Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

11.Ұсыну валютаға қайта есептеу.

Субъектінің, заңды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатып алған тауарлардың, материалдық құндылықтардың және тағы да басқалардың құны мен олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз де арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық инспекциясы немесе полициясының бұйрығы, тағы да басқа занда қаралған жағдайлар негізінде аударылады. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарынан, нақты ақшамен қаржы алып, пайдалану үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Кәсіпорынның, яғни субъектінің өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына накгы ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына субъектінің сатқан өнімі мен тауарлардың, материалдық құндылықтар мен басқа да активтердің және көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан субъектінің басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджетген тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын телеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады. Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттардың шегінде шот иесінің, яғни субъектінің ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжатгар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамның қолы болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Есеп айырысу құжаттарының үлгілі түрін олардьщ толтырылу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілейді. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін субъектімен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде кәсіпорынға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге бері-леді. Көшірмеде субъектінің шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кіріс етіл-ген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі.

  1. Пайдаланылмаған салықтық зияндар және салықтық несиелер.

Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді.

Осы Стандарт компанияның салық операцияларының салдары мен басқа да жағдайларды бұл операциялар мен жағдайлардың өзін ескеретін сияқты есепке алуды талап етеді. Сонымен пайда мен залал есептерінде көрсетілген салық операциялары мен басқа да жағдайлардың салдары пайда мен залал есептерінде де көрініс береді. Капиталда тікелей көрсетілген барлық операциялар мен басқа да жағдайлардың салық салдары да капиталда тікелей көрініс табады. Сол секілді кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерін кәсіпорындарды біріктірген кезде мойындау да осы біріктіру кезінде пайда болған оң немесе теріс іскерлік беделдің мөлшеріне немесе ұйым біріктіру құнының үстінен сатып алатын бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушы-ұйымның кез келген үлесінен арту мөлшеріне әсер етеді.

Осы Стандарт сондай-ақ пайдаланылмаған салық залалдарынан немесе пайдаланылмаған салық кредиттерінен пайда болатын кейінге қалдырылған салық активтерінің мойындалуына, қаржы есебінде пайдаға салынатын салықты көрсетуге және пайдаға салынатын салыққа жататын ақпаратты ашуға қатысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]