жəне Түсіндірулер. Оларға мыналар кіреді:

(a)                  Халықаралық Қаржылық есептіліктің стандарттары (IFRS);

(b)           Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (IAS);  жəне

(c)           Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша 

                түсіндірме комитетінің Түсіндірмесі (IFRІС); жəне

(d)           Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің (SІС) Түсіндірмелері.[1]

Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олардың əрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне əсер етсе Маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мəтініндегі бағаланатын мөлшеріне жəне сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]