Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

24.Пропорционалды шоғырландыру және үлестік қатысу әдісін қолдануды есептен шығару.

Тепе-тең шоғырландыруды қолдану кәсіпкердің балансы ол бірлесе бақылайтын активтердегі оның үлесін және ол бірлесе жауап беретін міндеттемелер үлесін қамтитынын білдіреді. Кәсіпкердің пайдалары мен залалдары туралы есебі бірлесе бақыланатын ұйымның кірістері мен шығыстарындағы оның үлесін қамтиды. Тепе-тең шоғырландыруға қолдану үшін лайықты көптеген процедуралар еншілес ұйымдарға инвестицияларды шоғырландырудың 27 ХҚЕС Халықаралық стандартында белгіленген процедураларына ұқсас.

Тепе-тең шоғырландыруды жүзеге асыру үшін есептіліктің әр түрлі форматтары пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым активтерінің, міндеттемелерінің, кірістерінің немесе шығыстарының әрқайсысындағы өз үлесін өзінің қаржы есептілігіндегі сол сияқты баптармен жол-жолымен біріктіре алады. Мысалы, ол бірлесе бақыланатын ұйым қорындағы өз үлесін өз қорларымен және бірлесе бақыланатын ұйымның негізгі құралдарындағы өз үлесін өзінің негізгі құралдарымен біріктіре алады. Басқа жағдайда кәсіпкер өзінің қаржы есептілігіне бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы өз үлесіне қатысты жекелеген баптар енгізе алады. Мысалы, ол бірлесе бақыланатын ұйымның қысқа мерзімді активіндегі өз үлесін өзінің қысқа мерзімді активі құрамында жеке көрсете алады; ол бірлесе бақыланатын ұйымның негізгі құралдарындағы өз үлесін өзінің негізгі құралдары құрамында жеке көрсете алады. Есептіліктің осы екі форматы да пайданың немесе залалдың бірдей сомаларының және активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың негізгі сыныптарының әрқайсысының бірдей көрсетілуін қамтамасыз етеді; осы Стандарт мақсаттары үшін екі формат та жарамды.

Тепе-тең шоғырландыруды жүзеге асыру үшін қандай формат пайдаланылса да, кез келген активтерді немесе міндеттемелерді басқа міндеттемелерді басқа шығыстарды немесе кірістерді шегеру жолымен немесе активтерді шегеру жолымен, немесе кез келген кірістер мен шығыстарды шегеру жолымен есепке алу орынды, ал есепке алу – активтің жүзеге асырылуын немесе міндеттеменің өтелуін күту.

Кәсіпкер тепе-тең шоғырландырудың пайдаланылуын бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен бақылау күшін жойған күннен бастап тоқтатуға міндетті.

Кәсіпкер тепе-тең шоғырландырудың пайдаланылуын бірлесе бақыланатын ұйымға бірлескен бақылау күшін жойған күннен бастап тоқтатады. Кәсіпкер өзінің қатысу үлесін сатқанда, немесе бірлесе бақыланатын ұйымға кәсіпкердің бұдан былайғы бірлескен бақылауына бөгет жасайтын сыртқы шектеу санкциялары сияқты шектеулер қойылғанда солай болады.

25.Ретроспективті ұсынылымдарды шектеу.

. Ретроспективті қолдануды шектеу. Ашып көрсету. Есепті бағалаудағы өзгерістер

Ретроспективалық қолдану – бұл жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға осы саясаттың үнемі қолданылатындай түрде қолдану.

Ретроспективалық есеп айырысу – бұл қаржы есептілігінің элементтеріндегі сомаларды тануды түзету, бағалау және ашып көрсету, егер өткен кезеңнің қателері ешқашан болмаса.

Мүлдем мүмкін болмау – ұйым осы үшін барлық тиімді күшті қолдана отырып, қандай да болмасын талапты қолдану мүлдем мүмкін болып табылмайды, бірақ осы талапты қолдана алмайды. Өткен жеке кезеңге қатысты есеп саясатындағы өзгерісті ретроспективалық қолдануға немесе қателерді түзету үшін ретроспективалық қайта санауды орындауға мүлдем болмайды, егер:

  • осындай ретроспективалық қолданудың немесе ретроспективалық қайта санаудың нәтижесін белгілеуге болмаса;

  • тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау ұйым басшылығының қарастырылып отырған кезеңдегі ниеті қандай болғаны туралы жорамал жасауды талап етеді;

  • тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау сомалары бойынша маңызды бағалау есептерін жүргізуді талап етеді және бұл ретте осындай есептер туралы осындай ақпаратты объктивті түрде атап көрсету мүмкін емес, ол:

  • қарастырылып отырған сомалар танылуы, бағалануы немесе ашып көрсету тиіс болған күні (күндері) болған осындай жағдайлар туралы растайды;

  • осы кезеңдегі қаржы есептілігі шығару үшін бекітілген кезде қол жеткен болуы тиіс.

  • қалған ақпараттан.

  • Есеп саясатындағы өзгерістерді перспективалық қолдану және өзгерістің қандай да болмасын есептік бағалауға әсер етуін тану – бұл, тиісінше:

  • жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғаларға және жағдайларға қолдану;

  • осы өзгерістің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі есептік бағалауға осы өзгеріспен болған әсер етуін тану.

Ұйым жаңа есеп саясатын ретроспективалы түрде қолданған кезде, ол осы жаңа саясатты қаншалықты нақты жүзеге асырылатындай уақыт бойынша арттағы алыс өткен кезеңдердің салыстырмалы ақпаратына қолданады. Қандай да болмасын өткен кезеңге ретроспективалық қолдану, егер осы кезеңнің кіріс және сол сияқты шығыс балансындағы сомасына тиісті кумулятивтік әсер етудегі мүмкін болмаса, шын мәнінде жүзеге асырылмайтын болып табылады. Қаржы есептілігінде ұсынылғандықтан өткен болып табылатын кезеңге қатысты жиынтық түзетудің сомасы ең ерте ұсынылған кезеңдердің меншікті капиталының қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына қолданылады. Әдетте түзету бөлінбеген пайдаға қатысты түзетіледі. Сонымен қатар, осы түзету меншікті капиталдың өзге құрамдас бөлігіне қатысты да түзетіледі (мысалы, қандай да болмасын Стандарттың немесе Түсіндірудің талаптарын сақтау үшін). Өткен кезеңдер туралы, қаржы көрсеткіштерінің тарихи мәліметтері сияқты кез келген өзге ақпарат та сондай-ақ қаншалықты нақты жүзеге асырылатындай тым арттағы уақыт бойынша алыс түзетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]