Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

21.Бірігіп бақыланатын активтер.

Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды:

а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді;

және

б) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін мойындауға міндетті.

Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.

Бірлескен қызметтің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады.

Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте – бірлескен қызмет мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен қызмет мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді кәсіпкерлердің бірлесе иеленуін көздейді. Кәсіпкерлер ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір кәсіпкер активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір кәсіпкер шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады.

Бірлескен қызметтің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе кәсіпкерлердің өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір кәсіпкер болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды.

Мұнай мен газ өндіру саласындағы көптеген компаниялар, сондай-ақ минералдық шикізат өндіретін компаниялар бірлесе бақыланатын активтерді пайдаланады. Мысалы, бірқатар мұнай компаниялары мұнай құбырын бірлесе бақылай және пайдалана алады. Әрбір кәсіпкер мұнай құбырын өз өнімін тасымалдау үшін пайдаланады, ал оның орнына сол мұнай құбырын пайдалануға жұмсалатын шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтің басқа мысалы - екі ұйым мүлікті бірлесе бақылайды, алынатын жалдау ақысының бір бөлігі әрқайсысына тиесілі және де шығыстардың тиісті бөлігін әрқайсысы өз мойнына алады.

22.Бірігіп бақыланатын ұйымдар.

Бірлесе бақыланатын ұйым – корпорация, серіктестік немесе әрбір кәсіпкерлерде өзінің қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен қызмет. Ондай ұйым, кәсіпкерлер арасындағы шарттық келісім оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді.

Бірлесе бақыланатын кәсіпорын бірлескен қызметтің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды және пайда алады. Ол өз атынан бірлескен қызмет мүдделерінде шарттар жасайды және қаржы алады. Әрбір кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен қызмет нәтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді.

Бірлесе бақыланатын кәсіпорынға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы – ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдай.

Көптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, кәсіпкерлер мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады. Кәсіпкерлер бірлесе пайдаланылатын активтерді бірлесе бақыланатын ұйымға нақ солайша енгізе алады. Кейбір бірлесе бақыланатын операцияларда қызметтің нақты аспектілерін жүзеге асыру үшін, мысалы, өнімді әзірлеу, өткізу, тарату немесе тауарды сатудан кейін қызметпен қамту үшін бірлесе бақыланатын ұйым құру көзделеді.

Бірлесе бақыланатын ұйым өзінің меншікті бухгалтерлік жазбаларын жүргізеді, басқа ұйымдар сияқты, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес қаржы есептілігін әзірлейді және ұсынады.

Әрбір кәсіпкер әдетте бірлесе бақыланатын компанияға ақша қаражатын немесе басқа ресурстар салады. Бұл салымдар кәсіпкердің есепке алу жазбаларына жазылады және оның қаржы есептілігінде бірлесе бақыланатын ұйымға инвестиция ретінде мойындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]