Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

6.Сатуға арналған айналымнан тыс активтердің танылуы және жіктелуі.

Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтаужәне тоқтатылған қызметтуралы ақпаратты ұсыну, әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт:

(а)        сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын активтердің ең аз қаржылық жағдай есебі сомасымен және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен бағалануын және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және

(b)       сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын активтерді қаржылық жағдай туралы есептің өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ

   Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді[1] активтергежәне ұйымныңшығаруға арналған топтарына қолданылады. Осы Стандартта көзделген бағалауға қойылатын талаптар 5-тармақта аталған, бұдан былай да көрсетілген Стандартқа сәйкес бағалануға тиісті активтерді қоспағанда, танылған барлық ұзақ мерзімді активтерге және ұйымның шығаруға арналған топтарына (4-тармақта көрсетілген) қолданылады.

1 Қаржыық есептілігін ұсыну ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес ұзақ мерзімді деп жіктелген активтер осы Стандартқа сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына сай келмейінше, қысқа мерзімді активтерге қайта жіктелмеуі тиіс. Ұйым әдетте ұзақ мерзімді деп қарастыратын түрге жататын және кейінірек тек қана қайта сату мақсатында алынған активтер, егер олар осы Стандартқа сәйкес тек сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына жауап бермесе, қысқа мерзімді деп жіктелмеуі тиіс.

    Кейде ұйым активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі[2] болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптарынан 5-тармақпен алынып тасталған ұйымның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер бағалауға қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың бағалауға қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ қаржылық жағдай есебіжәне сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша бағаланатындай болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелерді бағалау жөніндегі талаптар 18, 19 және 23-тармақтарда баяндалған

7.Бағалау міндеттемелері: танылуы және бағалануы. .

(е) сақтандыру шарттары. (4-«Сақтандыру шарттары» IFRS қараңыз). Алайда осы Стандарт 4 IFRS Халықаралық стандартының қолдану саласындағы сақтандыру шарттары бойынша оның шарттық міндеттемелері мен құқықтарынан туындайтындарда ерекше сақтандырушының бағалау міндеттемелеріне, шартты міндеттемелеріне және шартты активтерге қолданылады.

6. Бағалау міндеттемелері болып есептелетін кейбір сомалар кірісті мойындаумен байланысты болуы мүмкін, мәселен, компания ақы үшін кепілдікпен қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Осы Стандарт түсімді мойындауға жатпайды. 18-«Түсім» IAS түсімді мойындау жағдайын айқындайды және мойындау критерийлерін қолдану бойынша іс жүзінде нұсқау береді. Осы Стандарт 18 IAS Халықаралық стандартының талаптарын өзгертпейді.

7. Осы Стандарт бағалау міндеттемелерін белгісіз уақыт пен сомаға байланысты міндеттемелер ретінде айқындайды. Кейбір елдерде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді борыштар сияқты баптармен контексте пайдаланылады: осы баптар активтердің баланстық құнына түзетуді білдіреді және осы Стандартта қарастырылмайды.

8. Басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандартында шығындар активтер ретінде немесе шығыстар ретінде қарастырыла ма, соны көрсетеді. Бұл мәселелер осы Стандартта қарастырылмайды. Тиісінше, осы Стандарт бағалау міндеттемелерін жасау кезінде танылған шығындарды капиталдандыруға тиым салмайды және қажет етпейді.

9. Осы Стандарт қайта құрылымдау бойынша бағалау міндеттемелеріне қолданылады (тоқтатылатын қызметті қоса алғанда). Мұнда, қайта құрылымдау тоқтатылатын қызметтің анықтамасына жауап бергенде, 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS ақпаратты қосымша ашуды талап етуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]