Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

1 Осы стандарт құрылысқа жасалған келісімшарттар үшін мердігерлердің қаржы есептілігінде қолданылуы тиіс.

2              Осы Стандарт 1978 ж. бекітілген 11 Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттарын есепке алу ХҚЕС (IAS) халықаралық қаржы есептілігінің стандартын алмастырады.

Анықтамалар

3 Осы Стандартта мына терминдер төменде көрсетілген мәндерінде қолданылады:

Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған келісімшарт.

Белгіленген бағасы бар келісімшарт - бұл келісімшарт, оған сәйкес мердігер келісімшарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген мөлшерлемесіне келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін.

Шығындарды қосу келісімшарты - бұл құрылысқа жасалған келісімшарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі.

4              Құрылысқа жасалған келісімшарт бір объектінің ғимараты, мысалы, көпірлер, үйлер, бөгеттер, құбырлар, жолдар, кемелер мен үңгіме жолдар салу үшін жасалуы мүмкін. Мұндай келісімшарт құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе олардың түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді бірқатар объектілер құрылысы үшін де жасалуы мүмкін; мұнай өңдеу зауыттарын немесе басқа күрделі негізгі құралдарды салуға жасалған келісімшарттар осының мысалы бола алады.

5              Осы Стандарттың мақсаттары үшін құрылыстар салу келісімшартына мыналар жатады:

(a)        объектілерді салумен, мысалы, жобаларды басқару және сәулетшінің қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей байланысты жасалған келісімшарттар; және

(b)    объектілерді қиратуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған келісімшарттар.

6              Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар әр алуан қалыптастырылуы мүмкін, бірақ осы Стандартқа сәйкес олар белгіленген бағасы бар құрылысқа жасалған келісімшарттар және шығындарды қосу келісімшарттары ретінде сараланады. Кейбір құрылысқа жасалған келісімшарттар, мысалы, келісілген ең көп бағасы бар шығындарды қосу келісімшарттары жағдайындағы сияқты келісімшарттарының екі түрінің сипаттамасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мердігер 23- және 24-тармақтарда мазмұндалған жағдайларды құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды қай кезде тану керектігін анықтау үшін қарауы қажет.

4.Инвестициялық меншіктің кейінгі бағалануы.

Нақтылық инвестиция дегеніміз шаруашылық субьектілеріндегі белгілі материалдық өндірістік қорлардың, активтердің өсуіне, дамуына жұмсау үшін салынатын салымдар болып табылады.

Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары.

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерешеліктерінің бірі –шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субьектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

Бұл қағидалар:

- экономикалық мақсатқа сәйкестілік –ол сол немесе басқа әлеуметтік –экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады;

- шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде бір мемлекет, бір де бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серітестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;

- экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі обьектілерге бағыттауды білдіреді;

- Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы болып табылады. Оны жүзеге асырудың негізі –осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;

- ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.

Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]